Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шегіртке мен құмырсқа

16 ақпан 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақ тақырыбы: Абай Құнанбаев И. А. Крыловтан «Шегіртке мен құмырсқа»
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Абай Құнанбаев аударма өлеңімен таныстыру.
Дамытушылық: Ой - өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл дамыту. Іздемпаздыққа және топпен жұмыс істеуді үйрету.
Тәрбиелік: Еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру, бекер, босқа уақыт өткізбеуге баулу.
Көрнекі құралдар: мультимедия, интерактивті тақта, оқулық,
Сабақ әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, оқу, сахналау, топпен жұмыс, «ой толғау».
Сабақ түрі: пәнаралық.
Сабаққа алдын ала дайындық: Кітапханадан мәлімет жинақтау
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды төрт топқа бөлу.
Психологикалық ойын: «Сәттілік тілегі»
Әр топтағы оқушылар тізбектеп қол ұстаса отырып, бір - біріне тілек айтады.
(1 - 2слайд)
Мұғалім: Балалар, бүгінгі сабақта Иван Андреевич Крыловтың Абай Құнанбаев аударған «Шегіртке мен құмырсқа» деген мысалымен танысамыз.
Сабақ мақсаты: 1. Мысалмен танысу.
2. Топпен жұмыс істеуге үйрену, мәлімет жинақтау.
3. Еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру, бекер,
босқа уақыт өткізбеуге үйрену.
3 - слайд.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Мақал жарысы.
Мұғалім: Балалар, үй жұмысын тексеру барысында көп және тез мақал айтқан оқушы машинаға ие болады.
Интерактивті тақтамен жұмыс. Оқушылар жарысып өздері тақтада бағалау парағы арқылы қаламмен фигураларды бояйды. Жеңімпаз оқушылар тақтада көрінеді.

ІІІ. Жаңа сабақ:
Қызығушылығын ояту.
Мұғалім: Ал балалар, бүгінгі сабақта не туралы айтылатыны жұмбақ шешу арқылы білеміз.
Слайд ашу.

Жұмбақ шешу.
1 Ат басты
Арқар мүйізді
Бөрі кеуделі
Бөкен санды
(шегіртке)

2. Ине бел, қылқа мойын, қара батыр.
Қара тауды арқалап бара жатыр.
(құмырсқа)
Мұғалім. Балалар, сендер төрт топқа бөлініп отырсыңдар.
Бұл: 1-топ - Иван Андреевич Крылов
2-топ - Абай Құнанбаев
3-топ - Шегіртке
4-топ - Құмырсқа
Топпен жұмыс:
Топтағы алғыр оқушы жинақтаған мәліметті оқып береді. Қалғандары дәптерлеріне ассоциация арқылы жинақтайды, негізгі ойды жазады.
Әр топ жинақтаған мәліметтерін айтып береді.(оқушылар бір – бірін толықтырып отыруға тиісті)
Слайд ашып отыру:
1-топ - Иван Андреевич Крылов
2-топ - Абай Құнанбаев
3-топ - Шегіртке
4-топ - Құмырсқа

1-топ. Крылов Иван Андреевич
(1769 - 1844)
И. А. Крылов ұзақ өмір сүрген. Ол өз замандастарына қатты ұнаған бірнеше күлдіргі пьеса жазған. Ол 30 жылдай Петербург кітапханасында қызмет еткен. Ал оның атын әлемге әйгілі еткен нәрсе ғажайып мысалдары болды.
Мысал деген көбінесе өлең түрінде жазылатын шағын шығарма, онда міндетті түрде ақыл - кеңес айтылады (нені істеп, нені істемеу керектігі жөнінде) немесе біреудің ақымақтығы ажуа етіледі. Мысал сәл - пәл ертегіге ұқсайды: әдетте онда адамдар емес, жан - жануар, кейде тіпті жансыз заттар әрекет етіп жатады.
Дүниеден талай - талай тамаша мысалшылар өткен. Россиядан сондай ғажап мысалшы И. А. Крылов болған еді.
Крыловтың мысалдары әрқашан да халықтың мұң - мүддесін қорғады. Сонымен қоса ұлы мысалшы жатып ішер жалқауларды, қорқақтарды, жақсылық білмейтін көпірме мақтаншақтарды әбден ажуа қылады.
Крыловтың мысалдары өте түсінікті әрі жатық, қалай жаттап алғаныңды білмей де қаласың. Сол мысалдардың бірнешеуін Абай Құнанбаев аударған, атап кетсек «Шегіртке мен құмырсқа» және т. б..

2-топ. Абай Құнанбаев.
Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі композиторы, аудармашы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы тұңғыш классигі - Абай Құнанбаев. Ол 1845 жылы 10тамызда қазіргі шығыс Қазақстан облысының Семей өңіріндегі Шыңғыс маңында туған. Зере әжесі мен Ұлжан шешесінен тәрбие көрген Абай жастайынан зерек болған.
Абай әуелі ауылда Ғибатхан деген татар молдасынан мұсылманша хат таниды. Әкесі Абайды 10жасында Семей қаласында Ахмет Ризаның медресесіне оқуға береді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 050
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шегіртке мен құмырсқа
Шегіртке мен құмырсқа
Мысал дегеніміз - адамның жағымсыз қасиеттерін, мінез - құлқын жан - жануарлардың іс - әрекеттерімен суреттеп жазған шығарманың бір түрі.
А. Құнанбаев. И. А. Крыловтан «Шегіртке мен құмырсқа»
А. Құнанбаев. И. А. Крыловтан «Шегіртке мен құмырсқа»
Абай Құнанбаевтың аударма өлеңімен таныстыру. Ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл дамыту.
Шегіртке мен құмырсқа
Шегіртке мен құмырсқа
Абай Құнанбаев пен И. В. Крылов туралы қысқаша мағлұмат беру. И. В. Крыловтың Абаймен аударылған мысалдарды еске түсіру. Мысалдардан қандай ғибрат алатынымызды көрсету. Шегіртке мен құмырсқа мысалының тәрбиелік мәнін, мазмұнын ашу.
Шегіртке мен құмырсқа
Шегіртке мен құмырсқа
А. Құнанбаев пен И. В. Крылов туралы қысқаша мағлұмат беру. И. В. Крыловтың Абаймен аударылған мысалдарды еске түсіру. Мысалдардан қандай ғибрат алатынымызды көрсету. Шегіртке мен құмырсқа мысалының тәрбиелік мәнін, мазмұнын ашу.
Абай (И.Крыловтан) Шегірке мен Құмырсқа
Абай (И.Крыловтан) Шегірке мен Құмырсқа
Атырау облысы, Жылой ауданы, Құлсары қаласы, №1 орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Биманова Қалдыбике Әбілқайырқызы
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нәбиева Гүлбаршын Емматқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×