Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғылым таппай мақтанба. Абай

18 ақпан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ғылым таппай мақтанба. Абай. (слайдымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Абай атамыздың өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек білім алуына, адамның ішкі жан дүниесін түсінуге, ақынның данышпандығын тануына жол салу.
Күтілетін нәтижелер: Пәндік нәтиже: өлеңдегі негізгі ойды, идеяны аша, ұғына білуіне мүмкіндік беру.
Жүйелі іс - әрекет нәтижесі: Абай өлеңдері арқылы практикалық білім дәрежелерін одан әрі кеңейту, оқушылардың ой - өрістерін, сауаттылығын, сөйлеу тілдерін өлең жолдарындағы көркем сөздерді жинақтау арқылы молайта түсу.
Тұлғалық нәтиже: адам бойындағы жақсы - жаман қасиеттерді тани отырып, адамгершілік тәрбиесіне баулу.
Сабақтың көрнекілігі: сызба - кестелер, Абай атамыздың портреті, өмірінен суреттер, слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал - жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
І. Қызығушылықты ояту.
- Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Қазіргі таңда әлемде Абайды танымайтын жан жоқ десек, дұрыс айтқан болар едік. Мысалы, көршілес Ресейде Абай күндері өткізіліп тұрады.
Оқушылар Абай атамыздың өмірі туралы мәліметтерге тоқталады. Білетін мәліметтерін жаңғырту. Өлеңдерін жатқа айтқызу.
Керек дерек:
Абай – осы күнгі Семей облысындағы Шығыс деген тауды жайлаған тобықты руының ішінде, 1845 жылы дүниеге келген. Абайдың өз әкесі - Құнанбай, оның әкесі - Өскенбай, үшінші атасы - Ырғызбай. Бұлардың барлығы – ру ішінде үстемдік жүргізген адамдар.
Өскембай орта жасқа келгенде, баласы Құнанбай ер жетіп, атқа мінген. Құнанбай 1804 жылы дүниеге келген. Құнанбайдың шешесі Зере кісі ренжітпейтін жұмсақ мінезді әйел болған деседі. Мұның ақын болатын немересі Абайдың бала, бозбала күнінде аулының бәрі Зерені «кәрі әже» дейді екен. Кәріліктен құлағы естімейтін болған. Бабаларына дұға оқытып, үшкірте береді. Сонда өз қолындағы немересі Абай кәрі әжесінің құлағына өлең айтып келіп үшкіреді екен. Ақынның өз шешесі – Ұлжан. Ол сабырлы мінезді кісі болған.
Сонымен Абай атамыз аудармашы, мысалшы, әсем ән жазған сазгер, ұлы ойшыл, ақын, ғұлама адам болған екен. Бүгін біз Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен танысып, топпен жұмыс жасаймыз.
Бұрын оқыған өлеңнің басқа шумақтарын еске түсіру.
Өлеңді өзім мәнерлеп оқып беремін. Оқушыларға тізбектеп, әсерлеп оқу түрін ұсыну.
Сөздік жұмысын жүргізу.
- Ақын өлеңінде бізді кім болуға шақырып тұр.

Сынып оқушыларын жылдың төрт мезгіліндегі туған күндеріне байланысты топтарға бөлу. Бөлінгеннен кейін өз тобының атауына байланысты Абайдың бір өлеңін еске түсіріп айтады.
Өз мезгіліне сәйкес өлеңін тауып, мәнерлеп оқиды. (Күз. Қыс. Жаз)
Ой қозғау.
Оқу білім бұлағы,
Білім өмір шырағы.
• Білімді неге шырақ дейміз? (оқушылар ойларын айтады)
• Автор туралы түсінік беру
• Абай аталарының жатқа білетін өлеңдерін сұрау.
• Абай туралы не білеміз?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 611
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
А. Құнанбаев «Әсемпаз болма әрнеге»
А. Құнанбаев «Әсемпаз болма әрнеге»
Сабақтың мақсаты: Ақын Абаймен танысу, ұлы ақын Абай мұрасымен таныса отырып, Абай өлеңдері арқылы оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, еңбекқорлыққа, адам бойындағы асыл қасиеттерге баулу.
Оқышы дана Абайды. С. Тойлыбаев
Оқышы дана Абайды. С. Тойлыбаев
азақтың ұлы ақыны, композитор, философ, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы – Абай Құнанбаев, оның өмірі, шығармашылығы, атап айтқанда өлеңдеріне, поэмаларына, қара сөздеріне, оның көркем жазбаларына талдау жасай
А. Құнанбаевтың өлеңдері (күнделікті сабақ жоспары)
А. Құнанбаевтың өлеңдері (күнделікті сабақ жоспары)
Абай Құнанбайұлының алдына қойған мақсаты қараңғы қазақтың көзін ашу, көңілін ояту оларды мәдениетті елдердің қатарына қосу еді. Осы мақсатпен ол оқушыларды оқу - білімге шақырған «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі еді.
Сабырсыз, арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев
Сабырсыз, арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жанғазиева Аққайша Сағадиқызы
Ғылым таппай мақтанба
Ғылым таппай мақтанба
Атырау қаласы, Амангелді селосы, Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Башиева Ақерке Шамилқызы
Ғылым таппай мақтанба
Ғылым таппай мақтанба
Жанабаева Динара Қабланқызы М. Ломоносов атындағы орта мектеп КММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×