Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күзгі ағаштарды бақылау

07 қараша 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Серуеннің тақырыбы: «Күзгі ағаштарды бақылау»
Мақсаты: күзгі табиғат құбылыстарымен таныстыра отырып, күзгі ағаштарға назарларына аудару. Күзгі ағаштардың ерекшелігімен таныстыру. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Күзгі табиғаттың сұлулығы мен әсемдігін көре білуге тәрбиелеу.
Құрал жабдықтар: ойынға қажетті атрибуттар, еңбекке қажетті құрал - жабдықтар

Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Күз
Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын
Жер мен көк жалтыраған сап – сары алтын
Ағашта жапырақтар сылдырлайды
Төгілген алтын теңге сансыз жатқан
Сары алтын батсайыдай дала бидай
Үйілген мая – мая қызыл бидай
Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан
Жинайды жаратылыс берген сыйдай

- балалар біз серуенге қайда шықтық?
- Қазір жылдың қай мезгілі екен?
- Күз мезгілінде қанша ай бар?
- Бүгін ауа райы қандай екен?

ІІ. Негізгі бөлім:
1. Күзгі ағаштарды бақылау
Дұрыс айтасыңдар! Бүгін балалар біз серуенде күзгі ағаштарды бақылаймыз. Балалар қараңдаршы күзгі ағаштар қандай түске боялған?
- сары түске боялған.
- Жарайсыңдар! Ал олар неге сары түске боялған деп ойлайсыңдар?
- Себебі қазір күз мезгілі. Сондықтан жапырақтар сарғайған.
(балалар ағаштардың жанына барып, оларды бақылайды, жапырақтарына, діңіне назар аударады)
Дұрыс айтасыңдар қараңдаршы ағаштардың бәрі сап - сары алтын түске боялып, жерге сары кілем төселіпті. Күзгі табиғат қандай әсем, сұлу, тамаша еді. Осындай әсем табиғатты біз аялап күтіп, қамқорлық көрсетуіміз керек.
- ал балалар сендер ағаштарды қарап бақыладыңдар. Айтыңдаршы ағаштардың жапырағы тек сары түске бөленген бе?
- Жоқ
- Тағы қандай түсті жапырақтарды кездестіңдер?
- Жасыл, сарғылт, алтын түстес жапырақтарды.
- Жарайсыңдар балалар! Енді осы ағаштардың жерге түскен сары жапырақтарын тергілерің келеді ме?
- Ия
- Ендеше қазір бәріміз күзгі сары жапырақтарды терейік. Топ кірген соң ол жапырақтардан балапан жасаймыз. Жапырақтарды тергенде сап – сары түстісін, әдемісін тереміз. Жарай ма балалар?
- Жарайды.
Балалар күзгі сары жапырақтарды теруге кіріседі.

2. Табиғаттағы еңбек
- Балалар сендер жапырақтарыңды теріп болдыңдар ма?
- өздеріңе қажетті жапырақтарды тердіңдер ме?
- Ендеше балалар біз қазір мына күзгі ағаштардан түскен қалған жапырақтарды жинап тазалап тастайық. Біздің аула тазалаушы тәтейге берген көмегіміз болсын. Ағаштарда бізге рахметін айтсын. Келісесіңдер ме?
- Келісеміз.
- Ендеше мен қазір құрал жапырақтарды таратып беремін.
Ендеше балалар қазір қыз балалар мына сыпырғыштармен мына жапырақтарды тазалап, бір жерге жинасы, ал ұл балалар сол жиналған жапырақтарды арбамен тасып әкетсін.
(балалар тәрбиешінің нұсқауы бойынша жерді жапырақтардан тазарта бастайды. әр бала өзіне берілген іспен шұғылданады)
- жарайсыңдар балалар! Сендер бүгін үлкен іс атқардыңдар. Сендерге мына күзгі ағаштар, аула тазалаушы апай үлкен рахметін білдіреді.

3. Қимылды ойын: «Қоянға сәбіз бер»
Екі қоян орындықта отырады. 3м қашықтықта тұрған екі баланың көзін орамалмен байлап, қолдарына сәбіз ұстатады. Балалар сәбізді қоянның аузына апарып салу керек. Көзі байланған балалар қоянның аузын таба алмай күлкілі жағдайға ұшырайды. Ойын қызықты өтеді.

ІІІ. Қорытынды бөлім:
Жарайсыңдар балалар!
- сонымен балалар бүгін серуенде нені бақыладық?
- Ағаштар қандай түске боялыпты?
- Серуенде тағы немен айналыстық?
- Жарайсыңдар. Бүгін барлығың серуенде өздеріңді тәртіпті ұстап, жақсы еңбек еттіңдер.
65 497
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күзгі ағаштар
Күзгі ағаштар
Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістер жайлы бейнелеу арқылы балалардың білімдерін кеңейту, оның құбылыстарын ажырата білуге үйрету.
Күзгі табиғат
Күзгі табиғат
• Күзгі табиғаттағы, ауа райындағы өзгерістерді байқай отырып, артикуляциялық және дауыс аппаратын дамыту; • Қойылған сұрақты тыңдап, дұрыс жауап беруге тәрбиелеу;
Жапырақтың күзгі серуені
Жапырақтың күзгі серуені
Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыра отырып, күз молшылық береке айы екендігін түсіндіру. Не үшін күзді алтынға балап жататынын түсіндіру.
Күзгі жапырақтар
Күзгі жапырақтар
Күз мезгілі туралы айту, күз мезгілінде ағаштардың жапырақтары неліктен сарғаятыны жайлы айту. Балалардың ой-өрісін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Алтын күз
Алтын күз
Күздің негізгі белгілерімен күзгі табиғатпен, күзгі еңбек түрлерімен таныстырып, алған білімдерімен тиянақтау. Әңгіме құрап айтуға үйрету.
Арайлы алтын күз
Арайлы алтын күз
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын, Көңілді серіппелі күйін ашсын. Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып, Береке бірлікпенен ортақтассын.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×