Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мамандықтар

11 желтоқсан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Қатынас әлеуметтік сала.
Тақырыбы: Мамандықтар
Білім беру бөлімі: Қоршаған дүниемен таныстыру.
Басқа білім саласымен байланысы: Өзін - өзі тану, ән сабағы, математика, сахналау.
Көрнекілігі: Кітап, плакат, слайд, мамандықтар киімі, әк, көмір, шаштараз құралдары, піскен ас, сүт.
Сабақ: Кіріктірілген сабақ
Сөздік жұмыс: мұнай, таскөмір, әк.
Мақсаты:
1. Адамдардың әртүрлі мамандықтары туралы түсінігін қалыптастыру.
2. Балалардың мұнайшы, шахтер, құрылысшы мамандықтар туралы түсінігін қалыптастыру. Пайдалы қазба байлықтары және олардың алыну жолдары, олардан не жасалатыны жайлы түсіндіру.
3. Жанар - жағармай тұрған жерде қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.

Шаттық шеңбері:
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Баршаңызға құрметпен, бас иеміз біз.
Жүректі біз ашайық,
Бақыт нұрын шашайық.
Барлық жақсы тілекті,
Сіздерге біз арнайық.

Тәрбиеші: Менің қолымнан нені көріп тұрсыңдар?
Балалар: Жүрек

Тәрбиеші: Мен осы жүректі сендерге беремін, сендер осы жүрек арқылы өскенде кім болғыларың келетінін айтып беріңдер.
Балалар: Мен әнші болғым келеді,
Мен мұғалім болғым келеді.
Мен биші болғым келеді,
Мен дәрігер болғым келеді.
Мен өрт сөндіруші болғым келеді,
Мен заңгер болғым келеді.
Мен тігінші боламын,
Мен сатушы болғым келеді.
Мен полиция болғым келеді,
Мен аспазшы болғым келеді.
Мен теңізші болғым келеді,
Мен сауыншы болғым келеді.
Мен шаштаразшы боғым келеді,
Мен балташы болғым келеді.
Мен шекарашы болғым келеді,
Мен суретші болғым келеді.
Мен хат тасушы болғым келеді,
Мен жол полициясы болғым келеді.
Тәрбиеші: Рахмет балалар отыра қойыңдар.

Тәрбиеші: Тақтаға қараңдаршы, мына суреттен не көріп тұрсыңдар?
Бұлардың барлығы мамандықтар деп аталады. (Слайд арқылы да таныстыру)
Қазір біз мамандықтар әлеміне саяхатқа барамыз.
(Жұмбақ жасырамын)
Мынау қандай әдемі үй,
Терезесі дөңгелек.
Аяғында резеңке,
Жүреді ол бензинмен (автобус)

- Балалар біз саяхатқа автобуспен барамыз. Автобусқа отыру үшін жолдың келесі бетіне өту керек, жол полициясы келіп жаяу жүргіншілер жүретін жолақты көрсетеді. Тоқта алдымызда не тұр? (бағдаршам)

Карина: Бас көшеде қырағы,
Үш көзді дәу тұрады.
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп біл үш сөзін.
Тоқта,
Сақтан.
Жол ашық,
Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда,
Сабыр сақта баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін жасқанба.

Бірінші аялдама – «Мұнайшы аялдамасы»
Арнұр: Біз мұнайшы маманбыз,
Байлығына ел алаңбыз.
Жерге бұрғы саламыз,
Мұнай көзін табамыз.

Тәрбиеші: - Балалар мұнайдан жанар - жағармай алынады. Менің қолымда жанармайдың түрлері Аи – 92, Аи – 96, Аи – 80 машинаға құйылады.
Мұнайдан парафин алынады (балауыз шам) электр жарығы жоқ кезде пайдаланамыз. Оны дұрыс пайдаланбасақ өрт шығу қаупі туып қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін. Сол себепті сақтық ережелерін сақтау қажет.

Екінші аялдама – «Шахтер аялдамасы»
Тамерлан Ғалымда, шахтерде бас иетін,
Ұстазым бар сенің қасиетің.
Білім берген ой берген сана берген,
Көз алдымнан кетпейді - ау сенің бейнең.

Тәрбиеші: - Менің қолымда таскөмір оны шахтерлер жердің астынан қазып алады. Қарағанды қаласы таскөмірдің орталығы. Көмірді біз үйді жылыту үшін пайдаланамыз.

Үшінші аялдама – «Құрылысшы аялдамасы»
Асылай: Қолда темір қалағым,
Саздан сарай саламын.
Алматыдан аумайтын,
Әсем қала саламын.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
16 862
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мамандықтар
Мамандықтар
Әртүрлі мамандықтармен таныстыру, дәрігер, тәрбиеші, аспазшы, құрылысшы, ғарышкер, жүргізуші мамандықтарының маңызымен таныстыру, мамандықтарға қызығушылығын арттыру, олардың еңбегін көрсету.
Мамандықтар еліне саяхат
Мамандықтар еліне саяхат
Бастауыш сынып мұғалімі Акбаян Сыздыкбаева
Мамандығым-мақтанышым
Мамандығым-мақтанышым
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №11 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі Өтеген Жарқын
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықтың бәрі жақсы
Ақтөбе қаласы, №53 ОМ МАДТ тәрбиешісі Қабдолова Г. Б.
Мамандықтар. Жалғаудың түрлері
Мамандықтар. Жалғаудың түрлері
Бакенова Анар Сарсенбаевна Қызылорда қаласы, №198 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі "Үздік ашық сабақ" номинациясы бойынша
Мамандық таңдау - өмірді таңдау
Мамандық таңдау - өмірді таңдау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Джолжигитова Лаззат Амантаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×