Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Спортты – біз сүйеміз

03 мам 2013, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
"Спортты – біз сүйеміз" Отбасылық жарыс.

Мақсаты: Балалар ата – аналарды спорттық ойындарды орындата отырып спортқа деген қызығушылықтарын арттыру – Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Ι Барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті қонақтар ата – аналар, балалар бүгінгі "спортты біз сүйеміз" атты
Отбасылық жарысқа хош келдіңіздер.
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Денсаулығың мықты боларсың.

Назым: Денсаулық ол – күлдің,
Көңіл – күйің жадырай.
Денсаулық ол – жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.

Нұрсұлтан: Денсаулық ол – шыныққан,
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол – тыныққан,
Жүйке тамыр жүйесі.

Асылым: Басты байлық – денсаулық,
Бабаң айтқан даналық.
Сақта жолын сен тауып,
Осы шақтан, балақай.

Еркемай: Жақсы бала құлақ сап,
Айтқаныңды ұғады.
Төсегінен тұра сап,
Таза ауаға шығады.
Жақсы бала ол Анық,
Істемейді шалалық.
Тап – таза боп жуынып,
алады өзі таранып.

Асыланбек: Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.

Ендеше жарысқа қатысатын балалармен ата – аналарды шақырамыз.
(әр отбасы орындарына келіп тұрады).

Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Жарысымызды бастамас бұрын, әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1. № 13 "бөбек" бала – бақшасының меңгерушісі-------
2. № 13 "бөбек" бала - бақшасының әдіскері-----------
3.
Спорттың жарысымыз 5 болдың жүйемен бағаланады. Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.

Ал енді құрметті сайыскерлер!
Сіздерге сәт сапар!
Жарысымызды бастаймыз.
1. "Барыс" тобын ортаға шақырамыз.
Топтың ұраны: "Бәріміз біріміз үшін,
Біріміз бәріміз үшін".
2. "Жасұлан" тобын ортаға шақырамыз.
Топтың ұраны: "Біз балауса жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан".
3. "Қайсар" тобын ортаға шақырамыз.
Топтың ұраны: "Біз шымыр сергек денеміз,
Өнер сүйер өренбіз".
4. "Қыран" тобын ортаға шақырамыз.
Топтың ұраны: "Спорт деген өнерге,
Ат саламыз бәріміз".

1 – ші Жарысымыз "допты" мәреге жеткізу.
(ойынның шартымен таныстырып, көрсету).
(әзіл қазылардың ұпайларын тыңдау).

2 – ші Жарысымыз "баулинг" деп аталынады.
(ойынның шартымен таныстырып, көрсету).
(әзіл қазылардың ұпайларын тыңдау).

3 – ші Жарысымыз "кенгуру" деп аталады.
(ойынның шартын түсіндіру, доп екі аяқтың ортасына қысып секіріп келу).
(әзіл қазылардың ұпайларын тыңдау).

4 – ші Жарысымыз "өрмелеу" деп аталады.
(ойынның шартын түсіндіру)
(әзіл қазылардың ұпайларын тыңдау).

5 – ші Жарысымыз "вилосипед" деп аталады.
(әр отбасы баласын велосипедке отырғызып кедергілерден мүдірмей өту).
(әділ қазылардың ұпайлары).

6 – ші Жарысымыз "кім жылдам" деп аталады. Әрбір топ өз баласымен құрсау ішінде кедергілерден жылдам өтіп келу.

ІІІ Қорытынды бөлім.
Жарысымыз мәре келіп жетті. Енді жеңімпаздарды анықтап марапаттау.
Сөз кезегі әділ қазыларға беріледі. Сонымен қатар жарысқа қатысқан балалармен ата – аналарына алғыс хат сыйлықтар табыс етіледі.
Құрметті қонақтар! келгендеріңізге көп – көп рахмет.
18 141
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Біз шыныққан баламыз. Спорттық ойын
Біз шыныққан баламыз. Спорттық ойын
Салауатты өмір салтын, дене мәдениетін қалыптастыру. Балаларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа, өз отбасына, достарына қайырымдылық, сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелеу.
Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ
Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ
Оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігі, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену; Ой – өрістерін, сана, сезімдерін, шығармашылықтарын дамыту;
Денсаулық фестивалі
Денсаулық фестивалі
Қызметкерлердің салауатты өмір салтына өз үлестерін қосуға үндеу, қызығушылықтарын арттыру, ауызбіршілікке, біріккен іс әрекетке баулу.
Шынықсаң шымыр боларсың!
Шынықсаң шымыр боларсың!
Денсаулық ол шыныққан, барлық дене мүшесі, Денсаулық ол тыныққан, жүйке тамыр жүйесі.
Толағай
Толағай
«№60 бала бақшасы» Майбасова Жанар Испаниярқызы
«Толағай» отбасылық сайыс
«Толағай» отбасылық сайыс
ШҚО, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Закишев Ержан Берікқазыұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×