Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жабайы аңдар

07 мам 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Жабайы аңдар

Мақсаты: Жабайы аңдармен таныстыру.
Білімділік: Жабайы аңдардың атын дұрыс айтуға үйрету.
Балаларға сұраққа толық сөйлем құрап, жауап беруге үйрету.
Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, тіл мәдениетін жетілдіру.
Жабайы аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстыру, қоректенуі туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: Аңдардың түр - түстеріне көңіл аударып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Жабайы аңдар суреттері, бейнетаспа, құрастырма суреттер, орман көрінісі.

Ұйымдастыру, амандасу, шаттық шеңбері.
- Армысың алтын күн!
- Армысың көк аспан!
- Амансың ба жер ана!
- Саламатсыз ба, балабақша?!
- Саламатсыз ба, Қонақтар?!
Енді қоян болып секіріп орнымызды табайық.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі? - Қыс мезгілі.
Қыста күн қандай болады? - Айнала аппақ қар, аяз, боран соғады.
Қыс айларын ата - Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Қазір қай ай? - Ақпан айы.

Тәрбиеші: Енді балалар жаңа сабағымызға көшеміз, Тақырыбы: «Жабайы аңдар»
Есік қағылды орманнан хат тасушы апай келді.
Сәлеметсіздер ме, балалар? Бұл қай топ?
- Бұл «Балапан» тобы.
Мен сендерге орманнан хат әкелдім.
Тәрбиеші: Кел балалар хатты ашып көрейік.
Балалар сендерге ормандағы жабайы аңдар өздерінің суреттерін салып жіберіпті. Балалар бұл аңдарды танисыңдар ма, Қане атын атап көрейікші.
- Қоян қандай? - ақ
Қасқыр қандай? - көк
Түлкі қандай? - қызыл
Арыстан қандай? - сары
- жолбарыс қандай? - ала.
Арыстанды аң патшасы деп атайды.
Балалар бұл аңдарды сендер қайдан көрдіңдер?
- Суреттерден, теледидардан көрдік.
Балалар жабайы аңдар орманда, таулы жерлерде мекендейді.
Олар өз азықтарын өздері тауып жейді.
Жабайы аңдар жыртқыш және пайдалы болып бөлінеді.
Аңдардың бізге пайдасы мол, олардың терісінен тон, жаға киімдер, бас киімдер тігеді.
Немен қоректенеді?

Қасқыр мен жолбарыс өздерінен кіші аңдарға шабады.
Түлкі ұсақ аңдармен, тышқандармен қоректенеді.
Қоян: шөптермен қоректенеді, ең сүйікті тағамы – сәбіз.
Аю: жазда жеміс - жидектермен ал қыста ұйықтайды.
Ал енді балалар сендердің араларыңда жабайы аңдардың баласы немесе күшіктері отыр екен, оларды ортаға шақырып танысайық.
Қоянның баласы - көжек
Аюдың баласы – қонжық
Қасқырдың баласы – бөлтірік
Түлкінің баласы – түлкішек
Жолбарыстың баласы – шөнжік
Арыстанның баласы – абдан деп аталады. Осы аңдарымыз бізге тақпақтарын айтады.
Түлкі. Өзім айлакер, өзім қу,
Жүрген жерім айқай - шу.

Қасқыр: Қасқыр жортар түнімен
Күндес болып күнімен.

Аю: Аю отыр партада
Екі қолы қалтада,
Апай сабақ сұраса
Ұйықтап қалды масқара.

Қоян: Ақ қоянмын, қоянмын.
Үркек қоян сақ қоян
Дыбыс шықса қашамын,
Белдерден бір - ақ асамын.

Сергіту сәті
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп - теріп алайық
Қалтамызға салайық.
Енді біз бейнетаспадан жалпы басқада жабайы аңдар бар екенін көруге шақырамын. Аңдарға шолу жасау.

Қорытынды.
Дыбыстық жаттығулар:
- Ыр – ыр – ыр ырылдайды қасқыр,
- кі – кі – кі бұлаңдайды түлкі,
- Ян – ян – ян жүгіріп жүр қоян.
- Ю – ю – ю қорбаңдайды аю.
Балалар жұмбақ айтады.
Қалқиған құлағы бар
Елеңдеп қорқып тұрады.(қоян)
Қыс бойы ұйықтайды,
Көктемде оянады( аю)
Өзі айлакер, өзі қу,
Жүрген жері айқай - шу. (түлкі)
Құрастыру. Білімдерін бекіту.
Аңдардың қиылған суреттерін құрастыруға беріледі.
Балалар біз бүгін жабайы аңдармен таныстық.
- Олар қайда мекендейді?
- Қандай жануарлармен таныстық?
Балаларды мадақтау. Аңдардың бет пердесін сыйлыққа таратамын.
Бүгінгі сабағымызға қатысқандарыңа рахмет.
Орнымыздан тұрайық
Түзу сызық құрайық,
Көріскенше күн жақсы
Сау - саламат болайық.
27 564
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зообаққа саяхат
Зообаққа саяхат
Балаларға зообақ жайлы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау
Піл үлкен, тышқан кішкентай
Піл үлкен, тышқан кішкентай
Аңдарды қорғауға, қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға, дене мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.
Жабайы аңдар «Тапқыр қоян»
Жабайы аңдар «Тапқыр қоян»
Жабайы жануарлардың мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы туралы түсінік беру. Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін дамыту.
Жабайы жануарлар
Жабайы жануарлар
Жабайы аңдардың балаларының аттарын дұрыс айта білуге үйрету, олардың табиғаттың бір бөлшегі екендігін сезіндіріп, қамқорлық сезімдерін оят
Үй жануарлары мен жабайы аңдар
Үй жануарлары мен жабайы аңдар
Бастауыш сынып мұғалімі: Изатова Замира Өміржанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×