Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шұбар тауық

07 мам 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы; "Шұбар тауық"
II - кішкентайлар тобы
Мақсаты: Балаларды ертегіні зейін қойып, аяғына дейін тыңдауға үйрету. Тәрбиешінің сұрақтарына анық жауап беруге, бірінің - бірі жауабын тыңдауға, өз - өздеріне сенімділікке, кейіпкерлерге деген мейірімділік, аяушылық сезімге тәрбиелеу. Белсенді сөздік қорларын, дамыту. Түстерді, геометриялық пішіндерді ажыратып, құрастыруға деген қызығушылықтарын арттыру.

1. Шаттық шеңбер
(Балалар шеңберге тұрады.)
Қуыр - қуыр, қуырмаш,
Балапанға бидай шаш.
Түлкі келсе есік бас,
Әжең келсе есік аш.
Бас бармақ, Балаң үйрек,
Ортан терек, Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
Қуыр - қуыр, қуырмаш.,
Тауықтарға тары шаш.
Шеп - шеп - шеп.
- Балалар, ертегі тамашалағыларың келе ме?
(Балалардың назарын экранға аудару)

2. Ертегі: «Шұбар тауық»

3. Сөздік ойын: « Кім тез жауап береді?»
(Ертегі желісі бойынша сұрақтар беру)
- Қандай ертегі көрдіңдер? (Шұбар тауық)
- Шұбар тауық кімдердің үйінде тұрды? (Ата мен әженің үйінде тұрды)
- Шұбар тауық ата мен әжеге қандай жұмыртқа туып берді? (Алтын жұмыртқа)
- Жұмыртқаны не жарды? (Тышқан)
- Тышқан жұмыртқаны қалай жарды? (Құйрығымен қағып кетті)

4. Психологиялық гимнастика: «Көңіл - күй»
- Ата мен әже алтын жұмыртқаны көргенде қалай таңданды? (Таңдану)
- Алтын жұмыртқа жарылып қалғанда қалай ренжіді (Көңілсіз)
- Жай жұмыртқа туып бергенде қалай қуанды? (Қуану)
Қыт - қыттап Шұбар тауық келеді
Шұбар тауық: - Сәлеметсіңдер ме, балалар, қыт - қыт - қыт.
Балалар: - Сәлеметсіз бе!
Шұбар тауық: - Мені таныдыңдар ма?
Балалар: - Иә, таныдық, Шұбар тауықсың.
Шұбар тауық: - Мен сендерге ойындар әкелдім. Егер ойындарды дұрыс ойнасаңдар, менің мына жұмыртқаларым ашылады.
Тәрбиеші: - Шұбар тауық, біздің балалар ойын ойнағанды ұнатады.

5. Дидактикалық ойын: «Суретті ретімен қойып, әңгімеле»
(«Шұбар тауық» ертегісі бойынша бейнеленген суреттерді ретімен қойып, әңгімелеп береді

Тәрбиеші: (жұмыртқаны қолына алып ) – Ой, балалар, мына жұмыртқадан бір дауыс шығады – деп қолына алады. (Ішінен шиқылдап, балапан шығады)

Балалар: - Балапан. (балалар таңданады)
Шұбар тауық қыт - қыттап рахмет айтады.

6. Дидактикалық ойын: «Геометриялық пішіндерді ата және сипатта»
2 - ші жұмыртқа ашылып, балапан шығады.

7. Дидактикалық ойын: «Балапанды пішіндерден құрастыр»
3 - ші жұмыртқа ашылып, балапан шығады.

Дидактикалық ойын: «Неше балапан, неше жұмыртқа»(санау)
- Шұбар тауық: - Жарайсыңдар, балалар, жұмыртқаларымды ашуға көмектескендеріңе рахмет!
- Балалар: - Шұбар тауықпен бірге, ән айтып би билейік.
Ән «Шөжелерім» (музыкамен)
Шеп - шеп шеп - шеп шөжелерім,
Сары алтындай балапаным.
Тез жетіңдер жем беремін,
Дәнге толы алақаным.

Шұбар тауық: - Балалар, сендермен өте көңілді болды. Мен сендерге сыйлық ала келдім (сыйлық – киндер жұмыртқаларын балаларға таратады)
Мені атаммен әжем іздеп жүрген болар, мен енді үйге қайтайын, сау болыңдар балалар.
25 189
0
  • 100
1 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Наурыз келді
Наурыз келді
Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден ерекшелігін түсіндіру. Мерекелік тілектер, дәстүрлер туралы түсінік беру. Балаларды халқымыздың салт - дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Шұбар тауық
Шұбар тауық
Баяғыда бір әжей мен атай күнін әзер көріпті. Олардың жалғыз шұбар тауығы болыпты. Тауық бір күні алтын жұмыртқа тауыпты. Атай жұмыртқаны жерге ұрыпты, бірақ әлгі жұмыртқаны жара алмапты, әжей де ұрып – ұрып жара алмапты.
Шұбар тауық (театрландырылған ойын)
Шұбар тауық (театрландырылған ойын)
Театрландырылған қойылым арқылы балалар тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету, кейіпкерлердің іс - əрекеті мен дауыс ырғақтарын сəйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу, ертегі барысын, мазмұнын ұғынуға,
Ертегі еліне саяхат
Ертегі еліне саяхат
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қалалық "№ 1бөбекжай балабақша" КҚМК Жұлдыз тобының тәрбиешісі: Ахметова Дания Кадировна
Ертегілер әлеміне саяхат
Ертегілер әлеміне саяхат
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылы, №11 «Балауса» балабақшасы педагог – психолог Пазылова Айсұлу
Үй құстары
Үй құстары
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, № 19 арнаулы түзеу мектебі мұғалімі Жиенбекова Баян Советовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.