Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шалқан ертегісі

04 ақпан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Шалқан ертегісі

Автор: Ерте, ерте, ертеде бір Балтабай атай болыпты. Балтабай атай шалқан егіпті. Шалқанды күнбе - күн баптап, суарып отырыпты. Шалқаны үйдей боп, үйден де дәу болып өсіпті.
Балтабай атай шалқанды жерден суырып алмақ боп, шалқалай тартады. Олай тартқылайды, былай тартқылайды суыра алмайды.
Автор:- Балтабай атай Онша әжейді көмекке шақырады.
Балтабай атай: Кемпір-ай, кел көмек бере көр
Автор: Онша әжей Балтабай атайдың белбеуінен ұстайды, Балтабай атай шалқанның желегінен ұстайды Олай тартқылайды, былай тартқылайды суыра алмайды.
Автор: Онша әжей немере қызы Жидекті шақырады.
Онша әжей: Әй, қалқам келе ғой көмегінді бере ғой.
Автор: Жидек Онша әжейдің белінен, Онша әжей Балтабай атайдың белбеуінен ұстайды, Балтабай атай шалқанның желегінен ұстайды Олай тартқылайды, былай тартқылайды суыра алмайды. Әлекке түседі.
Автор: Немере қызы Жидек Ақтөс күшігін шақырады
Жидек: Күшігім менің сақ құлақ, келе ғой бізге көмегіңді бере ғой
Автор: Ақтөс Жидектің бұрымынан ұстайды, Жидек Онша әжейдің белінен, Онша әжей Балтабай атайдың белбеуінен ұстайды, Балтабай атай шалқанның желегінен ұстайды Олай тартқылайды, былай тартқылайды суыра алмайды.
Автор: Ақтөс үйдегі Марғау мысықты шақырады.
Ақтөс күшік: Келе ғой мысық, көмегіңді бер ғой, кел.
Автор: Марғау мысық Ақтөс күшіктің құйрығынан ұстайды, Ақтөс Жидектің бұрымынан ұстайды, Жидек Онша әжейдің белінен, Онша әжей Балтабай атайдың белбеуінен ұстайды, Балтабай атай шалқанның желегінен ұстайды Олай тартқылайды, былай тартқылайды суыра алмайды.
Автор: Марғау мысықтың ойына тышқан түседі. Ол тышқанды шақырады
Марғау мысық: Тышқаным менің тышқаным, келе ғой бір көмегіңді бере ғой.
Автор: Тышқан мысықтың құйрығынан ұстайды, Марғау мысық Ақтөс күшіктің құйрығынан ұстайды, Ақтөс Жидектің бұрымынан ұстайды, Жидек Онша әжейдің белінен, Онша әжей Балтабай атайдың белбеуінен ұстайды, Балтабай атай шалқанның желегінен ұстайды Олай тартқылап, былай тартқылап шалқанды суырып алады.
Автор: Бірнеше жыл суыра алмаған Балтабай ата шалқанды тышқанның арқасында жерден әрең дегенде суырып алады. Тышқанға деген алғыстары шексіз.
6 185
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Шалқан ертегісі
Шалқан ертегісі
Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады. Шалқан үп-үлкен боп өседі.
Шалқан ертегісі
Шалқан ертегісі
«Шалқан» ертегісіне сахналық қойылым көрсету. Ертегіні сахналау арқылы ой - қиялын дамыту. «Шалқан» ертегісін көрсете отырып, балаларға бір отбасының татулығын, бірліктерін көрсету.
Шалқан ертегісі
Шалқан ертегісі
- Балалар, қараңдаршы қарлығаш өзімен бірге көптеген суреттер әкеліпті. Қанекей көрейік, қандай суреттер бар екен? - Пияз, орамжапырақ, шалқан, сарымсақ. - Балалар мұның бәрін бір сөзбен «көкөністер» деп айтамыз.
«Шалқан» ертегісі
«Шалқан» ертегісі
Аякөз қаласы, №4 жалпы аралас орта мектеп ішіндегі кіші кешен тәрбиешісі Абдинова Назым Даутовна
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін саусақтарға киілген қуыршақтерапиясы әдісі
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін саусақтарға киілген қуыршақтерапиясы әдісі
Ермаханова Майра Утепбаевна Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінде педагог - психолог
Шалқан ертегісі
Шалқан ертегісі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі: Достыбаева Айсамал
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×