Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош бол балабақша!

12 мам 2013, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
1. Жүргізуші: Қадірлі аналар мен әкелер, қымбатты аталар мен әжелер. Бүгін өте қуанышты, бірақ сәл көңілсіздеу күн деуге де болады, себебі бірнеше жыл аялап, тәрбиелеген балалармыз, енді біраз айлардан кейін алғашқы қоңырау сыңғырымен білім әлемінің есігі ашылады, яғни бір сөзбен айтқанда қоштасатын сәт те келіп жетті. Артқа ұмтылмас, естен кетпес уақыт қалды.
Олай болса түлектерімізді қарсы алайық.
2. Вед. Тақпақ
Балалар әдемі әуен ырғағымен, (қолдарында шар) билеп залға кіреді.
Балалардың тақпақтары.
Ән «Балабақшаға үшке тола есігін ашқанбыз».
Жүргізуші: Балабақша есігін осы отырған балалар үш жасында ашқан. Олай болса осы балалардың кішкентай кездерін еске түсірейік.
Көрініс:
1-бала: (Әндентіп айтады) Көңілденіп біз гаршокқа отырамыз – 3 рет
Төсек салып, ұйықтауға асықпаймыз – 3 рет.
Асықпай гаршокқа отырайық, әңгіме дүкен құрайық.
Кеше иен бір әдемі қызды көрдім, көзі қарақаттай. (муз ойналайды «У нее глаза...»)
2-бала: Ол қыздың ерні шиедей, беті қып – қызыл алмадай
3-бала: Ол не сонда махаббат па?
4-бала: Ол махаббат емес, ол оспа коревая!
3-бала: Ал, мен, болсам оны махаббат деп ойлаймын...
(гаршоктан тұрып кетеді).
2 сәбилер тобынан балалар би билейді.
Көрініс: (үлкен бабалар ойыншықтардың маскаларын киіп шығады)
Мысық: Мен ойыншық мысықпын,
Мейірлімін, пысықпын
Мектепте мені ойлаңдар
Мысық – тышқан ойнаңдар.
Қуыршақ: Мен әдемі қуыршақ
Көп ойынға түсіппін
Сендермен енді қоштасам
Бөбектермен достасам.
Машина: Машинамын, көлікпін
Мамандарға көніктім
Үйренген соң білімді
Білесіңдер тілімді.
Қоян: Ұзын құлақ қоянмын,
Көрген жоқпын жай жүріп
Сендерге жігер қосамын
Сау болыңдар достарым!
(2 сәбилер тобына ойыншықтарды сыйлық ретінде береді).
Би «Джексон»
Жүргізуші: Балалар сендерді бес жыл бойы күтіп, бағып, аялап, қадірлеп, еркелетіп өсірген, тәлім – тәрбие берген мамандарымызды ортаға шақырып жылы лебіздерін тыңдайық.
- Кімнен бастасайық екен?
- Әрине балабақшаның меңгерушісімен бастайық.
( Әуен ырғағымен айнаға қарап ханшайым кіреді)
Ханшайым: Мынау не деген әдепсіздік!
Менің рұқсатымсыз мына халық неге жиналып отыр?
Жүргізуші: Кешіріңіз, бізге балабақшаның меңгерушісі керек еді. Ханшайым: Не – е - е? Меңгеруші деймісің?
Жүргізуші: Ия, осы балалардың бастығы Райхан Алтынхановна.
Ханшайым: Не - е - е? Не 1 – ші адам ол мен. Балабақшада ғана емес, барлық патшалықта. (тронға барып отырады)
Мектепке бару үшін менің рұқсатым және мөр қойылған жарлығым қажет.
- Қане маған тездетіп осы жерге оқытушыны шақырыңдар.
(Мұғалім кіреді).
Мұғалім: Ханшайым шақырдыңыз ба?
Ханшайым: Мына балалар мектепке барамыз деп отыр екен. Мектепке бармастан бұрын білімдерін тексеріп ортаға салайық.
Мұғалім: Әрине Ханшайым айтқаныңыз болсын.
(балалардың білімдерін тексереді)
Ханшайым: Жарайсыңдар балалар, сендер мектепке дайын екенсіңдер.
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Менің бұйрығым.
«Мұрагер» тобының балалары өз білімдерін халыққа дәлелдеп, биыл күзде мектепке қабылдансын деп бұйырамын.
Дәлел ретінде өз мөрімді де басамын!!!
Сәт – сапар тілеймін! (мұғалім екеуі шығып кетеді)
Ән: «Қолға қалам алуды»
Балалардың тақпақтары.
Би «Вальс»
Жүргізуші: Балалар біз біз Райхан Алтынхановнаны таппадық. Мүмкін медбикеміз көрген болар.
Қане Айша медбикенің кабинетіне барып, шақырып келші.
Айша: Апай, Людмила Александровна жоқ, ал кабинетінде Бармалей отыр.
Жүргізуші: Не - е - е?
Әуен ырғағымен Бармалей кіреді.
Бармалей: Емделуді жек көремін
Жібердім оны алысқа
Ол – анда, ал мен – мында
Өйткені, мен Бармалей
Сәбилерді сүйемін
Дәрігерлерін сендердің
Испандардың елінде
Отыр екен мұңайып.
Би «Испанский»

Бармалей: Балабақша ішіне саяхат жасап келейін (шығып кетеді)
Жүргізуші: Испан елі дейді ме? Олай болса бәріміз құтқарайық дәрігерді.
Қараңдаршы балалар, Бармалейдің кемесі ғой!
Олай болса бәріміз, отырайық кемеге.
Ән шырқайық бәріміз
Тез жетеміз ол елге.
Ән ағылшынша. (кемеге отырып ән шырқайды)
Жүргізуші: Судың жағасын көрдім! Түсеміз!
Тақпақ
Милана: Ах, какая здесь жара!
Солнце ярко светит
Море синее блестит
Тюльпаны стройыные растут
Обезьяны там и тут
Нет ни снега, нет ни вьюги
Это значит мы на юге!

Би: «Матросы».
Ән: «Наш любимый детский сад»
Жүргізуші: Медбикені іздейміз деп
Шаршадық қой бәріміз
Әлия апайды шақырып, бойымызды сергітейік.
Сергіту сәтті (балалар шеңберге тұрып, қимылдар жасайды)
Жүргізуші: Көңілденіп бәріміз
Ән шырқайық........................
- Бұл не сұмдық? Неліктен?
- Түсінбедім, қалай болды?
(Бармалей музыка жетекшісінің орнында отырады.
Бармалей: Тыныш, тыныш, не айғай?
Айғай-шудан шаршадым,
Рұхсатымсыз осы елге, жеттіңдер ғой кемеммен
Сондықтан да Дана апайды, айналдырдым домбыраға
(Домбырамен ойнай жөнеледі)
Дана апайдың домбыраның ішінен дауысы шығады: Балалар, Бармалей мені домбыраға айналдырып жіберді. Өтінемін, құтқарыңдар мені....
Жүргізуші: Батырларды шақырып,
Құтқарайық апайды!

Би: «Батырлар»
Бармалей: Жарайды, жарайды
Медбикені де, Дана апайды да, сендерді де қайтарайын елдеріне.
Сыйқырлы бір сөзімді
Түсірейін есіме.
Көздеріңді жұмыңдар (муз. Ойналады)
Айым, Лайым, Сайм.
Бақшаға қош келдіңдер! (қашып кетеді)
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы келіп жеттік елімізге.
Күндік бойы іздеген балабақшаның қызметкерлері сендермен қоштасуға сыртта күтуде.
Олай болса, балабақшаның меңгерушісі – Райхан Алтынхановна

Мамандар ән айтады «Ұмытпаймыз сендерді» (шығып кетеді)
Тақпақтар
Ән «Тәрбиеші»
Вальс.
Жүргізуші: Міне, балалар, сендер көптен күткен қимастығы мен қуанышы бірдей мерекелеріңді барлық жақындарыңмен, дос – құрбыларыңмен тойлаудасыңдар. Осы залға жиылған әр жан сендерге қызыға, қуана қарап сәт сапар тілейді.
Бабабақшаның директорынан Райхан Алтынхановнадан сөз сұраймыз.
7 066
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері. Құрметті қонақтар, бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл үлкен той, үлкен мереке.
Келді,көктем құлпырып
Келді,көктем құлпырып
Құрметті аналар, әжелер, ару қыздар, әріптестер, балабақша бүлдіршіндері! Сіздерді көктемнің алғашқы қуанышы - 8 - наурыз төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Біздің сүйкімді бүлдіршіндеріміздің, яғни «Қарақия» тобының сіздерге арнаған «Келді, көктем
Қош бол, балалабқша!
Қош бол, балалабқша!
Қош бол, балалабқша!
Қош сүйікті бақшамыз!
Қош сүйікті бақшамыз!
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, №12 балабақша тәрбиешісі Сарыбаева СағынышШегебайқызы
Қош бол,балабақша
Қош бол,балабақша
«Қош бол,балабақша»
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Зал әсем шарлармен, ойыншықтармен және жалаушалар ілініп әдемі безендірілген. Балалар залға «Айгөлек» музыкасымен билеп көңілді кіреді. Би біткен соң жарты шеңбер құрып тұрады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×