Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


8 саны көлеміндегі заттарды санау

08 шілде 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Математика

Мақсаты: 8 көлеміндегі сандар жөнінде толық білім беру. Заттарды санау арқылы 8 санын меңгерту. Ойын тапсырмалар арқылы баланың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, қиялын ұшқырлау, геометриялық пішіндер арқылы ойлай отырып құрастыру жұмыстарын жасату.
Бір - біріне көмек қолын созуға, ұйымшыл болуға, өнерлі болуға баулу.
Әдіс - тәсілі: Ой қозғау, сұрақ - жауап, ойын - тапсырмалар, жұмбақ, жаңылтпаштар, санамақ.
Көрнекілігі: 8 көлеміндегі сандар, сабаққа қажетті дидактикалық материалдар, геометриялық пішіндер салынған конверттер, әдемі қорапша, сәбіздер, магнитті тақта.
Қызықтыру кезеңі: Қолында үлкен қорапшасы бар қоян өлең айтып кіреді. Қоянды іздеп қасқыр келеді. Қоян қорқып кетіп, қорабын қалдырып қаша жөнеледі, қасқыр қуа жүгіреді.

Тәрбиеші: - Балалар, қараңдаршы, қоянның қорыққаны соншалықты қолындағы затын қалдырып кетіпті, қораптың ішінде не бар екен? (Қоян жүгіріп келеді)
- Тиіспеңдер, тиіспеңдер, егер қорапты ашқыларың келсе, 1 - ден 8 - ге дейін санауларың керек. Ой, қасқыр келіп қалды қашайын. (Қоян қашып кетеді)
- Балалар, қалай қорапты ашамыз ба? Олай болса, қане 1 - ден 8 - ге дейін санап, қорапты ашайық.
(Балалар санайды, тәрбиеші қорапты ашып, бетіндегі қағазды оқиды)
- Балалар, егер сендер білімді де, тапқыр болсаңдар, менің тапсырмамды орындап беріңдерші!
- Балалар, қоян нені жақсы көреді?
- Сәбізді жақсы көреді.
- Қорапты сәбіз бар екен, қане кім санап береді? (Балаларға санату)
- Барлығы неше сәбіз екен.
- 8 сәбіз.
- Енді балалар, осы сәбіздерден 1 - ші сәбізді санап алып оның тапсырмасын орындайық.
- 1 - ші сәбізді кім алады, мұнда қандай тапсырма бар екен? Осы сәбіздерді ретімен санап қойып, әр сәбіздің жоғарғы жағына 1 - ден 8 - ге дейінгі сандарды орналастыр дейді. Ал, кім қояды?
(Бір бала шығып қояды)
- Дұрыс па балалар?
- Жақсы, енді 2 - ші сәбіздің тапсырмасы, сендердің алдарыңда 1 - ден 8 - ге дейінгі сандар бар, сол сандарды ретімен қойып шығыңдар және сонша таяқшаны қойып шығыңдар.
(Балалармен жеке жұмыс жасау)
- 3 - ші сәбіз бізге «Қандай сан қалып қойды?» деген ойын ұсынып тұр, қалай ойнаймыз ба?
Ойын шарты: Тақтаның бетіне сандарды ретімен орналастырып, естеріне сақтау, балалар көзін жұмады, сол кезде бір санды алып қою керек. Балалар көзін ашып, қай санның жоқ екенін айтады. (2 - 3 рет ойнайды)
- Жарайсыңдар, балалар! Енді 4 - ші сәбіздің тапсырмасы қандай екен, қане кім алады? Асланбек келе ғой.
- Бұл «Пішінді танып, санды тап» ойыны.
Ойынның шарты: 1 бала шығады, көзін байлаймыз. Алдында тұрған пішіндерден біреуін қиып алады, қандай пішін алғанын сипап сезу арқылы айтып береді. Көзін ашқан кезде, пішіннің бетіне қандай сан орналасқанын айтып береді.
(Балалар 2 - 3 рет ойнайды)

- Енді кезек 5 - ші сәбізге келді. Балалар, сендер шаршап кеткен боларсыңдар. 5 - ші сәбізде бой сергіту жаттығуын жасау бар екен.
Аяқпенен тарсылдатып билейміз
Қолды соғып, басымызды изейміз
Қолымызды көтереміз – бір
Қолымызды түсіреміз – екі
Ал шығайық сайланып,
Санамаққа ойланып.
- Жақсы, балалар, орындарыңа отыра қойыңдар. Нешінші сәбіздің тапсырмасына келдік?
- 6 - шы сәбіздің тапсырмасына келдік.
- Мұнда, «Ойлан тап» деген ойын тапсырма берілген екен.
Ойынның шарты: Қораптың ішінде әр балаға конверт бар екен, ол конверттің ішінде пішіндер бар. Сол пішіндерден кез келген бейнені құрастырып жасауымыз керек.
Баламен жеке жұмыс жүргізу. Балалар жұмыс жасайды.
- Балалар, 7 - ші сәбіздің тапсырмасы сандар туралы жаңылтпаш немесе жұмбақ білесіңдер ме?- дейді. Қане есімізге түсірейікші, сандар туралы қандай жаңылтпаштар білеміз?

Ақгүл: Сегіз серке су ішіп тұр
Сегіз серке сүзісіп тұр
Көк ешкі көп шөпті жейді
Көп ешкі көк шөптей жейді.

Аружан: Бір ақ шымшық
Екі ақ шымшық
Үш ақ шымшық
Төрт ақ шымшық
- Жақсы, енді жұмбақ жасыратын балалар бар ма?
Рамазан: Туысқан бес кісі
Бірінен - бірі кіші
Бәрінің аты бір
Ең кішісі шеткісі. Ол не? (5 саусақ)

Нұрбек: Елубайдың екі ұлы
Еркелесіп келеді
Төлебайдың төрт ұлы
Төбелесіп келеді
Екеуі қарауыл қарайды
Біреуі шөпшек тереді. (Түйе)

Нұрман: Екі айнасы бар
Екі найзасы бар
Төрт сылдырмағы бар
Бір шыбыртқысы бар (Сиыр)
- Балалар, біз нешінші сәбізді санап аламыз? Ия, 8 - ші сәбіз екен. Бұл санның тапсырмасы оңай екен. Сандар туралы санамақ айтып беріңдер дейді. Қане, кім санамақ біледі?

Әсел: Қаздың екеу аяғы
Құрдың екеу аяғы
Екеуінің аяғы төрт болады баяғы.

Ералы: Екі қанат қазда бар,
Сайрандайды сазда олар
Екі қанат құрда бар
Құрауласаң қырға бар.
- Мінекей, балалар, біз сәбіздердің тапсырмаларын орындап шықтық. Неше сәбіздің тапсырмасын орындадық? Қане санап жіберейікші. (санау)
- Жарайсыңдар, балалар! Бәрің берілген тапсырманы жақсы орындадыңдар. Қолынан бәрі келетін өнерлі адамды халқымыз «Сегіз қырлы, бір сырлы» деп атайды. Ондай балалар біздің арамызда бар ма?
- Әсел, «Сегіз қырлы, бір сырлы деп» кімді айтар едің?
- Нұрбекті айтар едім.
- Ия, Нұрбектің қолынан бәрі келеді, ән де айтады, би де билейді. Бәрің Нұрбектен үлгі алыңдар! Бүгінгі оқу іс - әрекетіне бәрің де жақсы қатыстыңдар. Рахмет, балалар!
6 736
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Заттарды санау
Заттарды санау
Натурал сандардың және нөл санының құрылуын түсіну; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау.
Сиқырлы жолдар
Сиқырлы жолдар
Қарапайым математикалық ұғымдарын толықтыру, ұзын - қысқа заттарды, үлкен - кіші, бір және көп деген ұғымдарды қалыптастыру. Геометриялық пішіндер, түстерді ажыратуға арналған ойын – жаттығулар арқылы қисын ойлау қаблеттерін дамыту.
Саяхат
Саяхат
Мақсаты: заттарды аз - көп, көлеміне қарай санау арқылы үйрету. Геометриялық пішіндерді ажырата отырып, дөңгелек пішіннен көпір құрастыру. Ұсақ сезім моторика мүшелерін дамыта отырып, қыстырғышпен жұмыс жасауын қалыптастыру. Балаларды қызығушылыққа,
1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау
1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК «Айгөлек» ясли бақшасы тәрбиешісі: Талапкер Асылай Мұхамбетқызы
Бауырсақ
Бауырсақ
Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Алтайский кенті, «Жаңа Ертіс орта мектебі» КММ Чингалиева Гулия Мустафиевна
Математика әлеміне саяхат
Математика әлеміне саяхат
Білім саласы: Таным Бөлім: Матеметика Математика әлеміне саяхат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×