Білімділер поралы

Қош балалар бақшасы

Қош балалар бақшасы!

Тәрбиеші: Құрметті ата - аналар бүгін бізде ерекше мереке, өйткені біз бүгін өзімізде екі жыл тәрбиеленген балаларымызды мектепке шығарып салғалы отырмыз. Балалардың шағын орталықпен қоштасуына арналған ертеңгілікті бастауға рұқсат етіңіздер.
1. Біздің «Балапан» шағын орталығында тақпақты тақылдатып жаттайтын Мадина қызымызды ортаға шақырамыз
2. Шағын орталықтың биші қыздары. Балғын, АяулымЖ, Шырын.
3. Топтың еңбек десе ерінбейтін еңбекқор қыздары Аружан мен Аяулым.
4. Топтың кербез де ерке қызы Баян.
5. Тобымыздың сүйкімді сұлу қызы Шырайлым.
6. Тобымыздың сүйкімді де сүйікті ұлдары Ұлан, Ернұр, Арман.
7. Тобымыздың күміс көмей әншісі Амангелді.

1. Аружан
1. құрметті қонақтар армысыздар,
Бәріңізде есен сау бармысыздар?
Қоштасатын күн келді бақшаменен
Апайларға айтатын алғысым бар.

2. Балғын
Ақ тілекті ағытып біз тастайық,
Қоштасатын әнімізді бастайық.
Әдеппенен өнегені үйреткен,
Бақшамызды есімізге сақтайық.
Ән «Бақытты баламыз»

3. Ұлан
Бақшадағы күндерді,
Есімізге сақтаймыз.
Тәрбиеші еңбегін,
Бәрімізде ақтаймыз.

4. Арман
Бақшамызды ұмытпай,
Келіп – кетіп тұрайық.
Сондай кезде апайлар,
Қалады - ғой қуанып.

5. Баян.
Үлкендердей тап - таза,
Жазамыз бормен тақтаға.
Үлгілі бала боламыз,
Жүретіндей мақтана.

6. Мадина.
Ана тілін ардақтап,
Ана салтын біз көрдік.
Сурет салып, ән жаттап,
Би билеуді үйрендік.
Сүйген өз қыз, өз ұлын,
Бөбегім деп аянбай,
Бала - бақшам өз үйім,
Апай болды анамдай.

Би «Қара жорға»

Бестік. Кіреді. Сәлеметсіздер ме балалар, мен сіздердің достарыңызбын менің атым бестік мектепте мен сіздердің достарыңыз боламын сіздердің мектепке дайын екендеріңізді білу үшін келдім.

Тәрбиеші.
Ендеше балалар бестікке өнерімізді көрсетейік.

1-тапсырма
Аяулым санамақ айтып береді.
Бір дегенім - білім,
Екі дегенім – елім,
Үш дегенім - ұшақ,
Төрт дегенім - тұсақ,
Бес дегенім – бастау,
Алты дегенім - астау,
Жеті дегенім – желім,
Сегіз дегенім - сенім,
Тоғыз дегенім - торқа,
Он дегенім – оңқа.
Үлкендерден сұра түсініксіз болса

Бестік. Ал енді маған кім жаңылтпаш айтып береді?
Шырын.
Қара майлы қарағайды,
Кесейін бе, кеспейін бе?
Қазықтағы қара тайды,
Шешейін бе, шешпейін бе?

Мадина

Әй, әй Айдарбай,
Иір мүйіз сиырыңды
Үйіңе айдай бар.

Бестік.
Ал енді сендер маған жұмбақ жасырыңыздаршы, мен шешуін тауып көрейін.

Ұлан
Тілі барда, үні жоқ,
Сөйлеп тұрар ішінен.
Көзбен шалсам бір рет
Не дегенін түсінем «кітап»

Ернұр.
Ортасында ішегі бар,
Жіп - жіңішке денесі бар.

Тәрбиеші.
Бестік біздің балалар оң және кері санауды біледі

Бірден онға дейін оң және кері санау.
Ішіндерді айыра білу, түсті айыру.

Арман.
Құшағында жарқылдап,
Өтті сәби күндерім,
Би - биледім, ән тыңдап,
Алаңдауды білмедім.

Ернұр.
Гүлге толы жан - жағым,
Асыр салып жүгірдім.
Өсті талап талғамым,
Көп нәрсені ұғындым.

Шырын
Сен үйреттің сөйлеуді,
Сенде ойым есейді.
Мектепке барам мен енді,
Бала бақшам қош енді.

Аружан.
Жеті жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата – ананы
Мектепке кетіп барамыз.

Баян
Мектепке ертең барамыз,
Оқимыз білім аламыз.
Қашық емес арамыз,
Бақшаға кетіп барамыз.

Ұлан.
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып бала - бақшамен,
Мектепке кетіп барамыз.

Балғын
Бала бақша қош енді,
Әркез аман бол деймін.
Әкем менен шешемді,
Ертіп енді келмеймін.

Шырайлым
Мектеп біздің панамыз,
Мектеп біздің анамыз.
Ұлағатты ұстаздан,
Оқып, білім аламыз.

Аяулым
Бөлмеміз әрқашан тап таза,
Ойыншықтар орнында.
Тамақ берген уағында,
Рахмет Алия апайға.

Би «матрешки»

Аяулым
Бала бақша, бала бақша,
Шаңырағы шаттықтың
Бала бақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін.

Шырайлым.
Қағазға сурет салдырып
Қарайсыз көз талдырып
Жақсы ісімді мақтайсыз
Ананы таң қалдырып.
Тәрбиеші апайға
Көп рахмет айтамын.

Аман
Қуантып әрі қинайды
Бақшамнан алыс кеткенім
Қажет қой бірақ білімнің
Кемесінен өткенім.
Би «вальс»
Тәрбиеші
Өсті міне ойларын,
Өсті міне бойларын.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың – дей келе отырып құттықтау сөзді ата - аналарға береміз.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 38
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 38
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика