Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ө дыбысы мен әрпі

20 мам 2012, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сауат ашу.
Сабақтың тақырыбы: Ө дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Ө дыбысын сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру, мақал-мәтел айтуға, оның мазмұнын ашып түсінуге, сонымен қатар қандай? сұрағына дұрыс жауап беруіне үйрету, адамгершілік тәрбие беру.
Сабақтың көрнектілігі: әріптер, суреттер, диск.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Пән - аралық байланыс: музыка және бейнелеу.

Сабақтың мазмұны:
I. Ұйымдастыру.
1. Амандасу.
2. Психологиялық дайындық кезеңі.

II. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.
1.
- Біз кеше қандай дыбыспен және әріппен таныстық? (Ө дыбысы мен әрпі)
- Ө қандай дыбыс?
- Ө дыбысы бар қандай сөздерді білесіңдер?
- Ө дыбысы сөздің қай буынында кездеседі?

2. Кеспе әріппен сөз жазу, дыбыстық талдау. (Өзен)
3. Сөйлемнің тірек - сызбасын құрастыру.
4. «Өркеш» мәтінін оқыту.
5. Шығармашылық тапсырма.
Түйе өркешіне ұқсас сурет берілген. Балалар суретті жалғастырып басқа заттың суретін салу. (алма, жүрек, құс, көзілдірік, тау).

6. Ертегі тыңдау.
Балалар, түйе су ішкенде жалтақтап артына қарай береді екен. Не себепті артына мойнын бұрып қарайтынын білесіңдер ме?
Онда мен сендерге қызық ертегі айтып берейін.
Ертеде түйе өте әдемі болған екен. Ағаштың бұтақтары сияқты мүйізі және сусылдаған жерге дейін жететін құйрығы болыпты. Түйе су ішкен сайын өзінің сұлулығын судан көріп өзіне риза болады. Бір күні оған бұғы келіп: «Түйе сен сондай ақылды, әрі сұлусың ғой, мен бүгін қонаққа барушы едім, бір күнге мүйізіңді бере тұршы»,- дейді. Түйе мәз болып, оған мүйізін береді. Сөйтіп тұрғанда оған жылқы шауып келіп: «Түйежан, сенің әдемілігіңде шек жоқ, менде бір күнге әдемі болғым келеді, құйрығыңды бере тұршы»,- дейді.
Бірнеше күн өтеді, бұғы мен жылқы алған заттарын қайтармайды. Түйе қарызымды қашан қайтарады деп тоса-тоса шаршап, бұғыға келеді.
- Сен менің мүйізімді қашан қайтарасың?
- Сенің құйрығың қашан өседі, сол кезде мен сенің мүйізіңді қайтарамын,- деді бұғы.
Түйе маң-маң басып жылқыға келеді.
- Жылқы, сен менің құйрығымды қашан қайтарасың?
- Сенің мүйізің өскен кезде, мен сенің құйрығыңды қайтарамын,- деді жылқы.
Арада бірнеше айлар өтеді, бірақ түйенің не мүйізі, не құйрығы өспейді. Түйе су ішіп, өзін судан көрген сайын қарызымды әкеп қалады ма деп, жалтақтап артына қарай беретіні содан екен.
7. Сергіту сәті.

III. Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Төлдер туралы түсінік беру.
Кәне, кімнің анасы балаларын қалай еркелетеді екен? (құлыным, ботам, т.б.). Неге «ботақаным» дейді, себебі бота қандай әдемі болса, баласы да анаға сондай сүйкімді.
Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығыменен айналысқан. Төрт түлік малға түйе, жылқы, сиыр, қой мен ешкі жатады. Малды мінсе – көлігі, ішсе – сусыны, кисе – киімі, тұтынса – бұйымы болған. Малды қадірлеп, әрқайсысын иесі бар деп, түйені - Ойсылқара, сиырды - Зеңгібаба, жылқыны – Қамбарата, қойды – Шопаната, ешкіні – Сексеката деп атаған. Төрт түлік малдың төлдері бота, бұзау, құлын, қозы, лақ деп аталады. Енді әр мал өз төлін қалай сүйеді екен, тыңдайық.

Малдардың төлдерін сүюі туралы тақпақтар оқу.
Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,
Ештеңені білмейтін «момыным» деп.

Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп,
Тастан тасқа секірген «шұнағым» деп.

Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,
Қараңғыға баспаған «қорқағым» деп.

Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп,
Тұлпар болып жүгірер «жұрыным» деп.

Түйе сүйеді баласын «боташым» деп,
Жаудыраған көзіңнен «тоташым» деп.

Ойын «Тез ойла, сөз ойла».
Қандай алма? – Қызыл алма.
Қандай бөлме? – Жарық бөлме.
Қандай тау? – Биік тау.
Қандай қайшы? - Өткір қайшы.
Қандай? деген сұрақпен таныстыру.

Оқулықпен жұмыс. Жаңа сөздермен таныстыру.
Көже, көрік, көкек, көл, сөз;
Шөже, көлік, көмек, төл, көз.
Оқушылырға жартылай дауыспен оқыту.
Түсініксіз сөздерді түртіп алу (insert стратегиясы).
Дәптермен жұмыс.

Сергіту сәті.
Төлдерді қалай шақырады? (Дискіден тыңдау).
Ойын «Жүректен жүрекке».
Мен қандаймын?
Мәтел айту.
Жақсы сөз – жарым ырыс.
Ойын «Үндемес».

«Әлди, бөпем» әнін орындау.
IV.Сабақты қорытындылау.
Мұғалім: Біз нені үйрендік?
4 601
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Й, й дыбысы және әрпі
Й, й дыбысы және әрпі
Й дыбысы мен әрпін таныстыру. Й дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Ф дыбысы мен әрпі
Ф дыбысы мен әрпі
Ф дыбысы мен әрпі жайында түсініктерін арттыру, Ф дыбысы бар сөздерді дұрыс оқуға баулу.
Х дыбысы мен әрпі (слайд)
Х дыбысы мен әрпі (слайд)
Сабақтың тақырыбы: Хх дыбысы мен әрпі (слайд)
Ұ дыбысы мен әрпі
Ұ дыбысы мен әрпі
Шығыс Қазақстан облысы, "№3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешен"КММ Бастауыш сынып мұғалімі Кутешова Жадыра Серикалиевна
Н дыбысы мен әрпі
Н дыбысы мен әрпі
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, "Сымбат" жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сагинбаева Жанар Жайбергенқызы
Е дыбысы мен әрпі
Е дыбысы мен әрпі
Е дыбысын сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру, мақал-мәтел айтуға, оның мазмұнын ашып түсінуге, сонымен қатар қандай? сұрағына дұрыс жауап беруіне үйрету, адамгершілік тәрбие беру, сауатты жазу және оқуға дағдыландыру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×