Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғарыш

20 маусым 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тіл дамыту сабағы

Тақырыбы: «Ғарыш»
Мақсаты:
Ғарыш әлемі туралы түсініктерін жетілдіру. Ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын арттыру. Ғарышкерлерге деген қызығушылықтарын қалыптастыру;
Қажетті құралдар:
Сюжетті суреттер, тараптпа материал, түрлі - түсті картон, желім, ақ парақ, үлгілер, зымырандар.
Өту барысы:
Жылулық шеңбер.
- Сәлем, саған күн!
- Сәлем, саған күн шуағы!
- Сәлем, достар! Сәлем достар!
Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар жартылай шеңбер жасап тәрбиешінің қасында тұрады.
- Балалар, бізге хат келді. сонымен ғарышқа тұрғындары бізден көмек сұрайды. Ғарышқа ұшу үшін бізге жұмбақ шешу керек.
Жұмбақ
Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз. /Зымыран/

- Балалар, сонымен ғарышқа немен ұшамыз? Сендерде белгілер бар, қызыл белгілер бар, қызыл белгілер бар балалар қызыл зымыранға ал көк белгілері бар көк зымыранға отырады.
Көзімізді жұмамыз 5 - тен 1 - ге дейін санаймыз:
5, 4, 3, 2, 1 – ұштық.
Қызыл зымыран Марс планетасына қонады, мұнда тұрғындардың ұшақтары жарамай қалды. Біз оларда зымыран жасауға үйретеміз. Үлгілерге қарап зымыранды жасаймыз.
Көк зымыран Юпитер планетасына қонады. Зұлымдар планета тұрғындарын мұзға айналдырды, көмек көрсету үшін тапсырмалар орындау керек.
Сұрақтарға жауап бер.
- Балалар, сендер зымыран көрдіңдер ме?
- Зымыран қайда ұшады? /Ғарышқа/
- Зымыранмен ұшатын адам қалай аталады? /Ғарышкер/
- Балалар қалай ойлайсыңдар, ғарышқа кез келген адам ұша ала ма? Неліктен? /Ғарышқа кез келген адам ұша алмайды, ол үшін денсаулығы мықты, ақылды, арнайы білімі бар адам болу керек/
- Ғарышкерлер киетін арнайы киім бар ма? Ол қалай аталады?
- Ғарышкерлерге скафандр не үшін қажет? /Ғарышта дем алатын ауа жоқ, көлеңке жоқ, суық, күн тұрған жақ өте ыстық болады сондықтан осыдан сақталу үшін, ғарышкерлер скафандр киеді/.
Дұрыс жауабын тап, дөңгелекті боя.
Қазақстанның бірінші ғарышкері кім?
Юрий Гагарин □
Тоқтар Әубәкіров □
Талғат Мұсабаев □

Тоқтар Әубәкіров туралы не білесің?
Ғарышкердің арнайы киімін боя.

Сергіту сәті: Музыка әуенімен қимылдар жасау. /Балалар ғарышта кездеседі, роботпенбірге қимылдар жасайды/.
- Балалар, енді қызыл зымыран Юпитерге ұшып барады, ал көк зымыран Марсқа көмекке ұшады.
- Балалар планета тұрғындары сендерге рахмет айтады, сендерге арнайы сыйлықтар бар.
- Зымырандарымызға отырамыз:
5, 4, 3, 2, 1
15 108
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғарыш әлеміне саяхат
Ғарыш әлеміне саяхат
Ғарыш, Ғарышкерлер туралы түсініктерін кеңейту
Ғарыш кемесі
Ғарыш кемесі
Ғарыш кемесін есу, жалпайту, біріктіру арқылы мүсіндеуге үйрету. Ұсақ қол моторикасын дамыту. Ғарышкерлерге деген қызығушылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Ғарышқа сапар
Ғарышқа сапар
Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Таным белсенділігін дамыту.
Ғажайып ғарыш
Ғажайып ғарыш
Мақсаты: Балаларға Ғарыш және ғарышкерлер туралы толық түсінік беру, білімдерін одан әрі кеңейту. Сыйластыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: интерактивті тақта, зымыран суреті, үн таспа.
Байқоңыр - ғарыш айлағы
Байқоңыр - ғарыш айлағы
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №21 жалпы негізгі білім беретін мектептің мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Иксангалиева Жұмабике Өтегенқызы
Ғарыш қонақтары
Ғарыш қонақтары
Кусаинова Самал Кемельевна Саға мектеп – бала бақшасы мектепалды даярлық топ тәрбиешісі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×