Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош бол, құтты Әліппем!

16 ақпан 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сынып: 1
Тақырыбы: Қош бол, құтты Әліппем!
Мақсаты: Әліппені аяқтауды салтанатты түрде атап өту. Оқушылардың Әліппеден игерген білімдерін ата - аналарға, көрермендерге көрсету. Оқушылардың Әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу. «Әліппеге» байланысты өлең тақпақтарын мәнерлеп оқуға үйрету.
Көрнекіліктер: әріптер, шарлар, мақал - мәтелдер, слайдтар.
Нұрбек:
Армысыздар құрметті қонақтар. Бүгін біз шексіз қуаныштымыз. Себебі алғаш сауатымызды ашқан, жақын досымыз Әліппемен қоштасамыз.
Мұғалім:
Бар білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы,
Жас балаға нұр шашқан
Қандай кітап тіл ашқан?
Оқушылар: Әліппе!
Әсет:
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық,
Не үйреніп, не білдік
Кәне, ортаға салайық.
Бақытжан:
Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Басқа оқулық достаспақ
Әліппемен қоштаспақ
Нұрбол:
Қош бол құтты Әліппе
Тіл тұсауын кестің сен
Аялы анам болып сен
Айыбымды кештің сен

Әсем:
Әліппем менің Әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарығын
Алихан:
Әліппе деген алтын жол,
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес, ауыр жол
Тырмысып бақ намысқа
Алим:
Бар кітапқа бас болған
Әліппе – ғылым ағасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Меруерт:
Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып, сөйлеттің

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 329
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әліппемен қоштасу кеші
Әліппемен қоштасу кеші
Оқушылардың өнерін тамашалау, еркін сөйлеуін, есте сақтау қабілетін дамыту, ата – анамен байланысты нығайту. Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата – аналарын құрметтеп, эстетикалық талғамдарын кеңейтіп, оқу, білім алуға тәрбиелеу;
Қош бол, сүйікті әліппем!
Қош бол, сүйікті әліппем!
Тақырыбы: Қош бол, сүйікті әліппем!
Қош бол, құтты әліппем!
Қош бол, құтты әліппем!
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Қ. Сәтбаев атындағы ЖОББМ Бастауыш сынып мұғалімі: Кожагалиева Айнур Набигалиевна
Қош бол, құтты Әліппем
Қош бол, құтты Әліппем
Атырау облысы, Атырау қаласы, №2 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Куанова Анар Аманкайыровна
Қош, бол сүйікті Әліппем!
Қош, бол сүйікті Әліппем!
«Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Полатова Айгуль Жамантаевна
Әліппе - ғылым анасы
Әліппе - ғылым анасы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×