Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ш дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасау

08 сәуір 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Сабақтың тақырыбы: Ш дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасау
Мақсаты
Білімділік:
Түзетушілік: Фонематикалық есту қабілеттерін жетілдіру. Логикалық ойлау, таным процестерін жетілдіру. Соз қорын молайту, байланыстырып сөйлеу тілін жетілдіру.
Тәрбиелік: Сұраққа толық жауап беруге, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, достарын тыңдауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Заттық суреттер (шағала). Таяқшалар, схема.
Сөздік жұмыс: Шағала

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Кәне, балалар жарты шеңбер жасап тұрайық!
- Балалар, осы аптада біз не туралы айтып жатырмыз?
- Қысқа тән құбылыстарды айтыңдаршы!
-- Қыста күн суық болады. Қар жауады.
- Жарайсыңдар, ендеше бір - бірімізге жылы лебіздер білдіріп, жүрекшені берейік.
- Балалар. Сен үлкен ер - азамат болып өсіңдер.
- Жарайсыңдар, орнымызға отырайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Балалар, маған өздерін танитын әріптердің ұяшығын көрсетіп, атап беріңдерші.

ІІІ. Сабақтың тақырыбын баяндау.
- Балалар мынау қай әріп? (Ш әрпі)
- Ш дыбысын бәріміз бірге айтайықшы!
- Ш - ш - ш
- Ш дыбысы қандай дыбыс?
- Иә, дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
- Ендеше, балалар бүгін Ш дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасаймыз.

ІV. Дыбыстың сөздерде дұрыс айтылуын машықтандыру.
- Балалар, тақтаға қараңдаршы!
- Ш әрпі және буындар берілген. Олар стрелкамен көрсетілген. Ендеше ш әрпін буындарға қосып оқиық. Ш А Н А
- ША ҒА ЛА ШАҒАЛА
- Балалар, сендер шағаланың не екенін білесіңдер ме?
- Шағала дегеніміз құс, ол судың маңайында тіршілік етеді.

VI. Фонематикалық есту қабілетін дамыту.
- балалар, кәзір «Зейінді бол» ойының ойнаймыз.
- Мен, сендерге дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтамын, ал сендер, дауысты дыбысты естігенде қызыл текшені, дауыссыз дыбысты естігенде көк текшені көтересіңдер.
- А, Н, Е, В,, С, О, О, О,
- М, Н, Г, Ш, А, Б, А, У, Ұ, Ұ, Ұ
- М, А, Р, О, М, Н, О, Ұ, К
- Жарайсыңдар, балалар!

V. Оқып жатқан дыбысқа талдау жасау.
- Балалар, ендеше шағала деген сөзге дыбыстық талдау жасайық.
- шағала сөзін бәріміз айтайықшы. Шағала...
- Шағала сөзінде неше дыбыс бар?
- неше дауысты дыбыс бар?
- ережені кім айтады?
- Иә, бір сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша бьуын болады екен.
- Шағала сөзін буынға бөлейік. Ша - ға - ла.
- Бәріміз орындадық па?
- бірінші дыбыстың астын сызып көрсетші!
- Екінші дыбыстың астын сызып көрсетші!
- Үшінші дыбысты көрсетші.
- Соңғы дыбысты аташы!

VI. Бекіту.
Балалар, енді «Ұшты, ұшты» ойының ойнайық.
Мен ұшатын, ұшпайтын заттарды айтамын.
- Ал, сендер ұшатын нәрселерге ғана қолдарыңды көтересіңдер.

VII. Үйге тапсырма.
Ш дыбысы бар он сөз ойлап келеміз.
VIII. Қорытынды. Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде не үйрендік.
- Иә, Ш дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасадық. Ойын ойнадық.
25 488
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұ дыбысы мен әрпі
Ұ дыбысы мен әрпі
Ұ дыбысының артикуляциялық ерекшеліктерін түсіндіру, айтылу ерекшеліктерін қалыптастыру. Ұ дыбысын дауыстап дұрыс айтуға үйрету.
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Л дыбысы мен әрпі
Л дыбысы мен әрпі
Балалар қанекей бүгінгі оқу іс - әрекетімізді бастамас бұрын бір - бірімізге жылы лебізімізді білдіріп, көтеріңкі көңіл күй сыйлайықшы.
С дыбысымен сиқырлы орманға саяхат
С дыбысымен сиқырлы орманға саяхат
Қызылорда қаласы, "Бегім Ана" балабақшасының логопеді Жанат Рахатқызы Есниязова
С дыбысы және әрпі
С дыбысы және әрпі
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы «Балапан» балабақшасының әдіскері А.Килибаева
Ұ дыбысы мен әрпі
Ұ дыбысы мен әрпі
«Балапан» балабақшасының әдіскері А.Килибаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×