Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әже Ф.Оңғарсынова

15 ақпан 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Әже Ф. Оңғарсынова
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды Ф. Оңғарсынова өмірімен, шығармашылығымен таныстыруды жалғастыру, ақынның «Әже» өлеңімен таныстыру.
2. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.
3. Оқушылардың үлкенге – ізет, кішіге қамқор бола біліп, ата - ананы, әжені сыйлай білуге тәрбиелеу. Адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіру.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру.
Сабақтың әдіс - тәсілі түсіндіру, оқулықпен жұмыс дәптермен жұмыс, сұрақ - жауап. интерактивті әдіс, шығармашылық тапсырма. Көрнекі құралдар суреттер, үнтаспа, тірек сызбалар Ф. Оңғарсынова кітаптары.
Сабақтың барысы;
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Психологиялық дайындық.
- Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат
- Әрбір сабақ? - Үйрену, ұғу ұлағат
- Әрбір ісің? - Тірлік, тірек, адамдық
- Әрбір сөзің? - Шындық, бірлік, адалдық
Үй тапсырмасын сұрау «Жылу» Ф. Оңғарсынова
(Әр қатардан 3 балаға жатқа айтқызу)
Үйге әркім өз анасына арнап өлең құрастырып келу тапсырылған еді.
3 - 4 балаға оқытып жіберемін.
Сонымен дүниеде ең қымбат – ана екен. Ананы ешқашан ренжітпеуіміз керек. Өмір бақи аналарыңды сыйлаңдар. Аналарыңды Меккеге 3 - рет арқалап апарсаңдар да ана қарызынан құтылмайсыңдар - деген сөз бар.
Слайд 1. Күннің шуағы жылы болса,
Ананың құшағы жылы екен.
- Анадан кейін сендерді күтетін, еркеліктеріңе көнетін, тағы кім қымбат?
- Әже.
- Балалар әже сөзін айтқаннан кейін әже сөзі шығады.
- Оны білу үшін мына сөзжұмбақтарды шешіп көрелік.

1. Қуатты сөзін басқаша тағы қалай атайды?
2. Ананың құшағы қандай?
3. Кім асқар тау?
Балалардың тапқанына қарай сөз жазылып отырады.
Слайд 3 Ф. Оңғарсынова суреті шығып тұрады.
Ф. Оңғарсынова - Гурьев облысында дүниеге келген. Көрнекті ақын, мемлекет сыйлығының иегері.
- Бүгінгі өтетін тақырыбымыздың авторы Ф. Оңғарсынова апамыз екен. Қазақ отбасындағы әже орны ерекше, әрі қадірлі. Әже әулеттің ұйытқысы, берекесі. Тарихта күллі рулы елге ана саналған Айпара әже, Домалақ ана, Зере, Айғаным секілді әжелер бейнесі аңыз әңгімелерге әдеби шығармаларда сомдалған.
Слайд 4
- Тақтаға назар аударайықшы. Бала тілі - бал айдарын тыңдап көрелік. Оқулықпен жұмыс. 133 - бет
а). Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы, түсіндіру.
ә). іштей оқыту.
б). тізбектей оқыту 2 жолдан.
Дәптермен жұмыс.
Слайд 5. Сызба экраннан шығады.
Ақын қолданған сөздер арқылы сызбаны толтырайық.

Ақын қолданған көркем сөздер Мағынасы
.......... ашынып
........... асырып
........... тосып ренжіп, ашуланып
мақтап, шаттанып
беріп

Сергіту сәті; «Ақ әже» әніне билеу
Шығармашылық тапсырма.
Ұйқастарға өлең құрастыр.
................. келеді,
................. береді.
........................,
................. жақсы көреді.
«Менің әжем» тақырыбына әңгіме құрап жаз.
«Әже» туралы ой топтастыр

Әже
Слайд 6. Венн диаграммасы
- Енді балалар 2 өлеңнің мазмұнын салыстырып көрейікші.
- Ұқсастығы
- Екеуі де өлеңмен берілген., екеуін де жазған Фарида Оңғарсынова
- Екеуі де мақтаныш сезіммен айтылған
- Айырмашылығы «Жылу» өлеңі ана туралы 4 шумақ
«Әже» өлеңі ана туралы 2 шумақ
Сабақты қорыту.»Анаға ақ тілек»
Бағалау. Үйге тапсырма.
Өлеңді жаттау. «Әже» өлең құрастыру
8 675
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сүйемін, өскен Отаным
Сүйемін, өскен Отаным
Өлең мазмұны арқылы көркем әдебиет жанрының бірі лирикалық шығармалардың айтар ойын ұғындыру. М. Мақатаев өмірінен, шығармашылығынан мәліметтер беру. Еліміздің тарихына қысқаша шолу жасау.
Фариза Оңғарсынова "Әже"
Фариза Оңғарсынова "Әже"
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зекенова Рима
Фариза Оңғарсынова. Әже
Фариза Оңғарсынова. Әже
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жолдасбаева Ажаркүл
Сәкен Жүнісов. Кімнің мекені жақсы?
Сәкен Жүнісов. Кімнің мекені жақсы?
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Баймурзина Гульдана Молдазаевна
Сейітқұл Оспанов "Шыбын мен көбелек"
Сейітқұл Оспанов "Шыбын мен көбелек"
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жақсыбаева Әсемгүл Тәңірбергенқызы
«Әже» Фариза Оңғарсынова
«Әже» Фариза Оңғарсынова
ШҚО, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш класс мұғалімі Исабаева Анар Байсалқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×