Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Ортаңғы топ «Жулдыз»
Білім саласы: «Таным»
Бөлігі: Математика
Тақырыбы: «Екі топтың заттарын салыстыру» (1 және көп)
Мақсаты: Тең және тең емес екі топтың заттарын беттестіріп салыстыру арқылы «көп» «аз», «теңбе - тең»- деп айта білуге үйрету. Заттардың ұзындығын салыстыра білу дағдыларын бекіту. «Ұзынырақ», «Қысқалау», «Ұзындығы бірдей»- деген cөздерді қолдануға үйрету.
Билингвалдық компонент: артық - больше, кем - меньше
Сөздік жұмыс: ұзынырақ, қысқалау, ұзындығы бірдей
Дәлелдеп талаптану
Сәнденіп даламыз,
Сәулетті қаламыз.
Сәулеңмен құлпырдың
Сәлем, күн анамыз.
Таңғы шеңберді айтып болып, сабаққа дайындалады.
Ұйымдастырушылық ізденіс
1.«Көп», «аз», «теңбе - тең», «ұзынырақ», «қысқалау» сөздеріне тоқталып, түсіндіріп өту.
2. Таңғажайып сәт. Білгіштің келіп, тапсырмалар беруі:
1) Екі топқа берілген фигуралардың салыстырып, аз - көптігін ажырату.
2) Карточкадағы заттарды санап бер (солдан оңға).
3) Д. о: «Қай пішінге ұқсайды?»
Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ.
Сол қолымда бес саусақ.
Қосып едім екеуін,
Болып шықты он саусақ.
Рефлексивті - коррекциялау
Сабақты қорытып, балалардан не түсінгендерін сұрау.
Білгішке рахмет айтып, шығарып салу.
Балаларды мақтап, мадақтап, бағалау.
Күтілетін нәтиже:
«Аз», «көп», «теңбе - тең», «ұзынырақ», «қысқалау» сөздерінің мәні білу.
Ұжымдық, жеке жұмыстың дағдылары болу.
Салыстыра білу, оң - сол қолдану.
Тәрбиеші: Санай А.Екі топтың заттарын салыстыру (1 және көп) жүктеуБиік-аласа, биіктігі бірдей жүктеу1 саны мен сан белгісі. жүктеу2 саны мен сан белгісі жүктеуЕнді-енсіз. жүктеу3 саны мен сан белгісі. жүктеуӨзіне байланысты кеңістікті бағдарлау. жүктеуТаң, кеш, күн, түн жүктеу3 саны мен сан белгісі жүктеуӘр бағытта орналасқан заттарды санау жүктеуАлда - артта, оңда - солда. жүктеу4 саны мен сан белгісі. жүктеуКуб. жүктеуШар. жүктеуЗаттардың ұзындығын бір белгі бойынша өлшеу. жүктеу5 саны мен сан белгісі жүктеуСопақша. жүктеуСандық және ретімен санау. жүктеуСонша, теңбе - тең. жүктеуНе үйрендік. жүктеуСиқырлы геометриялық пішіндер елі. жүктеуНешінші? Қайсы? жүктеуАлыс-жақын. жүктеуШапшаң, баяу, тез. жүктеуЗаттың енін салыстыру. жүктеуТоптардың заттарын салыстыру. жүктеуТаң-кеш, күн-түн. жүктеу