Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Достық - татулықтан басталады

28 шілде 2013, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Өзін - өзі» тану ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің жоспары
Білім беру саласы: «Таным», «Денсаулық»
Тақырыбы: «Достық татулықтан басталады»
Құндылық: Достық, дұрыс әрекет.
Қасиеттер: татулық, сыйластық
Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің мақсаты:
«Достық» құндылығы туралы түсінік беру
Міндеттері:
- Досын қадірлей білуге үйрету;
- Досына адал болуға тәрбиелеу;
- Досына қиянат жасамауға үйрету.
Ресурстар:
Тақырыпқа байланысты мазмұнды суреттер, жүрекшелер
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің барысы:

2. Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар, оқу іс - әрекетін бастамас бұрын шеңберге тұрып, қолымызға жүрекшелерімізді алып, бір - бірімізге жылы лебізімізді білдірейік.
Шаттық шеңбері
Сәлемдесу
Біз балдырған тең басқан!
Дос құшағын кеңге ашқан!
Тілегіміз әділдік!
Ашық болсын кең аспан!
Достық - өмір тірегі,
Достық - әр адамның тілегі.
Татулық дәйім сақталса,
Қуанышпен соғады әр адамның жүрегі.
Тыныштық сәті.
А. Еңсепов «Балалық шақ» әуені

2. Өткен материалды пысықтау.
- Балалар, өткен оқу іс - әрекетімізде біз қандай тақырыпта әңгімеледік?
- Ол әңгімеден сендер не түсіндіңдер?
- Сендер достарыңа қалай көмектесіп жүрсіңдер?
3. Дәйек сөз.
«Дос көңілі шарайна,
«Сындырып алма абайла».
4. Әңгімелеу (сұхбат)
- Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетінде біз «Достық татулықтан басталады» тақырыбында әңгімелесеміз.
- Балалар, сендердің достарың көп пе?
- Достарыңмен татусыңдар ма?
- Мен бүгін сендерге В. Сухомлинскийдің «Әйнек - адам» атты әңгімесін оқып беремін. Мұқият тыңдайық.
Бір баланың титімдей досы - Әйнек – адамы болды. Өзі мөп - мөлдір. Бір ғажабы; қасиетті Әйнек – адам досының не ойлағанын, неге мұңайғанына дейін біліп қояды. Бала анасының тілін алмай сыртқа ойнауға шыққалы жатса, - Әйнек – адам бұрынғыдай мөлдіремей, сәл - пәл күңгірт тартып:
- Олай етуге болмайды, әуелі ісіңді тындыр. Ойнауға содан соң шық,- дейді.
Бала ұялып қалады. Дереу жұмысқа кіріседі. Жұмысын бітірген соң, сыртқа шығады. Әйнек - адам үндемейді. Бірақ қайтадан мөп - мөлдір түске енеді.
Бірде баланың аулада бірге ойнайтын жолдасы ауырып қалды. Бір күн өтті, екі күн өтті. Бала досын есіне алмады. Әйнек - адамына көзі түсіп еді, жауар бұлттай түнеріп кетіпті. Кімге жаманшылық жасап қойдым, қандай жаман ой ойлап қойдым,- деп сұрады бала дегбірі қашып...
- Ешкімге жаманшылық жасаған жоқсың. Жаман ой да ойлаған жоқсың... Тек досыңды ұмытқаның болмаса.
Баланы ұят қысты. Дереу ауру досының үйіне тартты. Оған анасы сыйлаған бір шоқ гүлін, үлкен - үлкен алмаларын ала барды.
Әйнек – адам осылай баланы нағыз адам, нағыз дос болып өсуге баулыды. Ол – баланың ұят, ары еді.
- Балалар, бұл әңгімеден не түсіндіңдер?
- Бала ойынға шығарда Әйнек – адам неге күңгірт тартты?
- Бала жұмысын тындырғаннан кейін Әйнек – адам қандай түске енді?
- Әйнек - адамның түсі тағы неге бұзылды?
- Ол баланың есіне нені салды?

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
- Балалар, жұмыс дәптерлеріңді ашып, «Достық – татулықтан басталады» деген суретті бояп, сонан соң сурет бойынша әңгімелеп беріңдер.

6. Топпен ән айту.
- Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетіміз «Достық» туралы болғандықтан, бәріміз бірге «Дос болайық бәріміз» әнін орындайық. Сөзі: Х. Талғаров Әні: И. Нүсіпбаев

7. Соңғы тыныштық сәті.
Секен Тұрысбековтің «Көңіл толқыны» күйі ойналады.
- Балалар, енді көзімізді жұмып, бүгінгі оқу іс - әрекетін есімізге түсірейік. Бүгінгі оқу іс - әрекетінен алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді жайлап, көзімізді ашуға болады.
- Балалар, оқу іс - әрекетінде барлығың да жақсы қатыстыңдар. Сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!
19 518
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 - мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні
1 - мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні
1 - Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! «Бірлік бар жерде - тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.
Достық
Достық
Достық Жастайымнан бірге болғам өзіңмен, Нұр шуағы төгілді сенің көзіңнен. Әрқашанда бірге болсақ деп едім Бұл өмірге қарау керек төзіммен.
Ынтымақ мерекесі
Ынтымақ мерекесі
Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Тіл дамыту. Тәрбиеші: Ахметкалиева М. Б.
Татулық достық мерекесі
Татулық достық мерекесі
Бейбітшілік - осы бір асыл сөз қазіргі бүкіл дүниеге тарап, әрбір ізгі ниетті адал ойлы адамның жүрегінен орын алады. Қазақ халқыда мейірбан кең пейілді бауырмал. Қазақстан республикасы кең байтақ оның негізгі халқы қазақтар
Достық
Достық
Байқоңыр қаласы, К.Э.Циолковский атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектебінің 7 сынып оқушысы Жамбылова Гүлсая Ұстазы Жакупова Алмагуль Байдуллаевна
Біз достықты сүйеміз
Біз достықты сүйеміз
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Әбіш Жансая Нөпірбайқызы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×