Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балалар арасындағы асфальтта сурет салу байқауы

25 қыркүйек 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Күн шуағы» атты «Аққу» тобы балалары арасындағы асфальтта сурет салу байқауы
Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй сыйлай отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сурет салуғa деген ынталарын артыру.

Барысы:
Жүзімізге қараңыз
Бал күлкүлі баламыз
Бізге қымбат күншуақ
Бізге қымбат анамыз

Қайырлы күн қадірлі ата - аналар, қонақтар, бүлдіршіндер!
1 - маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Балалар, сендер болашақтың иесісіңдер. Сәбилердің күлкісі мен ана мейірімі ешқашан бұзылмасын!
- Балалар, бүгінгі күн қандай тамаша!
Кәнеки, осындай тамаша күні бәріміз бір - бірімізге жылы лебізімізді білдірейікші...
Балалар, күн шуағын төккенде қуанасыңдар ма?..
- Ендеше күнге сәлем берейік.
- Сәлем бердік, шуақ күн ( Қолдарын жоғары көтеріп аяқтың ұшымен тұрып созылу)
- Сәлем бердік, ашық аспан (Қолдарын жаяды)
- Сәлем бердік, Жер - Ана ( тіземен отырады)
- Сәлем бердік, баршаңызға ( Иіліп сәлем беру)
Міне, күн де оянып, сендерге жылуын таратты. Жылу бүкіл денемізге тарап бізді оятты.
Балалар, бүгінгідей ерекше күні енді біз жұмысымызға кірісейік.
Балалар, бүгін қандай мереке екенін білесіңдер ме? (1 - маусым балаларды қорғау күні)
Осы мерекеге байланысты сендер сурет салу сайысына түсесіңдер. Сендердің салған суреттеріңді бағалап, әділ бағасын беретін аға - апайларымызбен танысып алайық.
Нәлібай Айсара - қазылар алқасының төрайымы,
Балабақшамыздың меңгерушісі
Мүшелері:
1. Иззатова Шатарат – балабақша медбикесі
2. Жусипова Әсемкүл - тәрбиеші
3. Өскенбайқызы Меруерт - балабақша психологы
Саламатсыздар ма, балалар! Мен көңілді музыкантпын. «Аққу» тобының балалары мерекеге байланысты сурет салғалы жатқанын естіп, мен де өз үлесімді қосуға келдім. Бірақ мен сендер сияқты сурет сала алмаймын. Сондықтан сендер сурет салғанда мен баянмен көңілді әндер ойнатып тұрайын. Жарай ма, балалар?
Бүгінгі тақырыбымыз «Күн шуағы». Түрлі түсті бордың көмегімен түрлі сурет саламыз.
Суретті қорғау.
Қорытынды шығару.
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»
48 286
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шуақты қала
Шуақты қала
Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлай отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сурет салуғa деген ынталарын артыру.
Жапалақтап алғашқы қар жауып тұр.
Жапалақтап алғашқы қар жауып тұр.
Балаларға жыл мезгілдерінің өзгеруіне көңіл бөлуге, қоршаған ортадағы – үйлерге, ағаштарға, жерге қардың қалай жаутындығын бақылату
Қазақстан
Қазақстан
Бүгінгі сабағымыз Тәуелсіз Қазақстан тарауы бойынша алған білімдерін тексеру
Жас Астрономның тапсырмалары
Жас Астрономның тапсырмалары
Балаларға жыл бойына үйренген оқу іс - әрекеттер білімдерін тиянақтау, сөздік қорын дамыту, ойлау, көру жүйесі арқылы қабылдау қабілеттерін дамыта отырып, ауыз екі сөйлеуге баулу.
С. Оспановтың «Сегізінші наурыз күні» өлеңі
С. Оспановтың «Сегізінші наурыз күні» өлеңі
Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Өндіріс ауылы, Өндіріс орта мектебінің мұғалімі Мағауина Бақытгүл Талапқызы
Математика әлеміне саяхат
Математика әлеміне саяхат
Семей қаласы, «№23 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ Бастауыш сынып мұғалімі: Жанпеисова Ф.Т
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×