Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Досым көп болсын десең, жағымды көңіл-күй сыйлай біл

23 қаңтар 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Досым көп болсын десең, жағымды көңіл – күй сыйлай біл
Мақсаты: жағымды көңіл - күй қалыптастыру, өзгенің көңіл - күйін түсіне білуге үйрету, әртүрлі көңіл - күйді ажырата білуді үйренуді жалғастыру, өткен сабақтардағы көңіл - күйді схемамен, дауыс ырғағымен, ыммен, қимыл - қозғалыс арқылы білуді дамыту.
Көрнекілігі: Түрлі көңіл - күйді бейнелейтін суреттер, схемалар, слайд, үнтаспа.

Барысы: Сәлемдесу.
Балалар шеңбер болып тұрады. Өзімнің оң жағында тұрған балаға бұрылып, оның атын айтып, оны көргеніне қуанышты екенін айтамын. «Балнұр, сені көргеніме өте қуаныштымын.» Шеңбер тізбегінің соңына дейін осылай жалғаса береді. Сәлемдесу рәсімі біткен соң барлығы орындарына отырады.

- Балалар, мен енді сендерге бір оқиғаны айтып берейін: (слайд бойынша) шағын ғана бір ертегілер қалашығы болыпты, ондағы балалардың барлығы өте тату, барлығы бір - бірімен дос болып, көңілді тұрыпты. Бір күні әуе шарымен қалашыққа бір бала келіпті де, өзінің әуе шары қонған ойын алаңын бүлдіріп, қирата бастапты. Ондағы құмды шашып, ойыншықтарды сындырып жатқанын көрген балалар оны қоршап, ұстап алады. Бала айқайлап, ұрысып, төбелеске дайын тұрады. Балалар одан қалашыққа неге келгенін сұрайды. Сөйтсе, оған ата - анасы тек ашулануды, өзгелерді қорқытуды ғана үйретіпті. Өз ауласында ешкіммен достаса алмаған бала ашуланып, әуе шарымен ұшып кеткен екен. Қалашық балалары оны мейірімді, көпшіл етуге келісті. Ол үшін оны қуана білуге, қайғыруға, таң қала білуге үйретпекші болды. Осы көңіл күйлерді балаға үйрету үшін оларға көмек керек екен. Қалай ойлайсыңдар, балалар, біз көмектесе аламыз ба? (балалар «иә» деп қуана жауап берісті)
- Қане, еске түсірейікші, біз қандай көңіл - күйлерді білеміз?
(тақтада түрлі - түсті суреттер)
Жауап: қуаныш, қорқыныш, ашу, қайғы, таң қалу.
- Біз көңіл – күйді қалай анықтай аламыз?
- Бет әлпетінен, мимикасынан (схема, модульдер суреттері)
Ойын: «Бір, екі, үш, төрт,... көрсет»
Қане, ойын ойнайық. Менің айтқан көңіл - күйімді түрлеріңді құбылтып көрсетіп беріңдер:
- бір, екі, үш, төрт, менің қалай қуанғанымды көрсет!(қуаныш көрсету т. б.)
- Көңіл - күйді тағы қалай білуге болады?
- дауысынан.

Ойын:«Көңіл - күйімді таба біл».
Ойын ойнайық, балалар. Менің дауыс ырғағымнан сендер менің қандай көңіл - күйде тұрғанымды табыңдар:
- Қазір менің жүрегім жарылардай! (қуаныш үстінде)
- Сен бе, сен! (ашу)
- Қолымдағы балмұздағым еріп кетті...(мұңаю)

- Балалар, адамның немесе жануарлардың көңіл - күйін тағы қалай білуге болады?
- ым - ишара арқылы, қимыл - қозғалысы арқылы.
Олай болса «Шеңбер» ойынын ойнайық.
Балалар шеңберге тұра қалыңдар, мен сұраған кезде шеңбер бойымен кезекпен жауап беріңдер (көрсетіңдер): қорқақ қоянды, зұлым қасқырды, ашулы аюды, таң қалып тұрған түлкіні, көңілді күшікті.(Балалар шеңбер бойымен қозғала отырып, бірінен соң бірі кезекпен көрсетеді).
Әуе шарымен ұшып келген бала өзін қуана білуге, таң қалуға, мұңдана білуге т. б. көңіл - күйлерді үйреткені үшін балаларға ризашылығын білдіре отырып енді әуе шарымен емес,«Достық» поезымен саяхатқа шыққысы келетінін, бірақ енді жалғыз емес, достарымен саяхаттағысы келетінін айтады.

Ұжымдық жұмыс: -(«Голубой вагон» әнінің әуені ойнап тұрады) «Достық поезы» панносын даярлау – берілген суреттерден саяхат үстінде нағыз дос бола алады деп ойлағандарын вагондардың бос терезелеріне жапсыру.
«Көтеріңкі көңіл - күй сыйлай білейік» жаттығуы. – міне, балалар, біздің оқу іс – әрекетіміз аяқталып келеді. бір - бірімізге көтеріңкі көңіл - күй сыйлай білейік, күлкі сыйлайық, шын жүрегімізден шыққан күлкі шуағы келесі кездескенімізше біздің жүрегімізді жылытатын болсын!
20 059
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ойлай отырып, ойнайық!
Ойлай отырып, ойнайық!
Мектепалды дайындық тобы тәрбиеленушілерінің шығармашылық қабілеттерін ойын арқылы дамыту.
Көңіл - күй сыйлау
Көңіл - күй сыйлау
Өзара жылы қарым - қатынасты туғызу және тұтастай сезіну. Қуаныш, тербеніс сезімі, жағымды атмосфера туғызу, зейінділік, жауапкершілік сезімін арттыру, балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл - күйін дамытуға арналған психологиялық жаттығулар
Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл - күйін дамытуға арналған психологиялық жаттығулар
Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл - күйін дамытуға арналған психологиялық жаттығулар
Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл - күйін және есте сақтауын дамытуға арналған психологиялық тренингтер
Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл - күйін және есте сақтауын дамытуға арналған психологиялық тренингтер
Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл - күйін және есте сақтауын дамытуға арналған психологиялық тренингтер
Жақсы көңіл- күй жан шуағы
Жақсы көңіл- күй жан шуағы
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Көктүбек ауылы, «Көктүбек орта мектебі» КММ - нің психологы Мизамитова Бакытгул Масалимовна
Ойлай отырып, ойнайық!
Ойлай отырып, ойнайық!
Даярлық тобының тәрбиешісі Өтегенова Әйгерім
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×