Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үй құстары

13 қараша 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Балақай» орта тобының ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Білім беру бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Үй құстары
Мақсаты: 1. Балаларға үй құстарын таныстыру, олардың тіршілігі мен пайдасын айтып, білімдерін, танымын жетілдіру.
2. Суреттер, үнтаспа, дид. ойындар арқылы сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Үй құстарына қамқорлықпен қарауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Көрсету, сұрақ - жауап, дид. ойындар т. б
Қос тілділік компоненті: құс - птица
Керекті құралдар: Суреттер, үнтаспа, дид. материалдар.

Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Жылулық шеңбері:
Қуан, шаттан алақай,
Қуанатын күн келді,
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Балаларды оқу іс - әрекетіне әзірлеу.
Балалар мына сиқырлы қорапшаның астын да не бар екен? Қараңдаршы.
- Мынау ненің суреті?
- Әтеш қандай дыбыс шығарады?
- Мынау ненің суреті?
- Тауық қандай дыбыс шығарады?
- Мынау ненің суреті?
- Үйрек қандай дыбыс шығарады?
- Мынау ненің суреті?
- Қаз қандай дыбыс шығарады?
Енді осы үй құстарының жанды дауысын үнтаспадан тыңдайық.
Осы танысқан құстар «Үй құстары» деп ата
лады. Неге үй құстары дейміз?. Өйткені бұларды біз үйдің жанында асыраймыз, күтіп, бағамыз.
Енді мына пішіндерді атайықшы.
Мынау қандай пішін?
- Дөңгелектен құстың басын құраймыз
- Мыналар қандай пішіндер?

Баланың әрекеті
Балалар жылулық шеңберін айтып, көңілдерін көтереді.
- Әтеш.
- Ку - ка - ре - ку.
- Тауық.
- Қыт - қыт - қыт.
- Үйрек.
- Кря - кря.
- Қаз.
- Га - га
Үнтаспадан үй құс тарының дыбыстарын тыңдайды.
Дөңгелек.
- Кіші, үлкен үш - бұрыш

Негізгі бөлім:
Тәрбиешінің әрекеті
Кіші үшбұрыш құстың тұмсығы, үлкен үшбұрыш құстың денесі болсын.
- Мынау қандай пішін?
- Сопақ құстың қанаты болсын.
- Мынау қандай пішіндер?
- Бұлар құстың аяқтары болсын.
Қараңдаршы сонымен үй құстарының басы, тұмсығы, денесі, қанаты, аяқтары болады екен.
Бұлар немен қоректенеді екен?
Мына суретке қарайықшы, мына бала су беріп, қыз болса жем шашып жатыр. Олар су ішіп, жем жейді екен және шөп жейді. Су, жем беріп, оларды бағып, күтсек олардың бізге берер пайдасы көп екен. Әтеш бізді ку - ка - ре - ку деп айқайлап, оятады. Тауық, қаздың жұмыртқаларын жейміз, мамаларымыз жұмыртқадан торт, печенье пісіреді. Ал жүнінен жастық жасаймыз,
етінен неше түрлі тағамдар пісіреміз.
Сергіту сәті
Қазым, қазым қаңқылдап,
Көлде жатыр салқындап.
Жем шашайын жейсің бе?
Кәмпит берші дейсің бе?
Жоқ, жоқ, жоқ,
Кәмпит тәтті ас болмас,
Арпа менен бидай шаш.
Балалар осы үй құстарының құрметіне тақпақтарымызды айтып берейікші.

Іңкар: Күнәһарлық істеме,
Тауықтарды тістеме.
Моп - момақан үйрекке,
Тентектікті үйретпе.

Шырай: Ақ тауық - ай, ақ - тауық,
Ақ тауық неткен қақсауық.
Ертемен қыт-қыттайды,
Ауламыздан шықпайды.

Адина: Ширақ атта бір уақ,
Алсын құстар өнеге,
Жол үстінде тұрып - ап,
Жолаушыны бөгеме.

Асхат: Оятпа қораз сен бізді,
Өзімде сездім таң атты.
Сенсіз - ақ білем мезгілді
Танимын енді сағатты.
Қараңдаршы бізге үйрек пен қаз келіпті.
Олар бізге дид. ойындар алып келіпті.

1.«Балапандарын тап»
Шарты: Үй құстарының балапандарын тауып, қарындашпен енелеріне қарай сызу.
2.»Үй құстарын табу»
Шарты: Дала құстары мен үй құстарының арасынан үй құстарын тауып, атау.
Балалар сендер оқу іс - әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар, сендерге қаз бен әтеш рахметтерін айтып, сыйлықтарын бермекші.

Баланың әрекеті
- Сопақ.
- Төртбұрыш.
Балалар құстардың дене мүшелерімен танысады.
Үй құстарын бағып, күту керектігін түсінеді.
Үй құстарының бізге берер пайдасы көп екенін түсінеді.
Балалар сергіту сәтін жасап, тынығып алады.
Балалар үй құстарына арнап тақпақтарын айтады.
Дид. ойын ойнайды.
1. Балалар үй құс тарының балапандарын тауып, қарындашпен енелеріне қарай сызады.
2. Үй құстарын ажыратып көрсетеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
36 518
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Құс ауласында
Құс ауласында
Қағазбен және қайшымен жұмыс істеу дағдысын бекіту, тікбұрышты екі бөлікке бөлу, бұрыштарды кесу, сюжетке лайық бөлшектерді, пішіндерді мұқият жапсыру. Балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, мадақтау.
Үй құстарына жем береміз
Үй құстарына жем береміз
Балаларға құстар туралы түсінік беріп, білімдерін жетілдіру, құстарға қамқорлықпен қарауға баулу. Үй құстарының пайдасы туралы түсінік беру.
Үй құстарына жем береміз
Үй құстарына жем береміз
Үй құстарының пайдасы туралы түсінік беру
Тауық пен балапандары
Тауық пен балапандары
Музыка жетекшісі Капезова Гулдана Нурболатовна
Көктем келбеті
Көктем келбеті
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№4 ЖОББМ» КММ мектебі/мекемесі «Балақай» тобының тәрбиешісі Жумашова Дариға Аскеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×