Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтын күз (ертеңгілік)

31 қазан 2021, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Балалар мерекеге безендірілген залға көңілді әуенмен кіреді.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балабақша қызметкерлері, балалар! Сіздерді «Айна» тобының «Алтын күз» мерекесін тамашалауға шақырамыз!
Қош келдіңіз қонақтар
«Алтын күз» сын – кешіне
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.
1 бала:
Алақай – алақай
Шаттанды балақай
Береке – салты күз
Мереке – Алтын күз.
2 бала:
Көрініп еліме,
Күндері мереке
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке.

Ән: «Біздің балабақшамыз»
Қанша бала, қанша қыз
Бір шоқ гүлміз баршамыз
Ойын, күлкі ордасы
Біздің балабақшамыз.

Гүлге толы қолымыз,
Біз өсеміз, толамыз.
Бәрімізде ертең - ақ
Үлкен жігіт боламыз.

Біз ертеңгі батырмыз,
Біз ертенгі ақынбыз
Бір анадан туғандай
Біз бәріміз татумыз

Тақпақтар:
1 бала:
Жомарт көңіл, жарқын күз,
Берекесі халқымның.
Қош келіпсің, алтын күз,
Құт қонағы төрімнің
2 бала:
Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан, алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жапырлап.
3 бала:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Ойын «Кім жылдам»
Көңілді әуен ойналады, жел соққаны естіледі.
«Күз ханшайымы» кіреді. Сәлеметсіңдер ме балалар! Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Мен сіздерге алыстан келдім.
Бұлттар төніп,
Жаңбыр төгіп,
Жапырақтар сарғайды.
өні тайып
сұры қашып
денең мұздап тоңады.
Айтыңдаршы бөбектерім
Бұл қай кезде болады?

Балалар - Күзде

Күз ханшайымы: - дұрыс айтасыңдар. Ал мен «Күз ханшайымы» боламын. Мен сендерге бос келген жоқпын, би ойын алып келдім. Кәне жапырақтарым, маған қарай ұшыңдар.
Би: «Жапырақтар биі» қыздардың орындауында

Ойын: «Дәмінен таны»

Тақпақтар:
1 бала:
Ел егінді жинайды,
Қырманға дән сыймайды
Біздің дала – бай дала
Алтын астық айнала.
2 бала:
Құстар қайтты ән салып,
Бұлт торлады аспанды.
Қыс келеді жар салып,
Күзгі суық басталды.
3 бала:
Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан, алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жапырлап.
4 бала:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.

Ән: «Күз»
Жерде жаңбыр жалтырайды,
Жапырақтар қалтырайды.
Көкте ай, күн балқымайды,
Көлде аққу қалқымайды.

Жел тұрудан жалықпайды
Күн жылытып жарытпайды.
Жапырақтар жерге қарай
Қалықтайды, қалықтайды.
Жүргізуші:
Осымен мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды.
Қош сау болыңыздар!

Алматы облысы,
Қаратал ауданы №97 балабақшасы
Наренбаева Махаббат Жұмабекқызы
43 730
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алтын күз әсем айналам, еліме береке сыйлаған ертеңгілігі
Алтын күз әсем айналам, еліме береке сыйлаған ертеңгілігі
Алтын күз мерекесінің кереметтерін күз байлық, күз береке – молшылық күз - шаттық, күз қуаныш екенін бала санасына жеткізу.
Саңырауқұлақ саясында
Саңырауқұлақ саясында
Құрметті ата - аналар балалар. Сіздерді «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
Қош келдін алтын күз
Қош келдін алтын күз
Береке бақ дарыған, Жомарт көңіл жарқын күз. Сары алтынға малынған, Жетті міне алтын күз.
Алтын күз
Алтын күз
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар және қонақтар! Біздің балабақшадағы «Алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер! Алдарыңызда «..............................» тобы! Әдемілеп бастарын иеді
Берекелі Алтын күз!
Берекелі Алтын күз!
Армысыздар құрметті ата - аналар, барша қонақтар! Ортаңғы топ бүлдіршіндерінің «Берекелі Алтын күз!» атты мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Алтын күз
Алтын күз
Мақсаты: Балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру, күз туралы алған білімдерін бекіту, әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеу, бүлдіршіндердің бейімін дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×