Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күнге қонаққа бару

21 мам 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Математика.
Тақырыбы: Күнге қонаққа бару

Мақсаты: қоршаған орта жағдайында бір және көп заттарды ажыратып табу және айту біліктілігін үйретуді жалғастыру. Балаларға ересектер мен балалардың іс - әрекеттерінің мазмұнының өзгеруі бойынша тәулік бөлігін үйрету, дұрыс ажыратып атай білуге машықтандыру. Тәулік бөлігіне арналған «Бұл қашан болады?» дидактикалық ойыны арқылы балалардың есте сақтауы мен танымдық қабілетін дамыту.
Әдіс - тәсілі: жұмбақ, сұрақ – жауап, «Сәуленің бір күні» атты анимациялық көрініс пен ой қозғау әдісі (слайдпен) түсіндіру, қайталау (жеке, топпен) сергіту сәті, ойын, тәуліктер бөлігіне байланысты тақпақтар, қорыту, бағалау.
Көрнекілігі: проектор, тақырыпқа сай топтың безендірілуі, ойынға қажетті суреттер.
Сөздік қор: таңертең, түс, кеш, түн.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің типі: ойын іс - әрекеті
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: жаң білімді меңгерту.
Пәнаралық байланыс: айналамен таныстыру, көркем әдебиет.

Мотивациялық қозғаушы кезең:- Балалар, бір сәт айналамызға қарап өзімізді таза ауада тұрғандай сезінейікші? Қарайықшы айналамыз қандай?
- Осындай гүлдердің, талдардың көрікті болып өсуіне не қажет деп ойлайсыңдар?
- Ендеше мен бір жұмбақ жасырайын.
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады
- Ол не екен?
- Дұрыс айтасыңдар.
Серуенге шыққанда күнді көріп жүрміз. Күн қандай болады?
(ку - ка - ре - ку - дауысы)

Ізденуші - ұйымдастырушы: Я, балалар, күн ұясынан шығып таң атып келе жатқан уақытты «таңертең» деп атаймыз. Қане«таңертең деп қайталаймыз.
- қараңдаршы, таң көкжиектен атып келе жатқан сияқты күн шығып келеді. (жартылай күн)
Слайд «Сәуленің күні» дидактикалық ойын. Терезеде күн көрінеді (жартылай)
Анасы сәулені оятады:
Анасы: «қызым» таң атты, ұйқыңнан тұра қойшы балабақшаға барамыз.
- Балалар, анасы Сәулеге не деді? Қайда барамыз деді?
Олай болса, таң атқанда біздер үйде не істейміз?
- Ал, балабақшада не істейміз?
Слайд көрсету. Түс. Күн жылжып толығымен ортаға шығады.
- Қараңдаршы, күн бір орында тұрмайды екен, жаймен жылжып келе жатқан сияқты. Күн толық аспанға көтеріліп бізге бар сәулесін шашып тұр. Міне, бұл кезді біз «түс» дейміз немесе түскі мезгіл дейміз.
- Балалар, күнді біз толығымен көріп тұрмыз ба? Күн қайда тұр? Күннің пішіні қандай екен? Ал жиегіндегі күннің шуағы қандай пішінге ұқсас?
- Балалар күн аспанда нешеу екен? Ал бізге шашатын шуағы аз ба, әлде көп пе екен?
Слайд. «Сәуленің күні»
Сәуле серуенде көп балалармен ойнап жүреді. Тамақ ішіп ұйықтайды. Ал енді түсте сендер не істейсіңдер?
Я, балалар бұл күндізгі ұйқы болады. Таңнан кешке дейінгі уақытты жалпы күндіз дейміз.
- Балалар, біздер күндізгі ұйқыдан ұйқымызды ашу үшін айналамыздағы әдемі көбелектер сияқты қанатымызды қағып - қағып алайықшы.
Слайд көрсету. Кеш.
- Балалар, қараңдаршы күн жылжып төмен түсіп келеді, яғни ұясына батуға жақындап қалыпты. Біз бұл уақытты кешкі мезгіл дейміз немесе кеш дейміз. «Кеш» сөзін қайталау.
Слайд көрсету.
Сәуле кешкі тамағын ішіп, ұйықтайды.
- Кім айтады, кешке Сәуле не істеді?
- Олай болса, біздер кешке балабақшада не істейміз?
Слайд көрсету. Түн.
Ал енді міне күн ұясына батты. Бұл уақытты түн дейміз. Қане, түн деп қайталаймыз.
- Түнде аспаннан нені көреміз?
- Айдың жанында нелер бар?
Ал жұлдыздар көп пе?
Әлде, аз ба?
Олай болса бәріміз түнде тәтті ұйқыда боламыз.
- Балалар, енді «Бұл қашан болады?» ойынын ойнаймыз.
Ойын шарты:
Тәулік бөлігіне байланысты әр түрлі суреттерді ажыратып қойып шығу. (Алдымыздағы өзіміздің іс - әрекетіміз бейнеленген суреттерімізді тақтада ілінген уақыт бөліктеріне қойып шығамыз)
Рефлексивті коррекциялау: Ал енді ойын арқылы көрсеткен іс - әрекетімізге байланысты қандай тақпақтар білеміз?
Есімізге түсірейікші?
Бұл қандай мезгілге арналған?
Балалар сендерге ойын ұнады ма? Маған да ұнады.
Бүгінгі ойында Сәуленің таңертең, түс, кешкі мезгілдері туралы білдік. Барлықтарың жақсы ойнадыңдар.
Рақмет!

Күтілетін нәтиже:
Білуі: Тәулік бөліктерін дұрыс атауы.
Меңгеруі: Тәулік бөліктеріне байланысты іс - әрекеттерді ажырата алуы.
Жасай алуы: Ойын мазмұнына сәйкес тақпақтарды әсерлі сезінуі, суреттерді топтастыра алуы.
18 133
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
4 санымен таныстыру
4 санымен таныстыру
4 санымен таныстыру. Құрамын анықтау арқылы 4 санының қатарын ретімен санауға жаттықтыру. Логикалық ойын есептер шығару арқылы баланың 4 саны көлемінде білім - біліктілігін арттыру үшін дамытып оқыту және тізбек әдісін қолданудың тиімділігін білу.
Уақыт. Ай. Апта. Тәулік. Таңертең. Сәске. Түс. Бесін. Кеш. Түн.
Уақыт. Ай. Апта. Тәулік. Таңертең. Сәске. Түс. Бесін. Кеш. Түн.
Жалпы уақыт өлшеуіштері туралы бағдар беру. Төрт жыл мезгілі, ай, апта күндері, күндізгі, түнгі мезгілді қамтитын 24 сағаттың да уақыт өлшеуіштері екендігіне мағлұмат беру.
Геометриялық пішіндер. Қайталау
Геометриялық пішіндер. Қайталау
Балаларды көлемді денелер (шар, текше, конус) туралы түсінікті нақтылау, геометриялық пішіндерді бір - бірінен ажыратып атай білуге, геометриялық пішіндердің өмірде қажеттілігін түсінуге үйрету. Қоршаған ортадағы сәйкес пішіндегі заттарды тауып
Зат қандай пішіннен құралған?
Зат қандай пішіннен құралған?
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 "Балдырған" балабақшасы тәрбиешісі Садыкова Жадыра
Заттарды  салыстыру
Заттарды салыстыру
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 "Балдырған" балабақшасы тәрбиешісі Садыкова Жадыра
Уакыт. Тәулік
Уакыт. Тәулік
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы №36 орта мектеп МАД 2012 жыл Тәрбиеші: Сулейменова Ақмарал Маукенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×