Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бөлме құстарымен таныстыру

04 тамыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы:
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Айналамен таныстыру.
Тақырыбы: Бөлме құстарымен таныстыру.
Мақсаты: Білімділігі: Балалардың тақырып бойынша білімін қалыптастыру, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оның әсемдігін сезінуге, құстардың түс ерекшелігін есте сақтауға баулу. Бөлме құстарының тіршілігі, іс - әрекеті және дене мүшелерімен таныстырып, білім беру.
Дамытушылығы: Балаларың ой - өрісін, логикалық шығармашылық қабілетін дамыту. Ойлау белсенділігін, қызығушылығын, қиялын дамыту. Сөздік қорын байыта отырып, байланыстыра сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелігі: Құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Адамгершілік тәрбиесін егу.
Методикалық әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, көрсету, сұрақ – жауап, конус театры арқылы үстел үсті сахналық қойылымы (психологиялық трениг), кубизм әдісі, ғажайып сәт, ойын, бағалау, қорыту.
Қажетті көрнекіліктер: конус белгісіндегі құстар, күн, аспан, бұлт, шөп, құстар бейнеленген буклет, ойыншық тотықұс, тордағы құстар, кубик пішініндегі құстардың суреті, дене мүшелері
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, көркем әдебиет
Алдын – ала жүргізілген жұмыс: Құстар туралы суреттерді көрсету
Сөздік жұмыс: Ако, Коко, Сосо, Жожо.
Сөздік қор: Бұйра тотықұстар

Ұйымдастыру кезеңі
Бұл кезең мультфильмді әңгімелеуден басталады.
Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге теледидардан көрген мультфильмді әңгімелеп берейін.
● Алыс орманда бір топ құстар өмір сүреді. Өздері мейірімді, тату болса да ормандағы басқа құстар бұларды өте ұсқынсыз болғандықтан жек көріпті.
● Немене, денелеріңде әдемі мамық жүндерің де жоқ - дейді көрші құс.
● Менің мамықтай қауырсындарым қызыл, жасылды алыстан көз тартады - деп мақтанады.
● Бір топ құстар өздерінің осындай әдемі болмағандарына ренжіп, ойланып отырады.
● Сол кезде біреуі былай дейді: - Достарым, көп уайымдамаңдар, біздің айналамыз толған сұлулық емес пе, қараңдаршы. Осы кезде аспанда Алтын күн бұларға мейірлене шуағын төгіп тұрады.
● Біреуі күнге қарап: - Алтын күн, сіз маған өзіңіздің сары болуыңыздан аз ғана бермес пе екенсіз?
● Ал екінші құс аспанға қарап: - Көгілдір аспан ата мен де сізден аз ғана көк бояуды сұрағым келеді.
● Үшінші құс бұлтқа қарап: - Ақша аппақ бұлттар сіз де маған мамықтай ұлпаларыңыздан сыйламас па екенсіз?
● Төртінші құс: - Мен қайдан сұраймын төбеміздегі бар әдемілікті сұрап қойдыңдар,- деп жерге қарап ренжіпті. Ол өздерінің аяқ астында жатқан әдемі жасыл шөптерді көріп қуанып кетеді де:
Жасыл шөп, маған жасыл түсті бояуды сыйға бермес пе екенсіз?
● Жарайды – дейді Күн, Аспан, Бұлт, Шөп. Уайымдамай демалып, ұйықтай беріңдер. Құстар ұйықтап жатқандарында достары сұраған бояу түстерін оларға сыйлап кетеді. Ертеңіне құстар жуынбақшы болып өзенге келеді де, өздерінің су бетіндегі суреттерін көріп таң - тамаша қалады. (Буклеттен құстардың әдемі суреттері көрсетіледі)
● Олар өте бақытты, қуанышты еді. Осындай әдемі құстарды көрген адамдар: тотыдай неткен керемет деп оларға «Тотықұс» - деп ат қойып, осындай құстарды әдемілікке өз үйлерінде әдемі торларда бағып ұстайтын болған екен.
● Тәрбиеші: Балалар, сіздер осындай әдемі құстың біздің топта болғанын қайсыздар ма?
Балалар: Әрине, қалаймыз.
Тәрбиеші: Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып, ішіміздегі жылы лебізімізді сыртқа жайлап үрлеп шығарайықшы. (Бұл кезде сергіту сәті кетеді)
Үстел үстінде торға салынған төрт тотықұс пайда болады.
● Бұл құстар «Бұйра тотықұс» деп аталады.
● Қане, қайталайықшы.
● Бұйра тотықұстар
Тәрбиеші: Өзге құстар сияқты бұлардың да тұмсығы, қанаты, құйрығы, денесі, аяғы болады. Балалар, құстардың өзге айналамыздағы жан - жануарлардан, жәндіктерден айырмашылығы:
Олар керек жемдерін тұмсығымен шоқып жейді, яғни тұмсығы болады және ұшатын қанаты болады.
Енді құстардың түсіне назар аударайық
Олар көк, жасыл, сары, ақ екен.
Біздің топқа құстар келген екен, енді біз осы құстарға ат қояйық.
Балалар: Жарайды
Тәрбиеші: Мысалы ақ тотықұс - Ако, көк тотықұс – Коко, сары тотықұсты – Сосо, жасыл тотықұсты - Жожо.
Қане бәріміз қайталайықшы
Ако, Коко, Сосо, Жожо.
Бұл құстарға назар аударайықшы. Олар қайда тұр?
Торда тұр.
Торда сонымен бірге олар қонақтайтын таяқшалар бар екен. Бұйра тотықұс бар торға көлденең шарбақ орнатып, дөңгелек сақина, айна іліп қою керек. Тотықұстар шарбақтардың арасында секіріп ойнап, дөңгелек сақинада тербелгенді ұнатады.
Балалар қалай ойлайсыңдар, құстарымыздың қарны ашпас үшін не керек?
Тамақ беруіміз керек.
Дұрыс айтасыңдар. Тотықұстар арнаулы құрғақ дәнмен қоректенеді және қосымша лама, сәбіз жегенді ұнатады екен. Сонымен бірге мынау арнайы дүкендерде сатылатын бал таяқшасы, бұл тәтті болды және мына ақ тұзды тас болады, бұл тұмсықтарының мықты болуына да көмектеседі. Ал тотықұстар суды өте аз ішеді екен.
Тәрбиеші: балалар, енді біз тотықұсты қаншалықты білгендігімізді анықтай үшін қызық ойын ойнайық.
Ойын: «Қане - қане, міне - міне» деп аталады.
(кубик тәріздес пішіндегі суреттерден құстардың дене мүшелерін, тәрбиешінің сұрағына байланысты көрсетіп жауап береді. Мысалы: тәрбиеші – қане, қане - көзі. Балалар - міне, міне - көзі)

Балаларды бағалау
Сабақты қорыту.
5 650
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат бұрышы: қалай күтіп баптау және бала өміріне пайдасы
Табиғат бұрышы: қалай күтіп баптау және бала өміріне пайдасы
Мақсаты: Табиғат бұрышындағы гүлдермен таныстыру. Гүлдердің аттарын толық айтуға дағдыландыру. Гүлдерді күтіп баптауға үйрете отырып табиғатқа деген сүйіспеншілігін артыру.
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
1. Қыс мезгілінің ерекшеліктерін әңгімелейді. - Жылдың қай мезгілі? - Қыс мезгілінің қай айы? - Қыста табиғатта қандай құбылыстар болады? Жауып тұрған қарлар артындағы сұрақтарға жауап берейік. - Біз немен дем аламыз? - Нені басып жүреміз?
Үй құстары және дала құстары
Үй құстары және дала құстары
Ұй құстары туралы және дала құстары туралы түсініктерін бекіту. Оларға қамқорлық жасауға, аттарын толық білуге үйрету. Ұй құстары мен дала құстарын ажырата білуге үйрету.
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: 1. Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. 2. Қыс кезіндегі құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу арқылы балалардың қамқорлық жасауға деген белсенділіктерін арттыру.
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: Құстардың қысқы тіршілігі және қыстайтын құстар туралы түсінік беру. Балалардың логикалы ойлауын, тілін, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін дамыту. Құстарды қорғауға, ұясын бұзбауға тәрбиелеу.
Бөлме гүлдері «Кактус»
Бөлме гүлдері «Кактус»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру салалары: Қатынас Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы: Бөлме гүлдері «Кактус»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×