Білімділер поралы

Қуант бізді Жаңа жыл! (ертеңгілік)

Балалар көңілді әуенмен залға ұстаса жүгіріп кіріп, әуенмен әртүрлі қимылдар жасап билейді. Әуен тоқтап қалғанда шыршаның екі жағына тұрады.

1 - тәрбиеші: Ортада таңдандырып талайды,
Шыршамыз жасарып жайнайды.
Құбылып, құлпырып айнала,
Сиқырлы сәулелер тарайды.

2 - тәрбиеші: Жасыл шырша төгілген алдымызда,
Қош келдіңіз көрермен шыршамызға.
Аман болсын отбасыңыз деп алайын,
Ізгі тілек тілейміз баршаңызға.
Хор: «Жаңа Жыл!»
Мыстан кемпір келеді, қолында үлкен айнасы бар.

Мыстан кемпір: Маса, мынау шырша ғой, қазір шыршаны құртпай бүлдірем. мына шырша неге әдемі, киімдері де әдемі емеспін? Қалай осылар секілді әдемі болам мен? Мыстан шыршаны құлатқысы келеді, балаларды қорқытады.
Тәрбиеші: мыстан әже біз шырша тойын тойлағалы отырмыз. Қазір Аяз Ата мен Ақшақарды шақырамыз. Аяз Ата сиқырлы таяғымен саған көмектесер.
Аяз ата мен Ақшақарды шақыру.
Аяз Ата, Ақшақар,
Шыршамызға кел, кел!
Тақпақ айтып береміз,
Бізге сыйлық бер, бер!
Аяз Ата келеді, Ақша қар жоқ. Құттықтады.
Тәрбиеші: Балалар байқадыңдар ма? Аяз Ата қасында Ақшақар жоқ, қайда ол?
Аяз Ата: Соны өзім де білмедім. Жаңа қасымда келе жатқан, аяқ асты жоғалып кетті.
Мыстан кемпір: Ендеше, мен болам, Ақшақар мен болам, мені сиқырлы таяғымен Ақшақарға айналдыршы.
Жылтыр матаның ішіне мыстан мен Ақшақар тығылады. Аяз Ата сиқырлы таяғымен матаны түртіп:
Көңілді балалар,
Шыршаны айналып.
Жалмауыз кемпір,
Ақшақарға айналсын - дейді.
Мата астынан көрінбей мыстан кетіп қалады да, мата астынан Ақшақар шығады.
Ақшақар құттықтауы.
Тәрбиеші: Аяз Ата, Ақшақар біздің шыршамыз әдемі болғанымен көңілсіз. Неге оның шамы жанбайды?

Ол үшін біз Сабинаны шақырамыз.

Сабина: Шырша, шырша
Шамдарыңды жарқырат.
Би билейміз, айнала,
Балаларды таңырқат.
Шам жанады.
Жеке ән: «Жаңа жыл келді.» (Аянат, Қызғалдақ, Еркеназ)
Хор: «Аяз Ата»
«Ақшақарлар биі»
Тақпақтар:
Еркеназ:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған.
Міне сұлу шыршамыз,
Көктен күтіп сағынған.
Кел балалар, келіңдер.
Шырша тойын көріңдер.

Жансая: Тақпақ, өлең жаттады,
Би үйрендік көрсін деп.
Аяз Ата шаттанып,
Бізге риза болсын деп.

Санжар: Тамаша ғой қыс деген,
Қуанады бар бала.
Шырша тойын тойлайды,
Аяз Атамен қосыла.

Аймереке: Біздің балабақшада,
Шырша тойы болады.
Аяз Ата, Ақшақар,
Біздермен мәз болады.

Ақмаржан: Жаңа жылмен шаттанып,
Жаңарады бар дала.
Шырша тойын тойлайды,
Дөңгеленіп бар бала.
Би: «Сығандар»
(Айзия, Ақмаржан, Еркеназ, Айназ)
Толғанай: Жаңадан тақпақ,
Аламыз жаттап.
Жаңа жыл келді,
Жаңа жыл аппақ.

Еркенұр: Сапалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шапанды,
Сағындым Аяз атаны.

Алихан: Жүзімізде күлкі ойнап,
Шаттанады жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.

Ерназар: Тауда туып, тауда өскен,
Шырша келді ортаға.
Аяз Ата, Ақшақарды
Шақырайын ортаға.

Алдияр: Өлең де әзір, ән де әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел Жаңа - жыл біздерге,
Кел Жаңа - Жыл, Жаңа - жыл!

Жеке ән:«Біз шадыман баламыз»
(Арайлым, Жансая)
Ойын:
Би:«Чунга - чанга»

Айзия: Жаңа жылмен, Жаңа жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Папамызды, мамамызды,
Қонақтарды бәрін де.

Аман: Алақай, алақай,
Қар жауып тұр балақай.
Жүр шанаңды алып шық,
Киіп алып малақай.
Гауһар: Аша қарға малынып,
Аппақ тонын жамылып.
Сақалы мен мұртына,
Күміс моншақ тағылып.
Аяз Ата келдің бе?
Балаларды сағынып.
Диас: Құтты болсын Жаңа жыл,
Құтты болсын Жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.

Дәурен: Аю, қасқыр, қоян, түлкі,
Ортада би билеп.
Балалар жүр мәз болып,
Би билейді дөңгелеп.
Әділ: Орманның бар аңдары,
Бүгін бізде қонақта.
Балалармен би билеп,
Қуанады шаттана.
Аңдар (қояндар) биі.
Дәурен, Әди, Аман

Ернар: Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады,
Жып - жылтыр боп жатады.

Аянат: Ән айтамыз, би билейміз,
Біз көңілді баламыз.
Шаршауды біз білмейміз,
Тақпақ айтып, би билеп.
Аяз Атадан сыйлық аламын.

Айназ: Қуантып енді,
Жаңа жыл келді.
Өсетін болдым,
Бір жасқа енді.
Арай: Шыршаны айнала,
Қоршаған қуыршақ.
Кел биле, кел биле,
Қоян, лақ, құлыншақ.
Болат, Назерке:
Жаңа жылда бақшамыз,
Гүлдей болып жайнасын.
Аман болсын барлық бала,
Шат - шадыман ойнасын.
Жаңа Жыл келеді.
Қызғалдақ: Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Доңыз жылы келеді,
Бізге қарай жылыстап.

Хор: «Шырша әні»
Аяз Ата сыйлық таратады.

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,
Шалқар ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі
№ 12 балабақша тәрбиешісі Ауезханова Күміс Бүркітқызы
Материал рейтингісі:
  • 60
барлық дауыс бергендер: 5
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Аяулы ана - асылым!
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адамдық диханшысы
  • Асель28
    Жазған: Асель28
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 165
Қолданушылар: 2
Қонақтар: 163
Роботтар: 3
эльмира101 aiboll
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика