Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Суды қорғау

15 ақпан 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Суды қорғау
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға табиғатта су көп болғанымен, тұщы судың аздығын, судың тіршілікке тигізетін пайдасын аша отырып, оны қорғаудың маңызын сыни тұрғыдан ойлау арқылы талдауды үйрету;
2. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, ойлау әрекетін дамыту;
3. Суды қорғауға оқушылардың міндеттілігін түсіндіру.
Сабақта қолданылатын әдіс:
«Мағыналық - ерекшелік талдау стратегиясы», «Еркін жазу» стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның географиялық картасы, геометриялық фигуралар, тамшының суреті, «Суды қорғау» тақырыбына арналған плакаттар.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын сұрау. «Өзен және көл».
- Кім картадан Қазақстандағы өзендерді көрсетеді?
(Жайық, Сырдария, Ертіс)
- Кім Қазақстандағы теңіздерді көрсетеді?
(Арал теңізі, Каспий теңізі)
- Кім үлкен көлді көрсетеді?
(Балқаш көлі)
III. Жаңа сабақ.
- Бүгінгі сабақта осы суларды қорғау туралы оқып білеміз. Сабағымыздың тақырыбы: «Суды қорғау»
(Тақтаға жазамын)
- Бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді. Сыни тұрғыдан ойлау әдісі бойынша сұрақ қоя білуді үйренеміз.

І - этап. «Қызығушылықты ояту».
- Мына геометриялық фигуралардың ішінен қалағанын алыңыздар.
(оқушылар геометриялық фигураларды таңдап алады)
- Енді түсіне сәйкес 4 – 4-тен топталып отырамыз (қызыл, жасыл, қара, сұр, көк, сары).
ІІ - этап. «Ой қозғау»
- Осы отырған тобымызбен бірігіп, ақылдасып, «Неге суды қорғау керек?» - деген тақырыпта 5 минуттық эссе жазыңдар.
- Алдымен қорғау дегенді қалай түсінесіңдер?, «нені қорғайды?».
-(қойманы, үйді, пәтерді, мекемені, т. с. с);
- Ал суды неге қорғайды, соны жазып көріңдер. Топпен жұмыс жасаймыз.
- 1 минут уақыт қалды.
- сіздің топтан кім оқиды. Тыңдап отырамыз. (тыңдаймыз).
- кімде басқаша?

ІІІ - этап. «Мағынаны ашу».

- қазір оқулықтың 53 бетін ашайық. Ой бөліктеріне тоқтап оқимыз.
- І - ой бөлігін оқимыз. Мұқият оқыңдар, оқып болғасын мен сендерге осы оқыған
бөліктен сұрақ қоямын.
a) І - ой бөлігін оқимыз;
ә) кітапты жаба тұрамыз;
б) менің сұрағымды тыңдаңдар: - суды неге жұмсаймыз?
(тамаққа, жуынуға, тазалауға т. с. с)

Енді осы бөлік бойынша сендер сұрақ қойыңдар. Сұрақтың жауабы ашық түрде болмайтын болсын.

Сұрақ: -
Жауап: -

Әрі қарай оқимыз.
ІІ - ой бөлігі.
Енді бір оқушы мұғалім ролінде болып, оыс оқыған бөлім бойынша сұрақ қояды.
Сұрақ: -
Жауап: -
Әрі қарай оқимыз.
ІІІ - ой бөлігін оқимыз.
Оқулықты жабамыз.
Мұғалім роліндегі оқушы сұрақ қояды.
Сұрақ: -
Жауап: -
IV – ой бөлігі бойынша оқып, сұрақ қоямыз.
Сұрақ: -
Жауап: -
V - ой бөлігін оқимыз.
Бір оқушы оқушыларға сұрақ қойсын.
Сұрақ: -
Жауап: -
VI – ой бөлігі бойынша сұрақ қоямыз.
Сұрақ: -
Жауап: -
IV. Ой толғаныс.
Енді сабақтың басында жазғандарың мен оқығандарыңды салыстырыңдаршы. Ұқсастық бар ма?
- не сәйкес келді?
- не сәйкес келген жоқ? Сен қалай деп ойлап едің?
(оқушылардың жауабы)
Енді сендер суды қорғау үшін не істегілерің келеді?
(акциялар өткізу, плакат жазу, патруль қою т. с. с)
Ендеше қазір топтарыңмен ақылдасып, суды қорғауға шақыратын плакат салыңдар (5 - 7 минут).
Енді сол салған суреттеріңді қорғап, түсіндіріп беріңдер.
(Оқушылар салған суреттерін түсіндіріп береді).
Ал мына сурет неге ұқсайды?
-(тамшыға)
Сабақтың басында тамшының түсі қандай болып еді?
(сарғыш, қоңыр).

Қазір қандай?
(көгілдір)
Неге өзгерді? Кім түсіндіреді?
(Ол тамшы тазарып, мөлдір түске айналды).
Неге олай деп ойлайсыңдар?
Сонымен бүгінгі сабақтан нені білдің? Нені үйрендің?
Бүгінгі сабақтан кейін сіздерді ысырап қылмай, қорғауға ат салысады деп сенемін. Рахмет!
2 614
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өзендер және көлдер. Адам тіршілігі үшін судың маңызы.
Өзендер және көлдер. Адам тіршілігі үшін судың маңызы.
Адам тіршілігі үшін судың маңызы. Оқушылардың білім - біліктілігін сұрақ арқылы анықтау. Әр оқушыны өзіндік ойын жеткізу арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту. Суды қорғау мен үнемдеуге шақыру.
Өзендер мен көлдер
Өзендер мен көлдер
Оқушылардың білім - біліктілігін сұрақ арқылы анықтау. Әр оқушыны өзіндік ойын жеткізу арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту. Суды қорғау мен үнемдеуге шақыру
Су – тіршілік көзі
Су – тіршілік көзі
Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Үнемшілдікке тәрбиелеу. Қоршаған ортаны қорғауға ауаны, суды ластамауға шақыру. Қазақстандағы ірі көлдер мен өзендер туралы әңгімелеу
Ауыз суды тазалау, Судың маңызы (күнделікті сабақ жоспары)
Ауыз суды тазалау, Судың маңызы (күнделікті сабақ жоспары)
Тұщы таза су баға жетпес байлық. Жер жүзіндегі барлық тіршілік суға байланысты. Сусыз тіршілік жоқ. Себебі жер шарындағы барлық судың 2% ғана тұщы, ал қалған 88 пайызы ащы су. Дүние жүзінде тұщы суды пайдалану жыл сайын өсіп келеді.
Суды қорғау
Суды қорғау
Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау. Судың пайдасын білу. Суды қорғауға, судың тазалығын сақтауға тәрбиелеу.
Өзендер. Көлдер. Тоғандар.  Дүниетану 3-сынып
Өзендер. Көлдер. Тоғандар. Дүниетану 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: Өзендер. Көлдер және тоғандар Білімділік: өзендер, көлдер және тоғандар, олардың айырмашылығы, шаруашылықтағы пайдасы туралы түсінік беру, еліміздегі өзендер және көлдермен таныстыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×