Білімділер поралы

Қызықты математика

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Математика.
Білім саласы: «Таным»
Білім саласын кіріктіру: «Таным» шығармашылық.

Тақырыбы: Қызықты математика.
Мақсаты: Балалардың сан санау ұғымын кеңейту дамыту. Салыстыру, санау, санамақ айту арқылы сөздік қорын молайту.
Көрнекіліктері: суреттер, сандар таңбасы, санайтын таяқшалар.

Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, салыстыру.
Оқу әрекеті:
Тәрбиешінің іс - әрекеті:
Ұйымдасты - рушылық ізденушілік
Ұйымдастырушылық оятушылық.

Баланың іс - әрекеті:
Балалар шаттық шеңберіне жиналады.
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жайнай түсті даламыз.
Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Сабақтың барысы:
Тәрбиеші сұрақтар қою арқылы сабақты бастайды.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір жылдың Көктем мезгілі.
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Үш ай бар.
- Атап беріңдер?
- Наурыз, сәуір, мамыр.
- Ал енді, балалар доп лақтыру ойынын ойнағыларың келе ме?
- Ия, келеді.
«Доп лақтыру» ойыны.
Бір аптада неше күн бар?
Бір аптада 7 күн бар.
Апта деген ағайдың жеті бірдей ұлы бар.
Біріншісі – дүйсенбі.
Екіншісі – сейсенбі.
Үшіншісі – сәрсенбі.
Төртіншісі – бейсенбі.
Бесіншісі – жұма.
Алтыншысы – сенбі.
Жетіншісі – жексенбі.
Бүгін қай күн?
Бейсенбі.
- Бүгін ауа - райы қандай?
- Ашық, жылы, тамаша.
- Олай болса балалар осындай ашық, жыл, тамаша ауа - райында саяхатқа барғыларың келе ме?
- Барғымыз келеді!
(Автобусқа отырамыз).
Онда біз қызықты математика еліне саяхатқа шығамыз.
Балалар қызықты математика еліне саяхатқа жасауға қандай көлікке отырамыз.
Автобустың жүргізушісі бір себептермен келе алмай қалыпты, сондықтан өз ортамыздан сайлап алғанымыз жөн. Ол үшін санамақ атуымыз керек.
Алма кетті домалап,
Көше бойын жағалап
Кім алманы табады,
Сол ойыннан шығады.

Балалар біздің көлігіміз неге тоқтап қалды?
Бағдаршамның қызыл көзі жанып тұр.
Бағдаршамның көлемдері қандай?
Домалақ, шеңбер.
Түстері қандай?
Қызыл, сары, жасыл.
Әдемі:
Бағдаршам туралы тақпақ кім біледі?
Тәрбиеші:
Балаларды жол ережесі бағдаршам туралы таныстырып өтеді.
Әрі қарай жүрейік,
Бағдаршамға қарайық
Қызыл көзі жанғанда Қозғамайық, тұрайық.
Сары көзі жанғанда,
Жүруге дайын болайық.
Жасыл көзі жанғанда,
Жылдам өтіп алайық.

Келесі аялдама.
«Қызықты математика елі».
Балалар мен сендердің алғыр, тапқыр, шапшаңдықтарың - мен мектепке баратындарыңды білемін. Ол үшін менің бірнеше тапсырма, ойындарым бар. Соларды орындай аласыңдар ма?
Балалар: Ия, орындай аламыз.
Тапсырма. Қоян мен қожықтың сүйікті тағамы қандай?
Қоян – сәбіз.
Қонжық – бал.
Тапсырма. Логикалық сурет.
Балалар суретте қанша күшік тұр? Неше сүйек?
Әр күшікке қанша сүйектен бөліп береміз?
4 күшік, 4 сүйек.
1 күшікке, 1 сүйектен.
Д/О. Таяқшылар (Есте сақтау).
Шарты: санау таяқшаларынан құралған пішінді көрсетіп, 1 - 2 секунд оны бала өзі құрастыру керек.
Үй
Жұлдызша
Шырша
Қар.
Құстарға қамқорлық танытып геометриялық пішіндерден ұя жасайық.

4. Тапсырма. Салыстыру.
1, 2, 3, 4, 5 ке дейінгі сандарды тура және кері санау.

Сергіту сәті:
Балалар қимылмен орындайды.
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір.
Сағатқа қарап - ақ,
Жаттығу оңай - ақ.
Қарлығашқа ұқсайық,
Қане, қанат жазайық.
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып - ұшып қонайық.

Тәрбиеші:
Үйге келді Мадияр,
Оған қоса Алдияр.
Кейін келді Айдана,
Қанша болды бар бала?
- 3 бала.
Пішіндерден ұя құрастырады.
Тәрбиеші:
Балалар сендер өте жақсы тапсырма орындадыңдар.
Осы жұлдыздай жарқырап жүріңдер.
Балалар сендер бүгін қандай тапсырма орындадыңдар?
Балалар сендер нағыз алғыр, білімпаз, өнерлі балалар екенсіңдер.
Сурет бойынша есеп құрастырдық, логикалық есептерді шештік, геометриялық пішіндерді атадық.
Жүректен – жүрекке.
Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір - біріне жылы тілектерін айтады.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық!

Күтілген нәтиже:
Білуі керек: Логикалық есептерді шеше білу керек, сан санау ұғымын кеңейту.
Болу керек: Ойлау қабілеттері, білімге деген құштарлығы.
Үйрену керек: шапшаңдыққа, шыншылдыққа, адамгершілікке баулу.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Bekamaster
    Жазған: Bekamaster
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 151
Қолданушылар: 3
Қонақтар: 148
Роботтар: 3
Кауменова Сания altyngul Алтынай Орыспайқызы
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика