Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Психологтің кеңесі

25 шілде 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Дюсенова Мейрамгуль Бердыбековна

Баланың балабақшаға үйренуі

Сіздің балаңыз балабақшаға алғаш барған кезде, ол үшін бірінші рет анасынан ажырап өзіне таныс емес үлкен адамдар мен бір топ балалардың арасына түсуі болып табылады. Бала үшін өзінің отбасында өзін ұстау ережелері қалыптасып қалған. Балабақшаға келген күннен бастап үйреншікті өмір сүру ортасы өзгереді.
Бұл неден көрініс табады?
- Баланың эмоционалды жағдайы, ұйқысы, тәбеті нашарлайды;
- дене қызуы көтерілуі мүмкін;
- бала бойында қалыптасып қалған жақсы қасиеттерінің жоғалуы мүмкін;
- иммунитеттің төмендеуі, салмағының азаюы мүмкін.
Бала ортаға бейімделгеннен кейін эмоционалды жағдайы қалпына келеді. Ортаға деңгейдегі бейімделуде алғашқы айларында бала тұмаумен ауыруы мүмкін, ал ортаға қиын бейімделсе баланың эмоционалды жағдайының қалпына келуі ұзаққа созылуы мүмкін. Осының барлығы баланың келесідей іс қимылдарынан байқалады: баланың тығылып қалуы, қабылдау бөлмесінде отыруы, анасын қайта - қайта шақыру.
Баланың ортаға бейімделуі неге байланысты:
Баланың жасына байланысты. 2 жасқа толғаннан кейін баланың ортаға бейімделуі оңай жүреді. Олардың ортаға деген қызығушылығы жоғары болады, назарларын басқаға аудару жеңілдірек, айтқан сөздерді нақты түсінеді және тыныштандыру оңай.
Баланың жасы мен денсаулығының жағдайына байланысты;
Баланың жекелеген ерекшелігіне байланысты;
Биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты;
Бейімделуге деген дайындығына байланысты (баланың басқа ортаға қаншалықты барып көргендігі, туысқандарына, демалысқа және де басқа жақтарға барып өзімен жасты балалармен қаншалықты араласып көргендігіне байланысты).
Балаға басқа ортаға бейімделу кезінде қалай көмек беру керек?
Кішкентай бала ата - анасымен тығыз байланыста болады. Бала қаншалықты кішкентай болса, соншалықты ата - анасымен байланыс ол үшін маңызды болып табылады. Сондықтан баланың қоғамға деген көзқарасын қалыптастыратын ата - анасы.
Баламен өзіне тікелей қатысты мәселелерді ашық талқылайды білу керек. Қазіргі уақытта баланың өмірінде не болып жатыр, не болу мүмкін деген сұрақтардың жауабы екеуара таба білуіңіз қажет.
Баламен оның күнделікті балабақшаға баруын және оның өмірін бақылауда ұстағаныңыз дұрыс. Бала анасының жанында бейтаныс адамдармен араласуды оларға сұрақ қоюды үйренеді. Осыдан кейін баланың бойында балабақшаға келіп өзімен жасты балалармен ойнауға, тәрбиешілермен сөйлесуге деген ынта болады.
Баланың әлемді өз еркімен тануға деген құқығы бар!
Балаға өз пікірін білдіруге мүмкіндік берсеңіз. Ата - ананың тек бағдар бере алады. Балаға сіздер не қаласаңыздар соны жасау міндетті емес. Өз ойларыңыздың дұрыс екендігін дәлелдеп, балаға соны жасатуға тырыспаңыздар. Жаңа ортаға, жаңа әлемге бала өзі бейімделеді. Ол оның бірінші тәжірибесі болады. Бала үшін жаңа адамдар, олардың жаңа тәртіптері бұл - стресс.
Баланы қалай балабақшаға дайындау керек?
Баланың балабақшаға баруы эпикризистік кезеңдерге: 1ж 3а, 1ж 6а, 1ж 9а, 2ж 3а, 2ж 6а, 2ж 9а, 3ж түспеуі керек.
Балабақшадағы күн тәртібін алдын ала біліп, баланың үйдегі күн тәртібін соған ұқсас жасауға тырысу керек.
Баланың балабақшаға үйренгендігін қалай білуге болады?
Ол үшін келесілерді байқаймыз:
- ұйқысының жақсаруы;
- тәбетінің жақсы болуы;
- эмоционалды жағдайының тұрақты болуы;
- үйреншікті қылықтары мен білімдерінің қалпына келуі;
- белсенділігінің артуы;
- салмағының артуы;
Жыл сайын балалар дәрігерлік тексерістен өтуі тиіс. Егер бала ауырып қалса, онда балабақшаға жазылғаннан кейін екі аптадан соң қабылдайды. Сонымен қатар балаға қажетті егулерін уақытында жасап тұрғаныңыз дұрыс. Барлық берілген кеңестерді орындайтын болса, баланың балабақшаға бейімделу кезеңін жеңілдетесіздер.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 511
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Балабақшаға бейімдеу
Балабақшаға бейімдеу
Бейімделу деген жаңа қоршаған ортаға үйрену. Балабақша балаға, әрине, жаңа, әлі таныс емес кеңістік, жанашылық қарым - қатынас. Баланың балабақшаға бейімделуі өзінің психо - физиологиялық және тұлғалық ерекшеліктеріне, отбасылық қарым -
Қарым - қатынас тренинг - ойындар
Қарым - қатынас тренинг - ойындар
Топтағы балалармен қарым - қатынас орнату, балабақшаға бейімделуіне эмоционалды көмек беру, өзін - өзі дамыту, зейінді дамыту, психоэмоционалдық қысымды тежеу, эмоционалды нақты қимылдарды дамыту.
Бейімделу кезінде балаға қалай көмектесу керек
Бейімделу кезінде балаға қалай көмектесу керек
«Баланың балабақшаға бейімделу кезінде балаға қалай көмектесу керек» (тәрбиешілерге арналған ақыл - кеңестер, ұсыныстар)
Баланы балабақшаға дайындау жолдары
Баланы балабақшаға дайындау жолдары
Бейімделу деген жаңа қоршаған ортаға үйрену. Балабақша балаға, әрине, жаңа, әлі таныс емес кеңістік, жанашылық қарым - қатынас. Баланың балабақшаға бейімделуі өзінің психо - физиологиялық және тұлғалық ерекшеліктеріне, отбасылық қарым -
Ата-анамен жұмыс және ата-анаға кеңес
Ата-анамен жұмыс және ата-анаға кеңес
Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Балалардың мінез - құлқы, бейімі, қызығушылығы, мүмкіндігін т. б. тереңірек зерттеу. Ата - ана, бала, тәрбиеші арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.
Балаңыз балабақшаға баруға дайын ба?
Балаңыз балабақшаға баруға дайын ба?
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аккыстау селосы, №1 "Қарлығаш" балабақшасының психологі: Г.Меңдіғалиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×