Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақылды тыңдай білу де өнеге

19 ақпан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Өзiн - өзi тану сабағының жоспары
Тақырыбы: Ақылды тыңдай білу де өнеге

Мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы туралы мәлімет беру
Міндеттері: Оқушыларға дұрыс әрекет құндылығы туралы түсінік беру, оның адам өміріндегі маңыздылығын ашып көрсету.
Ақылды тыңдай білудің өмірдегі маңыздылығын, ақылды тыңдай білу іскерліктерін дамыту.
Қамқорлық, ізеттілік, кішіпейілділік, сыйластық қасиеттерін көрсете білуге тәрбиелеу. Ресурстар: (үнтаспа, қиылған жүрекшелер

Ұйымдастыру кезеңі
Тыныштық сәті; Баяу әуен тыңдай отырып жасау. «Күннің нұры»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
- Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
- Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
- Жаймен көзіңізді ашуға болады.
- Рахмет.
Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?

Үй тапсырмасын тексеру. Қорада малың болсын, көшеде талың болсын. С. Ақаев
Сұрақтар: Қорада малың болсын, көшеде талың болсын деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Балаларының жауап сөздері сіздерге қандай ой салды?
Балаларына айтқан әке өсиетінің мәні неде?
Балалардың әке сөзін тыңдай білгеннің арқасында қандай дәрежеге жеткендігі туралы өз ойыңды білдіріп көр.
Өмірдің мәні неде? Өмірлік ұстанымдарың туралы ой бөлісу

Дәйексөз: Ата - анаңның ақылы
Сайрап жатқан жолмен тең
Ақылдының ақылы
Сарқылмайтын көлмен тең. (Халық мақалы)
Мағынасын ашу. 2 рет ұл балаларға, 2 рет қыз балаларға қайталату
Ендеше біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болуы мүмкін деп ойлайсыздар?
Әрине ақыл туралы.
Жаңа сабақ: Ақылды тыңдай білу де өнеге

Әңгiмелеу ӨНЕГЕЛІ ӨМІР ӨСИЕТІ (видео). Талдау
Балаға “Абай” атының қойылу себебі неде?
Абай атасына қандай сұрақ қойды?
Абайдың атасының жауабы қандай?
Ата әжелері Абайдан қандай үміт күтеді?
Ақылды тыңдай білу, ойға тоқи білу, іспен дәлелдей білу қаншалықты маңызды?
Адам баласына дұрыс жолды таңдай білу үшін не керек?
Өз ойларынан сұрақтар туындаса оған жауап беру керек....

ОЙЫН: МЕН АҚЫЛДЫ БАЛАМЫН, өйткені...
Шығармашылық жұмыс.
Түске байланысты топқа бөлу. Тапсырма: Ақыл шыңына жету үшін мақал мәтелдердің мағынасын ашу, қорғау.
Топпен ән айту. «Мен сүйемін» Әні: В. Питерцев Сөзі: С. Жарқынбек
Мен сүйемін анамды,
Ізгілікпен пен адалдыққа баулыды
Мен сүйемін әкемді
Қорған болған, өзің сынды асылды
Қайырмасы:
Мен сүйемін елімнің кең даласын,
Мақтанышым өмірде бір өзіңсің.
Мен сүйемін, Мен сүйемін туған жер,
Бақ дәулеттің сыйы болған көзісің.
Мен сүйемін тауымды,
Баурайынан мөлдіреген нәр ақты.
Мен сүйемін елімді,
Тілеуменен бір өзіңе бақытты.
Қайырмасы:
Мен сүйемін досымды,
Жақсылықты ортақ бізге тіледі,
Мен сүйемін бәрінді,
Мақтанышпен сүйе бергім келеді.
Қайырмасы

Үй тапсырмасы: Қызғаныштың кесірі Ж. Байбұланованың шығармасын оқу
Дәптермен жұмысты орындау
Соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім жәй дауыспен:
«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»
Сабақ барысын талқылау:
11 861
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен ұқыпты баламын
Мен ұқыпты баламын
ұқыптылық, өз - өзіне қызмет ету, жағымды әрекет, әдептілік, сыпайылық
Ар – ұждан – адамдық өлшемі
Ар – ұждан – адамдық өлшемі
"Ар - ұждан" құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, адам туы ар – ұждан туралы түсінігін дамыта отырып, ар ұждан тазалығына баулу.
Ақылды тыңдай білу де өнеге
Ақылды тыңдай білу де өнеге
Әке өсиетін мүлтіксіз орындаған балалар ештеңеден қиындық көрмейді. Ал өсиет тыңдамайтын адамның ісі алға баспай, сол күйі қалады. Ата сөзін, әке сөзін, ұстаз сөзін, үлкендер сөзін, халық даналығын, өсиетін дұрыс ақылға салып тыңдай білген адамның
Перпендикуляр түзулер және нүктеден түзуге дейінгі қашықтық тақырыбына есептер шығару
Перпендикуляр түзулер және нүктеден түзуге дейінгі қашықтық тақырыбына есептер шығару
Перпендикуляр түзулердің анықтамасының тұжырымдамасын, қасиеттерін пайдаланып есептер шығару және нүктеден түзуге дейінгі қашықтықты таба білу арқылы адамның ақыл - ойына, рухани дамуына қатысты маңыздылығын түсіндіре отырып, ақиқаттың құндылық
Сыр мен сымбат
Сыр мен сымбат
№112 орта мектебінің ұстазы: Ташенова Гүлжазира Жалғасбекқызы
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Молдатурлиева Зульфия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×