Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош бол балабақша!

07 мам 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Қош бол балабақша!
Балалар «Учать в школе» әуенімен залға кіреді.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, Ата – аналар, балабақша қызметкерлері және кішкентай ғана бүлдіршіндерім. Бүгін бізге қуанышты да, кішкене мұңды күн! Себебі, бүгін екі жыл мәпелеп өсірген, тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрине, бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын!

Асхат. Құрметті қонақтар, армысыздар,
Бәріңізде есен-сау бармысыздар?!
Қоштасатын күн келді бақшаменен
Апайларға айтатын алғысым бар.

Еркеназ М. Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын әнімізді бастайық.
Әдеппенен өнегені үйреткен,
Бақшамызды есімізде сақтайық!

Жүргізуші: Өтті қызық көп күндер
Бес жасқа да жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл ойларың.
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың!- деп
Мерекемізді әнмен жалғастырамыз.
Ән. Орындайтын: хор. «Біздің балабақша»

Біздің балалардың бақшаға арналған тақпақтарына кезек берейік.
1. Даяна. Балабақша бесігім
Тағы бір той жасайық
Ашып мектеп есігін
Өзіңмен қоштасайық.
2. Арсен О. Талай қызық той өткіздік
Бірақ орны бөлекше
Бақшамызбен қоштасатын
Бүгінгі той ерекше.
3. Айым. Сен үйреттің сөйлеуді,
Сенде ойым есейді
Мектепке барам мен енді,
Балабақшам қош енді.

4. Айнел С. Бес жасқа да толамыз
Әдепті бала боламыз
Қуантып ата – ананы
Мектепке кетіп барамыз.
5. Данат. Бүгін қызық, бүгін той
Біздер үшін біліп қой
Әнге салып би билеп,
Жалғастырсын ойды – ой.
6. Еркеназ Н. Оқимыз, білім аламыз
Болашақ жолын саламыз.
Бақшамызбен қоштасып,
Біз мектепке барамыз.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, алдарыңызда «Мен мектепке барамын» әнін Алина атты әнші қызымыз шырқап береді.

7. Ақарыс. Сезімді туған баламыз
Оянды ақыл санамыз
Адалдықтың бастауын
Өзіңнен асып барамыз.
8. Бейбарыс. Мектепке ертең барамыз
Оқимыз, сауық құрамыз
Қашық та болса арамыз
Сіздерге келіп тұрамыз.
Тәрбиеші: құрметті түлектер! Бұл сендердің балабақшадағы соңғы мейрамдарың. Сендермен барлық балабақша қызметкерлері қоштасады.

Тілші Айсауле. Шынымен мен кешігіп қалдым ба? Неге осылай! Үкіметке репортаж істеп сіздің балабақшадағы мерекеге кешігіп қалдым.
Тәрбиеші: Қорықпаңыз, құрметті тілші, біздің мереке енді ғана басталды. Біздің түлектерге, бақытты ата – аналарға қараңыз!
(Тілші әр түрлі тараптарда фотоаппаратпен шертеді.)
Тілші:
- Жарайды, міне барлығы да дұрыс болды.
- Мен көңілді тілшімін.
- Сіздерді мектепке шығарып салғым келеді.
Микрофонымды қосамын, сіздерден сұхбат алғым келеді.
Сұрақтарға бітірушілер жауап береді.
1. Сен өскенде кім болғың келеді?
2. Сен өз тәрбиешілеріңе не тілейсің?
3. Есейгенде балабақшада жұмыс істегің келе ме?
4. Мектепке барғың келе ме?
5. Онда қандай баға алғың келеді?
Қызықты сұхбатыңызға рахмет! (қол алысады)

Қазір бір минутке назар аударыңыздар.
Сурет ескерткішке! Күлімсірейміз, түсіремін!
Мен фотосуретті тез басып шығарамын және сіздерге сюрприз жасаймын.
Көңілденіңіз, мен әлі келемін. (қашады)

Тәрбиеші: Біздің балалар мектепке оқуға барғылары келетіні, білімді адамдар болғысы келетіні көп қызықтарды танығысы келетіні қандай жақсы.
Би. Келесі тамашалайтындарыңыз гүлдер тобының қыздарының орындауында түрік биі.
Бестік. Құрметті де сүйкімді балалар! Мені сендерге білім ханшайымы жіберді. Балалардың мектепке барардағы дайындығын тексер! – деп жіберді. Менің қолымда сұрақтар жазылған тапсырмалар бар. Сол сұрақтардың орындауын талап етемін. Сендер дұрыс жауап бересіңдер мектепке жолдамалар беремін.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 915
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері. Құрметті қонақтар, бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл үлкен той, үлкен мереке.
Қош бол балабақша!
Қош бол балабақша!
Қымбатты ата-аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар! Бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Олардың әр бірі балабақшадан білім деген іргетасын қалап, мектепте үлгілі
Қош бол, әсем бақшамыз!
Қош бол, әсем бақшамыз!
Жақсылыққа құмармыз, Жақсы адам болып шығамыз Таза сәби жүректен, Қабылдаңыз мың алғыс!
Қош, бол балабақша!
Қош, бол балабақша!
Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар бүгін біз бір жыл бойы мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.
Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
2 - Жүргізуші: Өте қызық көп күндер Алты жасқа жеттіңдер Барасыңдар мектепке Бір белестен өттіңдер Өсті ақыл, ойларың Өсті, міне, бойларың Қуанышқа ортақпын Құтты болсын тойларың
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Зал әсем шарлармен, ойыншықтармен және жалаушалар ілініп әдемі безендірілген. Балалар залға «Айгөлек» музыкасымен билеп көңілді кіреді. Би біткен соң жарты шеңбер құрып тұрады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×