Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдептілік - әдемілік

23 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Мақсаты: Балаларға адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді үйрету, әдеп әліппесінің кілтін және әдептілік қасиеттерді бойына сіңіру;
Тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Балаларды кішіпейілділікке, адамдармен қарым - қатынас жасай білуге, үлкенді сыйлауға үйрету.
Көрнекіліктері: Әдептілікке байланысты суреттер, нақыл сөздер.

Ж ү р і с і:
- Бүгінгі біздің тәрбиелік сабағымыз ерекше себебі бізге қонақтар келді.
Келген қонақтарды қалай қарсы алушы едік?
Балалар шаттық шеңберін құрып, амандасады.
- Күннің көзі ашылып,
Көкте шуақ шашылып
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал, қанекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме, Апайлар?!
Балалар орындарына отырады.
Ал. Бүгін қонақтарымызға біздің сый - құрметіміз, ол сендердің сабақты мұқият тыңдап, тыныш отырып, білімдеріңді артып, сөз байлығымыздың молайғанын көрсете білсеңдер, қонақтарды дұрыстап күтіп сыйлай білгеніміз.

Келіңіз,
Төрлетіңіз,
Үлкенге де -«сіз»
Кішіге де - «сіз»
Құрметтейміз біз.
Ей, тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы.- деп ақын атамыз жырлағандай өзімізді таныстырамыз.

- Сәлеметсіздер ме?
- Сәлем сөздің анасы.
- Армысыздар, құрметті қонақтар?
- Алдарыңызда «Достық» балабақшасы «балапан» тобының балалары.
Енді бір - біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуы арқылы жылы лебіздер айтайық.
- Мен өзіме, туыстарыма, әке - шешеме, ағама, апама денсаулық тілеймін.
- Өзімнің көршілеріме, келген қонақтарға, достарыма бақыт тілеймін.
- Біздің елімізде бүкіл жер шарында бейбітшілік болсын!
- Бәрекелді, жарайсыңдар, бір - бірімізге білдірген жылы лебізде қабыл болсын.
Ал балалар сендердің «Әдептілік - әдемілік» еліне барғыларың келе ме?
«Әдептілік - әдемілік» елінде қандай балалар тұрады деп ойлайсыңдар?

Ойын: Жалғастыр.
Не істеуге болмайды?
- Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.
- Құстарды атуға болмайды.
- Балабақшаға кешігуге болмайды.
- Кішкене балаларды ұруға болмайды.
Не істеу керек?
- Үлкенді сыйлау керек.
- Үлкенге сәлем беру керек.
- Тәртіпті болу керек.

Біздің балалар әдептілік туралы тақпақтарын айтады:
Арсен:
Атам маған әманда
Әдепті жан бол деген
Ата сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем.

Еркеназ:
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпей көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.

Жаннұр: Сыйлап сәлем беремін
Көршілерді көргенде.
Ізетті деп білемін,
Үйге қонақ келгенде
Әдепсіз деп сөкпесін
Анама айтып өкпесін.

Нұрасыл: Атам маған әманда
Кішіпейіл бол деген
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем

Ақерке: Өзгелерден өзімді
Санамайтын жоғары
Артық айтып сөзімді
Желпінгенім жоқ әлі.

Әйгерім: Әдептілік дегенің
Әрқашанда керегің
Әсемпаздық дегенің
Әуре сарсаң әлегің.

Көрініс: Әже рөлінде: Алина, Қыз бала рөлінде: Әйгерім.
- Армысың әже?
- Бар бол балам.
- Үй іші бала-шағаңыз аман ба?
- Тәңірге тәубе, барлығы қуатты аман - есен.
- Лайым жақсы болсын
- Өзіңе де алланың нұры жаусын, балам!

Сандық ішінен сұрақ алынып, дауыстап оқылады.
- Бүгінгі тәрбие сабағымыздан не үйрендік?
Не білдік?
Біздің аталарымыз өз ойын тұжырымдап, ой қорытындысын мақал - мәтел арқылы жеткізген.
Ал, енді бізде сабағымыздың қорытындысын мақал - мәтел арқылы жеткізейікші.
Әдептілік жайлы мақал - мәтелдер.
Айнель: Әдепті бала ата - анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.
Толғанай: Әдепті бала жол сілтейді
Әдепсіз бала қол сілтейді.
Мадияр: Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.
Асхат: Кішіпейіл болғаннан
Кішірейіп кетпейсің.
Еркеназ: Әдепті бала арлы бала
Әдепсіз бала сорлы бала.
«Әдепті бала қандай болу керек?»
Анам маған: «Үлкенді сыйла» деген
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кемшілікті
Үлкендердің өзіне сыйға берем.
- Әдеп сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?
- Осы сөз сіздерге ұнай ма? Осы сөзді сендерге сыйлаймын, ешқашан жоғалтпаңдар.
12 184
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
Әдептілік - әдемілік
Әдептілік - әдемілік
Әдептілікке, әдемілікке баулу, күнделікті өмірдегі күн тәртібін, жаман мен жақсы әдет қалыптастырып ажыратуға үйрету. Адамгершілікке, ойынға деген қызығушылығын арттыру.
Әдептілік - әдемілік белгісі
Әдептілік - әдемілік белгісі
Балалардың әдептілік туралы білімдерін кеңейту. Көрініс арқылы адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. Көрнекі суреттер арқылы зейін, логикалық ойлауын дамыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Әдептілік – адамдықтың белгісі
Әдептілік – адамдықтың белгісі
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №12 бастауыш мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Нуржанова Гулжан Аманжолқызы
Әдептілік - тәрбие бастауы
Әдептілік - тәрбие бастауы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жанкелдин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Серикова Алма Төленқызы
Әдептілік әлеміне саяхат
Әдептілік әлеміне саяхат
«Әдептілік әлеміне саяхат» тәрбие сағаты Тақырыбы: «Әдептілік әлеміне саяхат»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.