Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін анықтау

26 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін анықтау

Адам қабілетінің әрқилы болатынын оқу үрдісінде көріп, байқап жүрміз. Кейбір оқушының ойлау жүйесі мен зерделеу деңгейінің өзге тұлғаластарынан жоғарырақ тұратынын шындық. Ойлау мен зерделеу деңгейін анықтау диагностикасын кез - келген сабақта жүргізіп, бақылауға болады және оның маңызы оқытуда өте зор. Мәселен 10 сөзді оқушыға 30 секундте оқып беру және есте қалған сөзді жазу сұралады. Есте ұстаудың ерікті және еріксіз түрі болады. Ортаңғы буында, жоғары сыныптарда қай пәннен болса да қолдануға болады. Мысалы: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінде тақырыппен ұштастырып, дамыту мүмкіндігі мол. Зат есімдерден 10 сөз, сын есімдерден, етістіктерден т. б. Айталық: бақша, қияр, қауын, қарбыз, еңбек, шыдамдылық, нәтиже, өнім т. т Енді осы берілген сөздерді түгел есте сақтау үшін, оны зерделеу немесе қиялды дамыту, іске қосу қажет. Яғни, бақшада қияр, қауын, қарбыз өсіреміз. Бұл үлкен еңбекті, шыдамдылықты қажет етеді. Осы қасиеттер бойыңда болса, жақсы нәтижеге жетіп, мол өнім аласың.
Мұндай әдісті математика пәндерінен де қолдануға болады. Тәжірибемде қолданылған 2 класс оқушыларымен жүргізілген есте сақтау, жалпы танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында берілген тапсырмалар үлгілері мынадай: әріптестеріме ұсынамын.

Мақсаты: Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
1. Есту арқылы есте сақтау. 10 сөз оқылады. Балалар есте қалған сөздерді жазу керек.
І слайд
1) парта 3) көбелек 5) сағат 7) маса 9) жылан
2) кітап 4) машина 6) шелек 8) сабын 10) теледидар
2. Көріп есте сақтау. Оқушыларға слайдтан 10 сөзді дауыстап оқылады. Оқып болған соң жазу жабылады. Оқушылар көрген, есте сақтаған сөздерін жазады.
ІІ слайд
1) Алма 3) табиғат 5) күн 7) жолбарыс 9) шелек
2) Инелік 4) торғай 6) машина 8) парта 10) орамал
3. Бейнелеп есте сақтау
Слайдтан 10 сурет көрсетіледі. 30 секундтан соң, сурет жабылады. Оқушылар көргендерін жазады.
ІІІ слайд
1) Жылқы 3) ешкі 5) бағдаршам 7) қайшы 9) кеме
2) Балалар 4) телефон 6) арыстан 8) құлақшын 10) сурет
4. Сандарды есте сақтау. Слайдтан 30 секундтан соң, оқушылар есте сақтаған сандарын жазулары сұралады.
ІV слайд
1) 50 3) 8 5) 82 7) 64 9) 19
2) 2 4) 40 6) 7 8) 33 10) 26

5. Зейін дәрежесін анықтау. Слайдтан 10 сурет көрсетіледі.
V cлайд
содан соң 16 сурет көрсетіледі, соның ішінен 1 - ші суретте көрген суреттерін табу керек.
VІ слайд
Қорытындысы: әр тапсырмадан баланың есте сақтаған сөзін 100 - ге көбейтіп, барлық берілген, яғни 10 - ға бөлеміз.
9 036
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Логика курсының бағдарламасы
Логика курсының бағдарламасы
Берілген логика курсының бағдарламасы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасап отырып, баланы іздемпаздыққа және өзіне сенімді болуға, ақыл ой деңгейін қалыптастыруға бағытталған материалдармен қамтылған.
Жолтай Әлмашұлы. Қауын мен Қарбыз
Жолтай Әлмашұлы. Қауын мен Қарбыз
Іші жұмсақ, сырты қатты, Етті - секер, сүті - тәтті. (Қауын)
Жолтай Әлмашұлы. Қауын мен Қарбыз
Жолтай Әлмашұлы. Қауын мен Қарбыз
ертегіде кездесетін оралымды сөз мағыналары ұшырасатын үзінділерді талдау арқылы ойлау қабілеттерін жетілдіреді;
Бақшада
Бақшада
Бақшада өсетін көкөністерді қайталау. Олардың қандай пайдалығы бар туралы сөйлесу. Фонетика, көптік жалғау, тәуелдік жалғаулары бойынша өткенді пысықтау.
Күз сыйы
Күз сыйы
Табиғаттағы өзгерістер туралы балалардың білімдерін қалыптастыру.
Қауын мен Қарбыз
Қауын мен Қарбыз
Атырау облысы, Атырау қаласы, Қ. Смағұлов орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ажигалиева Гулзира Ажигалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×