Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ынтымақты отбасы

20 сәуір 2012, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№9 «Балауса» балабақшасы
Мүберекова Шынар Тыныштыққызы

Мақсаты: Ата- аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт- дәстүрі туралы білімдерін байқау.
Отбасы- отанның бір бөлшегі екенін ұғындырын, балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Әдісі: Ата – аналар мен балалармен айыс түрлері өтеді.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасы рәміздерінің суреттері, Отан, отбасы, ынтымақ, бірлік туралы мақал- мәтелдер жазылған плакаттар.
Барысы:
Жүргізуші: Атамыз қазақ «Бала – адамның бауыр еті», «Балалы үй – базар» дейді. Өйткені бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан- жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Олай болса бүгінгі №9 «Балауса» балабақшасы «Балдырған» тобында өткізілгелі отырған «Ынтымақты отбасы» сайысына хош келдіңіздер.
Бүгінгі сайыскерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз.
------------------------
Әділ қазы алқаларын таныстырып өтсек.
------------------------
Сайыс мынадай бөлімдерден тұрады.
І – бөлім . Отбасы өз- өзін таныстыру
ІІ – бөлім. Сұрақтарға жауап беру, яғни жан – жақты білім деңгейін сөйлеу мәдениеті, ұлттық тәрбиені меңгеруін байқау.
І тапсырма
1. Бақытты отбасы болудың негізгі шарттарына нені жатқазар едіңіз?
2. Сәлемдесу, жөн сұрасудың өз - өзіндік дәстүрі бар. Осы жайында не айтасыз?
3. Бала шыр етіп дүниеге келгенде жасалатын салт- жораның түрі қандай?
4. Бала тәрбиесі қай жастан бастап қолға алған дұрыс?

ІІ тапсырма
Мақалдың мәнін ашу
1. «Тұлпар тайдан өседі»
2. «Ана- балаға жастық , әке көрпе»
3. «Отбасына қарап бала өседі, қарағайға қарап тал өседі»
4. «Бала – отасының айнасы»
ІІІ тапсырма. Жағыдаятттар
1. Балаңыз телеарнадан мультфильм көріп отыр, осы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті телехикаңыз басталды. Сіз не істейсіз. Балаңызға жасар әрекетіңіз қандай?

2. Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз. Балаңыз «мен сурет салып отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?
3. Балабақшадан келген балаңыз. «Мен ертең балабақшаға бармаймын , апай ұрысты» деді. Сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?
4. Балабақшадан келген қызы мамасына «Мама сізге қызық нәрсе айтамын. Бүгін балабақшада ..... деп әңгімесін бастап жатыр еді. Мамасы : «Сенің де басым ауырып тұр, мазамды алма!» деді.

Егер сіз болсаңыз не істер едіңіз?
Балаларға суретті тест беру.
ІІІ – бөлім. «Көңілді жарыс»
А) Өз баласын иісінен айыру.
Б) картоп аршудан жарыс.
ІУ - бөлім . «Көңілді аспаздар»
Әкелер картоп аршудан жарыс
Аналар : Менің баламның сүйікті асы.
У- бөлім. Өз өнерлерін көрсету
әр отбасы ән айту, би билеу т б
УІ – бөлім.
А) Мен баламды қалай еркелетемін
Б) Алтын балыққа тілегіңіз.

Жүргізіуші: Сайысымызды қорытындылау үшін әділ қазыларға сөз береміз.

Жүргізуші: Құрметті ата- аналар және қонақтар, балалар бүгінгі «Ынтымақты отбасы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, береке және бірлік тілейміз.
14 971
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отбасым – бақыт мекенім
Отбасым – бақыт мекенім
Отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;
Сценарий: Бақытты отбасы
Сценарий: Бақытты отбасы
Ата - аналар мен сайысқа қатыстыра отырып баланың ата - ана өміріндегі маңызын, ата - аналардың балаларға деген тәрбиесін көрсету. Халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау.
Отбасылық сайыс «Өнерлінің өрісі кең»
Отбасылық сайыс «Өнерлінің өрісі кең»
Атамыз қазақ «Бала - адамның бауыр еті», «балалы үй - базар» дейді. Өйткені бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі
Кім жүйрік? (ҰКТ – дағы отбасылық сайыс сабақ)
Кім жүйрік? (ҰКТ – дағы отбасылық сайыс сабақ)
Сабақтың мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отрып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау. Ән - би қол өнер тәрізді халықтық өнерден хабардарлығын анықтау.
«Кім жүйрік?» (ҰКТ – дағы отбасылық сайыс сабақ)
«Кім жүйрік?» (ҰКТ – дағы отбасылық сайыс сабақ)
Сабақтың тақырыбы: «Кім жүйрік?» Сабақтың мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау. Ән - би қол өнер тәрізді халықтық өнерден хабардарлығын анықтау.
Ынтымақты отбасы (отбасылық сайыс)
Ынтымақты отбасы (отбасылық сайыс)
Қызылорда қаласы, Талдыарал елді мекені №215 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Серімбетова Салтанат Темірханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×