Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғатты аялайық!

25 маусым 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Мақсаты: Қоршаған орта, табиғат пен тіршілік арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту. Ойлау есте сақтау және зерделеуін дамыту, сөздерді анық айтуға машықтау және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу, жаратылыстың әрбір заты мен мүшесін құрметтеуге, қоршаған ортаны қорғауға, сақтауға үйрету. Сүйіспеншілік, мейірімділік қасиеттерін дамыту.
Көрнекілік: бөлме гүлдері, гүл қопсытқыш, табиғаттың суреті.
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ – жауап, әңгімелеу
Шаттық шеңбер:
Армысың қайырымды Жер - Ана,
Армысың, мөлдір таза су
Армысың шұғылалы Алтын - Күн
Армысың мейірімді Аспан - Ата
Т:- Біз қазір неге ұқсап тұрмыз?
Б: - Күнге
Т:- Иә балалар жер бетіндегі тіршілік атауының қайнар көзі – күн.
Ол бізге не үшін керек?
Б: Күн бізге жарық, жылу береді
Т: Бәріміз күнге қолымызды созайық!
Күннен не алдық?
Б: Жылу алдық
Т: Осы күннен алған жылуымызды бір - бірімізге таратайық
- Балалар жылдың қай мезгілі?
Б: Қыс
Т: Қыс айының соңғы күні, ертең көктем айының алғашқы күні басталады
Қыс айларында күн қандай болды?
Б: Қыс айында күн суық, аяз, боран және қар жауды
Т: Табиғат дегеніміз не?
Табиғат дегеніміз - бізді қоршаған орта, оған (аспан, су, ағаш, гүлдер, өсімдіктер, күн) жатады. Табиғат өздігінен, адамның қатысуынсыз жаралған табиғи заңдылық. Ол тірі және өлі табиғат болып екіге бөлінеді. Тірі табиғатқа – ағаш, гүл, шөп, т. б олар өздігінен өседі. Өлі табиғатқа су, тас, құм жатады. Олар өспейді, дем алмайды, денесінде жаны жоқ.
Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Біз оған ұқыптылықпен қарауымыз керек. Бау - бақшада және өсіп тұрған ағаштар мен гүлдерге қомқорлық жасау керек.
Күн, су, ауа, гүл, адам айтысы
Күн: Айша
Мен шуақты күнмін! Мен бәріне жылуымды, нұрымды, беремін. Егер мен болмасам табиғатта болмас еді. Сондықтан табиғатқа көрік беріп тұрған менмін!
Су: Арайлым:
Мен мөп - мөлдір, тап - таза, сыңғырлаған сумын. Мен болмасам осындай сұлу табиғат болар ма еді? Табиғатқа көрік беріп тұрған менмін
Гүл: Данара
Мен әсем гүлмін! Егер мен болмасам жер үсті жайнайтын ба еді? Менің арқамда табиғат әсем болып тұр. Табиғатқа көрік беріп тұрған мен ғана.
Ауа: Әділет
Мен таза ауамын! Табиғаттағы барлығы мен арқылы демалады Егер мен болмасам ешкім тіршілік ете алмас еді. Табиғатқа ең керекті менмін.
Адам: Темірлан
Мен дүниедегі ең күшті, ақылды адаммын. Менен асқан ешкім жоқ бұл жалғанда. Сондықтан да бұл өмірдің иесі де киесі де менмін.
- Дұрыс айтасыңдар!
Күн болмаса жарық жылуды қайдан аламыз.
Су болмаса өсімдіктерді, қалай суарамыз
Ауа болмаса қалай тыныс аламыз
Гүл болмаса табиғатымыз әдемі болмайды
Адам осы қоршаған ортадағы талдарға өсімдіктерге пайдасын тигізеді, күтіп баптайды.
Т: Қысқы гүлдер бағына саяхатқа шығамыз.
«Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі»
Т: Балалар, бізге гүлдер не үшін керек?
Б: Бөлменің ауасын тазартады, біздердің көңіл - күйлерімізді көтеру үшін, біз гүлдерге қарап қуанамыз, әдемілік үшін қажет.
Т: Кейбір жәндіктердің де өмір сүруі гүлдерге байланысты. Гүлдер көп жақсылықтар сыйлайды. Егер де гүлдер жоқ болса не болар еді?
Б: Көңіл – күйіміз төмендейді адамдар қатал болады, жәндіктер жайылып кетуі мүмкін.
Топтық жұмыс:
- Қане балалар, гүлдерді аялау және қамқорлық көрсету мақсатында мына гүлді алайық. Бұл гүл шегір гүл (фиалка) деп аталады. Оның гүлінің түсі күлгін, жапырағы дөңгелек, түкті болып келеді. Жапырағы түкті болғандықтан біз оны сүрте алмаймыз. Біз оның жапырағын тазалау үшін суды бүркіп себеміз.
Т: Гүлдер өте нәзік, мейірімділікпен күтіп, баптау керек
Гүлдердің жылылығын, нәзіктігін, әдемілігін неге теңеуге болады?
Б: Анаға, күнге, әнге, қыздарға теңейді
Т; Гүлдің тамыры, сабағы, жапырағы, күлтесі болады.
Балалар енді біз енді мына гүлге қарайық?
Бұл гүлдің аты - фикус
Кәне бәріміз қосылып бірге атайықшы? Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.
Т: Гүлдің түсі қандай?
Б: Жасыл
Т: Ал, айта қойыңдаршы, жапырағы қандай?
Б; Гүлдің жапырағы үлкен, әрі жалпақ.
Т: Гүлдің түбін қалай қопсытып, қалай су құю керектігін түсіндіреді
Балалар гүлге су құяды. Балалар гүлдің топырағын қопсытуға, су құюға, жапырағының шаңын сүртуге қатыстырып көрсету.
Су ішпесе, шаңы сүртіліп, тазаланбаса гүліміз қурап қалады
Сендердің аналарың өздеріңді қалай баптап қараса, гүлді де солай күтіп қарау керек
Көрдіңдер ме, балалар, гүлді баптап күтсек, олардың жапырақтары көбейіп, үлкен болып өседі. Гүлдерге ауа, су. Күн қаншалықты қажет болса, күтім де соншалықты қажет.
Т; Енді гүлді қалай отырғызу керектігін үйренеміз. Барлығымыз мұқият қарап отырыңдар. Бөлме гүлін отырғызамыз
Құнарлы қара топырақ толтырылған гүлдің құтысын алып, ортасын кішкене тереңірек етіп қазып гүлдің құтысын алып, ортасын кішкене тереңірек етіп қазып гүлдің көшетін тамырын үзіп алмай кішкене шұңқырға саламыз
Түбіне су құямыз
Түбін жақсылап топырақпен нығыздап басамыз, үстіне тағы су құямыз
Міне, гүлімізді отырғыздық гүліміз әдемі болып өсу үшін тағы су құямыз
«Табиғатты аялайық» ойыны
Әр бала табиғат түрлерін плакатқа жапсырып, табиғат көрінісін бейнелейтін тиым сөздер айту
Гүлді жұлуға болмайды, гүлді аялау керек.
Ағашты кесуге болмайды, ол бізге таза ауа береді
Суды ластауға болмайды, сусыз өмір жоқ
Күнімізді бұлт баспасын
Көбелекті өлтірмеңдер, ол - әдемілік белгісі
Құсты атуға болмайды, құс адамның досы
Жасыл шөпті жұлуға болмайды, ол жерімізге көрік беріп тұрады
Аңдарды қорғауымыз керек, ол біздің байлығымыз
Асқар тауларымыз биік болсын

Т: Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ.
- Кәне, балалар барлығымыз қонақтармен қоштасайық.
Кәне барлығымыз тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық
Көріскенше күн жақсы,
Сау - саламат болайық
Сау болыңыздар!
35 807
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға, дене мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.
Айналамыздағы әлем - біздің үйіміз
Айналамыздағы әлем - біздің үйіміз
Адам мен табиғат арасындағы мықты байланыс туралы ұғымды дамыту, адам табиғатта тіршілік ететіні туралы түсінікті қалыптастыру. Табиғатты өзінің үйі ретіндк ұғынуды тәрбиелеу: оның қамын ойлау, қорғау, көмек көрсете білу.
Бізді қоршаған орта
Бізді қоршаған орта
Шымкент қаласы, № 97 «Ақмарал» бөбекжай - балабақша тәрбиешісі: Кеутаева Жаннат Әшірәліқызы
Су - тіршілік көзі
Су - тіршілік көзі
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Табиғат – асыл қазынам
Табиғат – асыл қазынам
Қызылорда қаласы, Талдыарал елді мекені, №215 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қоңырбаева Раушан
Қоршаған орта
Қоршаған орта
№ 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×