Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Затты тең екі бөлікке бөлу

15 мам 2012, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің әдіс- тәсілі: әңгімелеу, ертегіні баяндау, ой қозғау, түсіндіру, сұрақ - жауап, көрсету, қайталау, сергіту сәті, ойын, қорыту.
Қажетті көрнекіліктер: Ертегі кітап, магнитті жұмыртқа, себеттегі магнитті жемістердің мулляжы, түрлі - түсті ленталар, буклет, ойыншық пышақ, т.б.
Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет, тіл дамыту.
Сөздік жұмыс: Бүтін, екі бөлік, жарты, қақ ортасы.
Ұ.о.і- ә. түрі: Дәстүрлі емес.
Ұ.о.і- ә. типі: Жаңа білімді беру.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Баланың әрекеті
Мотивациялық қозғаушы: - Балалар, біздің балабақшамыздың аты қандай?
«Балдырған» бала бақшасы.
- Ал, тобымыздың аты қалай аталады?
Ортаңғы «Б» тобы.
- Міне, сендер бір балабақшада, бір топта тәрбиеленіп жатырсыңдар. Сондықтан осы топтағы заттар, ойыншықтар барлықтарыңа ортақ, бір - бірлеріңмен таласпай бөлісіп ойнайсыңдар. Солай ма, балалар?
Иә.
- Бір топтағы балалар бір- бірлерін тату, дос болулары керек. Сендер достық туралы қандай мақал- мәтел немесе тақпақ білесіңдер?
(Балалар достық туралы мақал- мәтел, тақпақтарын айтады)
Қайсар:
Бала біткен дос бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.
Әсемай:
Дос болсаң берік бол,
Досыңа серік бол.
Т.б.
- Жарайсыңдар, балалар! Достық туралы біледі екенсіңдер. Балалар, қоршаған ортада көптеген оқиғалар болады. Мысалы: бір нәрсеге таласып бір - бірімен ренжісіп қалатын адамдар да кездеседі. Сондай адамдар туралы ертегі тыңдағыларың келе ме?
Иә, тыңдағымыз келеді
- Ендеше, барлығымыз мына кітапқа назар аударайық.(Ертегі кітапты көрсете отырып баяндау)
Ертеде бір кемпір мен шал болыпты. Екеуі тату - тәтті өмір сүріп келеді екен. Шал аяқ киім тігіп, ал кемпірі үй шаруасымен айналысып күнделікті күйбің тіршіліктерімен уақыттары өтіп жатыпты. Олардың көптеген тауықтары болыпты. Тауықтарының түстері бір - біріне ұқсамайтын әдемі екен. Балалар, тауықтарының түстері қандай екен?
Ақ, сары, қара, қызыл, сұры.
- Неше тауық екен?
1,2,3,4,5.
- Барлығы неше тауық екен?
5 тауық.
- Осы тауықтары күнделікті шал мен кемпірге көптеген жұмыртқалар тауып береді екен.
- Балалар, жұмыртқалар көп пе, аз ба?
Көп екен.
- Жарайсыңдар, тамаша! Осылайша олар еш нәрседен кемшілік көрмей өмір сүре береді. Күндердің бір күнінде ғажап құбылыс болып, тауықтарының бірі бір ғана алтын жұмыртқа табады. Жұмыртқа әдемі болып жарқырап жатады.
- Ол қандай жұмыртқа екен?
Алтын жұмыртқа.
- Қанша ғұмыр кешсе де шал мен кемпір мұндай кереметті бұрын соңды көрмепті. Аяқ астынан тап болған байлыққа қуанып екеуі билей жөнеледі. Жұмыртқаны үйге алып келіп, шал кемпіріне бергісі келмейді. Осылайша екеуі жұмыртқаға таласады. Жұмыртқа жерге түсіп жарылып қалады. Олар өздерінің бұл істеріне өкініп қалады.
- Балалар, ертегі ұнады ма?
Ұнады.
- Ертегідегі шал мен кемпір неге таласады?
Алтын жұмыртқаға.
- Жұмыртқа не істеді?
Жарылып қалды.
- Егер сендер ертегідегі атай мен әжейдің орнында болсаңдар жұмыртқаны не істеуге болар еді?
- Алдымен жұмыртқаны не істейміз?
Бөлеміз.
- Жарайсыңдар, піспеген жұмыртқа бөлінбейді.
- Ал, енді жұмыртқаны қалай бөлуімізге болады?
Пісіреміз.
Енді осыны білу үшін бүгінгі математика іс- әрекетінде затты тең екі бөлікке бөлуді үйренейікші.
- Нені үйренеміз?
Затты екіге бөлуді. (ұжымдық қайталау)
- Балалар, менің қолымда не зат?
Жұмыртқа.
- Түсі қандай?
Ақ.
- Жұмыртқа қандай пішінге ұқсайды?
Сопақша.
- Алдымен кез- келген затты тең екіге бөлу үшін, ол заттың қақ ортасын көзбен көру арқылы тауып алуымыз керек.
- Не істеуіміз керек?
Қақ ортасын тауып алу керек.
- Енді жұмыртқаны немен бөлеміз?
Пышақпен.
- Тең екіге бөлу үшін, пышақпен бөлуге болады. (Қауіпсіздік ережесі)
- Енді жұмыртқаны ұзыннан қақ ортасынан бөліп көрейікші. Енді не байқадыңдар? Жұмыртқа бізде қандай болып еді?
Бүтін.
- Енді оны ортасынан ұзыннан бөлгенде неше бөлік болды?
Екі бөлік.
- Бүтін бе? Жарты ма?
Жарты. (ұжымдық қайталау)
- Екі бөлік немесе екі жарты пайда болды.
Мінеки, балалар, жұмыртқаны тең екіге бөлуді көрдіңдер. Ертегідегі атай мен әжей де жұмыртқаны таласпай не істеуге болатын еді?
Бөлуге болатын еді.
- Балалар, айналамызда жұмыртқадан басқа да барлық заттарды бөлуге болады.
Енді мына заттарға назар аударайықшы. Себеттен нелерді көріп тұрсыңдар?
Жемістерді.
- Қандай жемістер екен?
Алма.
Апельсин.
Өрік(шабдалы).
Гранат(анар).
Алма.
(Жеке көрсетіп атату)
- Енді осы жемістерді бөліп көрейікші. Мен қандай жемісті алдым?
- Алма нешеу?
Біреу.
- Меруерт осындай бір алма әкеліп еді, алмаға қызығып жегісі келген Анель: «Маған да берші»,- деп сұрады. Меруерт бермейін десе, Анель ренжіп қалады. Достар бір - бірін ренжітуге бола ма?
- Сондықтан, алманы не істеуге болады?
- Оны қалай бөлеміз?
(Міне алманы ортасынан бөлдік)
- Алма енді нешеу болды?
- Бүтін бе, жарты ма?
Екі жарты болды.
(Толықтырамын)
- Меруерт жартысын өзі алып, жартысын кімге береді?
- Осылай бөліп алуға бола ма?
- Ал енді осы жемістерді кім бөліп көрсетеді? (Балаларды біртіндеп шақырып, бөлдіру)
- Мынау қандай жеміс?
- Қандай пішінге ұқсайды?
- Апельсин бүтін бе, жарты ма?
- Енді тең екі бөлікке қалай бөлеміз?
- Апельсин неше бөлік болды?
(Осылайша алмұрт, шабдалы, анарды балалар біртіндеп бөледі)
Рахмет, жарайсыңдар.
- Балалар, сендердің үстелдеріңнің үстінде мынадай түрлі- түсті заттар бар, бұл не екен?
- Енді осы лентаны екі ұшын беттестіру арқылы қақ ортасын тауып, оны қайшымен бөлеміз. (қауіпсіздік ережесі айтылады, жеке баламен жұмыс)
- Балалар, ұзын бір лентадан неше лента шықты?
- Енді бір бөлігін көрсетіңдерші. Лента тең бөлінді ме?
Жарайсыңдар!
Сергіту сәті:
Қане жолды жазайық
1,2,3 ал көкке ұш
4,5,6,7 анау ауыл шеті
8,9,10 кел ордаңа қон.
- Енді тақтаға бір сәт назар аударайықшы.
- Балалар, мына суреттерде ненің суретін көріп тұрсыңдар?
- Балалар, айналадағы барлық заттар екіге бөлінгенмен,- жарамсыз болып қалатын заттар да кездеседі.
- Сондай - ақ ойыншықтарды ортасынан бөлсек не болады?
- Киімдерді?
- Ал, ыдыс - аяқтарды ше, бөлсек бола ма?
- Дұрыс, жарайсыңдар.
- Балалар, енді біз бір ойын ойнасақ?
Ойынның аты «Екінші жартысын тап» (жеміс,көкөністердің бөлінген мулляждары пайдаланылады)
Ойынның шарты:
Барлық балаларға жеміс, көкөністің жартысы беріледі. Өз жолдастарынан қолдарындағы жеміс немесе көкөністің жартысын тауып, бүтін қалыпқа келтіру.
- Балалар, бүгін біз математика оқу іс- әрекетінде нені үйрендік?
- Қандай заттарлы бөлдік?
- Барлықтарың да сабаққа жақсы қатыстыңдар.
Сендерге рахмет!
28 687
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көңілді ойындар
Көңілді ойындар
Балаларға сезім дамыту оқу іс - әрекеті бойынша өткен тақырыптарды еске түсіріп, білімдерін ойын арқылы жетілдіріп бекіту. Заттардың көлеміне, пішініне, түсіне қарай топтап ажыратып білуге үйрету.
Ертегі кейіпкерлері бізде қонақта!
Ертегі кейіпкерлері бізде қонақта!
Павлодар қаласы, "№126 сәбилер - бақшасы" МҚКК тәрбиешісі Тукенова Айман
Әдептілік - әдемілік
Әдептілік - әдемілік
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №7 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Баймағамбетова Майра Серікқызы
Көп аз тең. Сүйікті ойыншақтар
Көп аз тең. Сүйікті ойыншақтар
Мақсаты: Білімділігі: Балаларға қоршаған ортада көп затпен, бір затты табуға үйрету. Дамытушылығы: Заттар көлемі пішіні түсі бойынша, бір немесе бірнеше болатының туралы түсінік беру.
Менің қалауым
Менің қалауым
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №234 Ж. Жабаев атындағы қазақ орта мектебінің мектепалды даярлық жетекшісі Смағұл Гүлжан
Алтын жұмыртқа
Алтын жұмыртқа
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балабақшасы Жаханшаева Гүлжазира Ерлепесқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×