Ортаңғы «Қарлығаш» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Үй жануарлары
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың үй жануарлары мен олардың төлдерін білдіретін сөздерді қолдана отырып, жануарлар туралы айту білігін бекіту.
Дамытушылық: Сөйлеу барысында жануарлар мен олардың төлдерінің атауын білдіретін зат есімдерінің жекеше және көпше түрлерін (үйрек - үйректер - үйректің балапаны; түйе - түйелер - бота - боталар) қолдана білу іскерлігін дамыту және оларды топтарға қарай жіктелуін ұғындыруды жалғастыру.
Тәрбиелік: Жануарларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: үй жануарлары.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Сөйлеуді дамыту дәптері, ойынға көз байлағанға орамал, үй жануарларының суреттері.
Қостілділік компонент: Үй жануарлары - домашние животные.
Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
«Жылы сөздер»
Шарты: балалар шеңбер бойымен тұрып, өз аналарының еркелететін сөздерін айтып шығады.
Ұйымдастырушы - лық - ізденістік
Мақал - мәтелдің мағынасын түсіндіру.
Қарға баласын «аппағым» дейді,
Кірпі баласын «жұмсағым» дейді.
- Жануар да баласын жақсы көреді, еміренеді. Ал адамдар балаларын еркелетіп «күнім», «алтыным» деген сияқты сөздерді айтады.
Үй жануарлары жайлы түсіндіру.
- Үй жануарлары – қолға үйретілген жануарлардың түрлері. Сондықтан кейде бұларды қолға үйретілген жануарлар деп атайды. Олар: сиыр, түйе, қой, ешкі, жылқы, есек, үй қояны, құстардан тауық, үйрек, қаз, күркетауық.
Дидактикалық ойын: «Үй жануарлардың төлдерін тап!»
Ойын шарты: жұмыс дәптердегі тапсырманы орындау.
Жекеше және көпше түрде айтуды үйрету.
Тақтаға 1 түйе, 1 сиыр, 1 қой, 1 жылқының суреттері ілінеді.
Осы суреттердің жанына әрқайсысы 2 - 3 түйе, сиыр, қой және жылқының суреттері ілінеді.
Сергіту сәті:
Ал, балалар, келіңдер,
Бой жазайық бәріміз –
Мойнымызды бұрамыз,
Қолымызды созамыз,
Аяқтармен топ - топ басып,
Орнымызға барамыз.
Қостілділік компонент: Үй жануарлары - домашние животные.
Жаңылтпашты жанылмай айтайық!
1. Ақ тай ақ па?
Қара тай ақ па?
2. Қай тай лақтай,
Қай лақ бармақтай.
Ойын: «Дауысынан таны»
Ойын шарты: балаларды шеңбер бойымен тұрғызып, бір баланың көзін байлайды. Көзі байланған баланың қасына бір бала жануар дыбысын салады. Бала қандай жануардың дауысы және оны салған кім екенін табады.
Үй жануарлары жүктеу