Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыстап қалатын құстар

31 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім салалары: Таным
Бөлімдері: Экология негіздері
Тақырыбы: Қыстап қалатын құстар
Мақсаты: Құстардың сыртқы пішіні, мінез - құлқы туралы балалардың білімдерін тиянақтау. Қыстап қалатын құстар туралы мәлімет беру. Балаларды белсенді әңгімелеуге ынталандыру. Қанатты құстарға деген сүйіспеншілікке, қызығушылыққа, құстарға қамқорлық жасауға, күтіп баптауға тәрбиелеу. Дыбыстарды анықтап, нақты айтқызу.
Алдын - алу жұмысы: Серуенге бақылау. Көркем шығарма оқу.
Билингвальдық құрауыш: Қауырсын, тұмсық, сары шымшық, суық торғай
Керекті материалдар: Қыстап қалатын құстардың суреті
Қызметтің кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті

Мотивациялық түрткі болатын Шаттық шеңбері
Сабақтың барысы.
Балалардың алдына қыстап қалатын (сауысқан, суықторғай, сары шымшық, қарға, торғай, тоқылдақ) және ұшып келетін құстың суретін көрсету.
Балаларға қойылатын сұрақтар:
1. суреттен не көріп тұрсыңдар?
2. бұл құс екенін қалай анықтадың?
3. Мына қатарда қандай құс артық, неге (қараторғай - қанаты мен ұшады, қыстамайды, көктемде ұшып келеді)?
4. Қалай ойлайсыңдар, біздің сабағымыздың тақырыбы қандай екен.
Қыстап қалатын құстар:
- Сыртқы түрінің құрылымы
- Тұратын ортасы.
- Көбеюі
- Проблема
- Қиындықтарды шешу жолдары
Ұйымдық - іздену Сергіту сәті.
Картатека №7
Балаларға қойылатын әр бөлімде сұрақтар бар:
1. Сыртқы түрінің? құрылымы:
- құстың сыртқы түрі туралы не әңгімелеп беру.
- Құс жүнінің түсі қандай?
- құс аяғының, кеудесінің, тұлғасының мөлшері қандай?
- Тұмсығының пішіні қандай?
2. Тұратын ортасы;
- Бұл құстар қайда өмір сүреді?
- Олар қайда қонақтайды?
- қала маңына неліктен ұшып келеді?
3. Көбеюі:
- қыстап қалатын құстар балапан шығара ма?
- Ондай құс бар ма, болса атаңдар?
4. Проблема;
- Қыстап қалатын құстарда қандай қиындықтар кездеседі?
5. қиындықтарды шешу жолдары Балаларға берілетін тапсырмалар:
- Қысқы орман" мәтінін оқу;
- Суреттен кез келген құсты қалап, сол туралы баяндау;
- Кестеден қыстап қалатын құстарды? аттарын қағаз бетіне түсіру;
- Сауысқан, қайшыауыз, тоқылдақ? т. б. таңдауларымен мәтін оқу;

Рефлекстік түзету - Сөзжұмбақ шешу;
- Қыстап қалатын жаңа құстардан не білді??
қыстап қалатын құстардан тағы не білгің келеді?
Сабақ соңында қыстап қалатын кұстар тақырыбына "құстар мен автомобиль" ойынын өткізу.

Сұрақтарға толығымен жауап бере білді.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Қыстап қалатын құстар
Түсінуге тиіс: Олардың қайда өмір сүретінін
Істей білуі керек: Сергіту жаттығуларын орындай білу
51 159
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар туралы білімдерін кеңейту. Құстар туралы тақпақ, мақал - мәтелдер мен жұмбақ шешкізу арқылы балалардың тіл байлығын арттыру. Табиғатты, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен танысу. Балалардың қыс мезгілінде құстарға қамқорлық жасауға белсенділігін арттыру. Сөздік қорын дамыту. Балаларға адамгершілікке табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Балаларға құстардың аттарын айтып таныстыру.
Қыстайтын құстар қайда тұрақтайды?
Қыстайтын құстар қайда тұрақтайды?
Қыстап қалған құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың сыртқы белгілері бойынша ажыратуды үйрету. Табиғатты сүюге, табиғатқа қамқор болуға үйрету.
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
Тақырыбы: Қыстап қалатын құстар
Суықторғай бізде қонақта
Суықторғай бізде қонақта
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы "№1 бөбекжай - балабақшасы" КҚКМ Ажыбаева Назгул Жолдыгазиновна
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
ШҚО, Аягөз қаласы қалалық қазақ мектеп – гимназиясы Садуакасова Гульназ Серікжанқызы Мақсаты: 1. Балалардың қыстап қалатын құстарды атап, олар жайлы түсініктерді кеңейту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×