Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Уақытты бағдарлай білу

31 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Мақсаты: Балаларға уақытты бағдарлай білуді үйрете отырып, күндіз түн туралы жалпы түсінік беру. Табиғаттың тылсым құбылысын көз алдына елестете отырып, сезінуге және қарым - қатынас мәдениетіне тәрбиелеу. Алған білімдерін тәжірибемен ұштастыра отырып тиянақтау, ойын шарықтату.

- Балалар, орнымыздан тұрып бір - бірімізге алақан жылуымызды беріп, бір бірімізге мейірлене қарайықшы.
- Балалар біз неге ұқсаймыз?
- Күнге ұқсаймыз.
Дұрыс айтасыңдар мен сендерді жарқырап шыққан күнге ұқсатып тұрмын.
- Бір - бірімізге жақсы тілектер айтайықшы.
- 1 бала Мен сендерге зор денсаулық тілеймін,
2 бала Мен сендерге шат күлкі тілеймін,
3 бала Ашық аспан тілеймін,
4 бала анамыз, әкеміз аман болсын. т. с. с
Күтпеген жағдай
есік қағылып Шынашақ балақай жылып кіреді.
- Мен уақытты білмеген соң адасып қалдым маған көмектесіңдерші.
Жарайды балақай, уақытты білмей адасып қалсаң бүгінгі сабағымызды уақытты бағдарлауға арнап, Шынашаққа көмектесейік.
- Балалар таңертең ұйқыдан тұрған соң не істейміз?(балалардың жауабы)
Мына суреттерге қарайықшы, балалар не істеп жатыр?
1 суретте жаттығу жасап
2 суретте жуынып
3суреттеас ішіп
4 суретте сабақ оқып
5 суретте серуенде
6 суретте ойнап жүр
Ал айнала қараңғы болды не істейміз?(Балалардың жауабы)
Яғни түн болғанда ұйықтаймыз.
- Үлестірмелі материалдармен жұмыс
Балалар сендердің алдарыңда конверт бар, сол конвертті ашып ішіндегі қүндіз жасалынатын жұмыстарды бөлек, түнде жасалынатын жұмысты бөлек орналастырамыз.(Балалардың жұмысы)
Дайын болған жұмыстармен танысу.
Менің бір қолымда күннің бейнесі, екінші қолымда түннің бейнесі бар, оларды қалай орналастырар едіңдер?(балалардың жауабы)
Сергіту сәті
Таң әлі атқан жоқ
Маңай бәрі қараңғы,
Әтеш ерте оянып,
Жан - жағына қарады.
Шынықтырып денесін,
Қанаттарын қағады
Ку - ка - ри - ку тұр - тұрлап
Оятады баланы.
балалар бүгін біз немен таныстық?(балалардың жауабы)
Қазір біз сабағымызды нақтылай түсу үшін "Күн мен түн"- деген ойынды ойнаймыз
ойын шартында "күн"- дегенде жеңіл іс - қимыл жасайды,"түн"- дегенде баяу қимыл жасайды.
Бүгінгі сабаққа бәрің де жақсы қатыстыңдар, жарайсыңдар.
- Шынашақ; балалар сендерге рақмет мен енді уақытты бағдарлап ажырата алатын болдым, енді мен қайтайын атам мен әжем мені іздеп қалған шығар, сау болыңдар!
Сау бол балақай!
18 285
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бос уақытты өткізу туралы идеяларды жинақтау
Бос уақытты өткізу туралы идеяларды жинақтау
Бос уақытты өткізу туралы идеяларды жинақтау
Уақытты бағдарлау
Уақытты бағдарлау
Уақытты бағдарлау. Таңертең, түс, бесін, кеш, түн уақыт терминімен таныстыру. Апта күндері туралы түсініктерін нақтылау. Балалардың ойлау қабілеттерін арттыру, зейінін дамыту.
Жыл. Ғасыр.
Жыл. Ғасыр.
Уақыт бірліктерімен (тәулік, апта, ай, жыл, мүшел, ғасыр) және олардың арақатынасымен таныстыру; өзара кері есептер құру және шығаруды.
Жер әлемі
Жер әлемі
Сабақта балалардың ғаламшар туралы білімдерін тиянақтау, судың қасиеттерін тәжірибелер көрсету арқылы білімдерін молайту.
Мен болашақты суреттеймін
Мен болашақты суреттеймін
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, «Ақбота» балабақшасының информатигі: Рахымбергенова Гулназ Ғалымжанқызы
Уақытты бағдарлау
Уақытты бағдарлау
Сабақтың тақырыбы: Уақытты бағдарлау
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×