Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сиқырлы пішіндер

29 қазан 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Балақай» тобының ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін технологиялық картасы.
Білім беру саласы: “ Таным”. ”Шығармашылық”.
Білім беру бөлімі: “ ҚМҰҚ” ” Қор. ортамен таныстыру”.”Мүсіндеу”.

Тақырыбы:”Сиқырлы пішіндер”.
Мақсаты: Балаларды пішіндермен таныстыру, пішіндерді ажыратып айта білуге, түр – түсін анықтай білуге дағдыландыру. Балалардың ой - өрісін, логикалық ойлау қабілеттерін, оқуға деген ынталарын, зейіндерін, белсенділіктерін арттыру. Балалардың шапшаң ойлап, пішіндерді, олардың түр - түсін ажырата білуге ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, пішіндер.
Көрнекілік: Әртүрлі пішіндер, Ханшайым, сандықша, қар, құрастырмалы ойыншықтар.

Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалар әрекеті

Танымды оятушылық
Жылулық шеңбері:
- Үлкенге де “Сіз”,
- Кішіге де “Сіз”,
- Баршаңызды құрметтеп,
- Бас иеміз “ Біз”!
Жылулық шеңберіне
тұрады. Үлкенмен де, кішімен де бас иіп, амандасады.

Ұйымдастыру -Іздестіру.
Сергіту сәті.

Рефлексивті түзету.
- Балалар, бүгін біз “Сиқырлы пішіндермен” танысамыз.
Сиқырлы пішіндерге қандай пішін - дер жатады екен, соны қарайық:
- Төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек жатады екен.
- Неге төртбұрыш дейді екенбіз, қанекей төртбұрыштың қабырғаларын, бұрышын санайық.
Төртбұрыштың түсі қандай?
- Ал, үшбұрышты неге үшбұрыш дейді екенбіз, бұрыштар мен қабырғаларын санайық.
Үшбұрыштың түсі қандай екен?
- Жақсы, менің қолымдағы қандай пішін екен?
- Менің қолымда ұстап тұрған пішін дөңгелек екен. Пішіннің түсі қандай?
- Иә, оның түсі көк екен.
Есік қағылады.
- Балалар, тыңдаңдаршы есікті біреу қаққандай болды ма?

- Балалар, қараңдаршы бізге «Сиқырлы пішіндер» әлемінен қонаққа Ханшайым келіпті. Ханшайым өзімен бірге «Сиқырлы пішіндер»әлемінен пішіндерді ерте келіпті, сондай - ақ сендерге арнап сыйлық ала келіпті, сендер тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар сыйлығын береді.

- Ханшайым, пішіндерді ертіп келіп, балалармен таныстырып жатқаныңызға рахмет. Енді сіз балаларымыздың пішіндер туралы не түсінгенін көріңіз.
Балаларға тапсырма беру:
1. Тапсырма: Тақтада ілінген үш түрлі орамалды жамау керек.
Шарты: Әр орамалға керекті пішінді таңдап, орамалды жамайды
2. Тапсырма: Тақтаға ілінген кілем – шенің ою - өрнегін (пішіндерді) рет - ретімен қою керек.
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.

3. Тапсырма: Тақтаға пішіндерден үй жапсырту. Үй қандай пішіндер - ден тұрады?.
Төртбұрыштан, үшбұрыштан тұрады.
- Балалар, менің қолымдағы құрас – тырмалы ойыншықтар қандай пішінге ұқсайды?
- Иә, төртбұрышқа ұқсайды. Ендеше осы төртбұрыштан көп қабатты үй құрастырайық.
- Балалар, көрдіңдер ма, біз пішіндердің көмегімен көптеген заттарды құрастыра алады екенбіз.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Иә, қазір қыс мезгілі екен.
Далаға қарайықшы, дала қандай кейіпте?
- Күн суық, айнала аппақ қар, жылы киінген балалар.
- Қармен ойнаған сендерге ұнай ма?
- Қыста қандай ойын ойнағанды ұнатасыңдар?
- Жақсы балалар, қыс келді деген ше, қыстың қызықты ойындары да басталады екен.
Мысалы: Аққала тұрғызу.
Үшбұрыштардан шырша жапсыру.
Қарды көрсету, сипаттама беру.(аппақ, суық, тез ериді)
- Аққаланы қандай пішіндерден жасадық?
- Иә, қарды домалақтап аққала жасадық.
- Қардың түсі қандай?
- Балалар, бүгін біз қандай пішіндер - мен таныстық?
- Иә, бүгін біз төртбұрышпен, үшбұрышпен, дөңгелекпен таныстық.
- Төртбұрыштың неше қабырғасы,
бұрышы бар, түсі қандай?
- Үшбұрыштың неше қабырғасы, бұрышы бар, пішіннің түсі қандай?
- Дөңгелек, түсі қандай?

Балаларды бағалау.
- Балалар, барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар. Рахмет.

Сендерге Ханшайымның дайындаған сыйлығы бар екен, соларды ала қойыңдар.

Бір, екі, үш, төрт
Төртбұрыштың
түсін айтады.

Бір, екі, үш.
Үшбұрыштың түсін айтады.
Жауап береді.
Пішіннің түсін айтады.
Есікті қағып, Ханшайым мен пішіндер қонаққа келеді.
Төртбұрыш - Сезім.
Үшбұрыш – Шырай.
Дөңгелек - Адина.

Ханшайым амандасады.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Мен «Сиқырлы пішіндер» әлемінен сендерге таныстыру үшін пішіндерді ерте келдім.

Пішіндер өздерін таныстырады:

Төртбұрышпын, төрт
бұрышпын.
Төрт қабырғасы бар бұрышпын,
Қай жағынан қарасаңда,
Төрт қабырғам тең бұрышпын.

Үшбұрышпын, үшбұрышпын,
Үш қабырғам бар бұрышпын,
Төртбұрыштан аз болсам да,
Орны бөлек үшбұрышпын

Домалақпын, домалақпын
Дөңгелек боп домаладым.
Ай сияқты, күн сияқты
Шар сияқты домалақпын.

Ханшайым мен пішіндер балалардың ортасына барып отырады.
Пішінін, түр - түсін дұрыс таңдап, жамауды жамайды.
Пішіндерді (кілемшенің ою - өрнегі ) қояды.
Қимыл - қозғалыспен көрсетеді
Пішіндерден үй құрастырады.
Бір - бірден балалар шығып, құрастырмалы ойыншықтан көп қабатты үй құрастырады.

Балалардың жауабы.
Балалар қыс туралы әңгімелейді.
Шана, шаңғы.
Шыршаның жанына қардан аққала тұрғызады.
Қойылған сұрақтарға жауап береді.
Төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек.
Сұрақтарға жауап береді. Ханшайым сыйлықтарын балаларға таратады.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Балалар пішіндерді, пішіндердің түр - түсін ажыратып, пішіндерді рет - ретімен қоя білу керек.
Болу керек: Балалардың сабаққа деген қызығушылықтары, ынталары болу керек.
Істей білу керек: Құрастырмалы ойыншықтардан көп қабатты үй құрастырып, қарды домалақтап, аққала жасай білу керек. Сергіту сәтін қимыл - қозғалыспен көрсетіп, істей білу керек.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
29 196
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндерді ажырата білуге, оларға ұқсас заттарды таба білуге, пішіні ұқсас заттарды білуге, пішіндерден бейне құрастыра білуге, түстерін айта білуге үйрету.
Сиқырлы пішіндер
Сиқырлы пішіндер
Балалардың пішіндер туралы білімдерін толықтыру, оларды ажыратып атай білуге үйрету. Балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін ойын арқылы дамыту, қызығушылығын арттыру. Өз ойларын жеткізе білуге үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Қиял болжамдарын дамытып, қабілеттерін шыңдау, таным өнерін сөздік қарым - қатынастарын байыту. Балалардың ойлау, көріп тану, зейінін, есте сақтау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, дербес іс - әрекетке тәрбиелеу.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Жапырақтардың түсі қандай? Осы түстерді ажырата отырып, бүгінгі оқу іс - әрекетінде бүгін біздер геометриялық пішіндермен танысамыз. Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Семей қаласы, №38 мектеп - лицей Шағын орталық тәрбиешісі Нугуманова Айшолпан Ел – Амановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×