Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қар қандай? Дыбыс пен әріп

16 ақпан 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Қар қандай? Дыбыс пен әріп
Сабақтың мақсаты:
1. Ертегінің идеясын ашу; мәтін мазмұнын түсінуіне мүмкіндік жасау, дыбыс және әріпті ажыратуға дағдыландыру; Өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға төселдіре отырып, жыл мезгілдері, қыс туралы, қыстағы табиғат құбылыстары жөніндегі түсініктерін қалыптастыру.
2. Оқушылардың көркем, дұрыс байланыстыра сөйлеу қабілеттерін дамыту. Өз ойларын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру. Сауатты, көркем жазуға дағдыландыру.
3. Табиғатқа ізгілік қатынасты қалыптастыру, табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа мағынаны тану
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы әдістері
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, парақшалар, ертегі кейіпкерлері
Сабақтың жүрісі: Ұйымдастыру Үй тапсырмасын тексеру
Бұл қай кезде болады? Жатқа айту 13 - жаттығу

І Қызығушылықты ояту 1. Мына дыбыстардан сөз құрастыр.
Р, Қ, А
А, Л, А, Қ
К, Е, М, П, Т, Е
С, Қ, Ы
О, Қ, Ш, У, Ы
2. Жаңылтпаш оқу
Бұл қар –
Сұр қар.
Сұр қар –
Кір қар.
Үстінде ойнама
Үстіңді былғар
- Бұл жаңылтпаш не туралы? - Қардың қандай түрлері бар? - Қар сөзінде неше дыбыс бар, неше әріп бар?
Дыбысты не істейміз, әріпті не істейміз?

ІІ Мағынаны тану.
1. Оқулықпен жұмыс
2. Мәтінді мәнерлеп оқу.
3. Топтастыру. Ертегі кейіпкерлері өздерінің теңеулерін топтастырады.
Қар қандай?

(Алтындай жарқырайды, көгілдір, суық, жылы, жеңіл, ауыр, күмістей)
2. Сергіту сәті «Табиғат ғажайыптары»
Күн шайдай ашық. Таза ауада еркін серуендейміз. Қар ұшқындап тұр. Ұлпа қар лезде еріп кетті. Қар себелеп, біртіндеп күшейе түсті. Жел тұрды. Қатты боранға айналды. Бір мезетте боран басылып, күн шайдай ашылды.

ІІІ Ой толғаныс
1. Дәптермен жұмыс
Жатқа көркем жазу 15 - жаттығу
Қырда қырау,
Қызыл ала бұзау.
2.«Қай әріпті жоғалттым» ойыны
... есе
Ан...
Кем...
Мекте...
Шан...
Баты...
3. Топтық жұмыс
І топ
3 дыбыс, 3 әріптен
ІІ топ
4 дыбыстан, 4 әріптен
ІІІ топ
5 дыбыс, 5 әріптен

4. Үйге тапсырма: Қарды сипаттап жазу
5. Бағалау
6 994
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдебиеттік оқу пәні бойынша Ұзақ мерзімдік жоспар
Әдебиеттік оқу пәні бойынша Ұзақ мерзімдік жоспар
Әдебиеттік оқу Барлығы 136 сағат. Аптасына 4 сағат. 1 тоқсан 36 сағат Ұзақ мерзімдік жоспар
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпін таныту. Ю дыбысынан енген сөздерді буындап тұтас оқуға машықтандыру. Сауатты, көркем жазуға төселдіру, мәтінді түсініп оқуға үйрету.
Менің анам.
Менің анам.
Өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға төселдіре отырып, Анаға деген сүйіспеншілігі туралы түсініктерін тереңдету.
Я әрпінің жазылуы
Я әрпінің жазылуы
Атырау облысы, Атырау қаласы №34 лингвистикалық мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жоламанова Райса Жоламанқызы
Өзіңді - өзің тексер
Өзіңді - өзің тексер
Бастауыш сынып мұғалімі: Күлән Керешова
Я әрпінің жазылуы
Я әрпінің жазылуы
Атырау қаласы, Жанаталап селосы, Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қадесова Салтанат Әлімжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×