Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістік жағалауына саяхат

19 ақпан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 2 сынып
Тақырыбы: «Етістік» жағалауына саяхат
Мақсаты:
1. Оқушылардың етістік сөз табы бойынша алған білімдерін жетілдіру, толықтыру.
2. «Етістік» жағалауына саяхат жасай отырып, оқушылардың шығармашылығын, қызығушылығын, зейінін, ойлау - қабілеттерін дамыту.
3. Сауаттылық, жолдастыққа, жылдам ойлауға тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрсету, салыстыру, талдау, сипаттау, ойландыру. т. б.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,, суреттер, қима - қағаздар, жетон
Түрі: саяхат сабағы
Пән аралық байланыс: Дүниетану, ана тілі
Өту барысы

Кезеңдері Сабақтың мазмұны
Ұйымдастыру кезеңі - Амандасу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
- Көңіл күйлерің қандай?

Психологиялық дайындық Егер көңіл - күйлеріңіз жабырқаулы болса, жұдырығымызды жұмып, бұлтты көрсетеміз, ал егер көтеріңкі болса, алақанымызды ашып, күнді көрсетеміз
- Біз қолымызбен не істедік?
- Қолымызды жұмдық, аштық, яғни іс – қимыл жасадық.
- Іс - қимылды білдіретін сөз табы қандай?
- Етістік. Дұрыс айтасыңдар.
«Үй тапсырмасын тексеру» жағалауы Бүгінгі сабағымыз ерекше, қазір біз «Балқаш» көліне саяхат жасаймыз. Біз саяхатымызды «Үй тапсырмасын тексеру» жағалауынан бастаймыз.
- Үйге берілген «Білім керек бәріне» тақырыбына құраған әңгімелерінді ауызша оқимыз.
- Енді балалар тақтаға назар аударамыз.
Етістіктер берілген, көп нүктенің орнына сұрақ қою арқылы зат есім тауып жаз.
...
... ұшады
... секіреді
...
«Ой толғаныс» жағалауы
- Енді балалар келесі « Ой толғаныс» жағалауына
саяхаттайық.
Суреттерге назар аударамыз.
- Суретте не бейнеленген?
- Адамдардың іс - қимылы қандай?

«Сәйкестендіру» жағалауы Біз «Сәйкестендіру» жағалауына келдік. Онда мынадай тапсырма берілген екен.
Ит ---------- шақырады
Қарға ------ үреді
Қасқыр --- қарқылдайды
Әтеш ------ ұлиды
«Оқулықпен жұмыс» жағалауы «Оқулықпен жұмыс» жағалауына келіп қалдық.
Оқулықтағы 418 - жаттығуға назар аударамыз.
- Мақта дегеніміз не?
- Алдымен мәтінді түсініп оқимыз.
- Мәтін не туралы?
- Мақта туралы тірек - сызбаны толтырайық.
Терме диктанты
- Енді балалар осы мәтінде кездесетін етістіктерді тауып жазамыз.
Егер менің жауабыммен сәйкес келсе, + таңбасын қойып отырамыз.
Алынады, ұнатады, өсіріледі, ашылады, көрінеді.
- Жарайсыңдар балалар!
«Демалыс сәті» жағалауы «Демалыс сәті» жағалауына тоқтап, демалып алайық
1, 2, 3
Жинап алдық күш
4, 5, 6
Салақтықтан қашайық
Көрсетілген үлгіге
Әдемілеп жазайық.
«Дәптермен жұмыс» жағалауы «Дәптермен жұмыс» жағалауында дәптерімізге көркем жазу жазамыз.
420 - жаттығуды орындаймыз.
Етістіктерді қойылған сұрақтарына қарай екіге топтастырамыз.
Не істеді?
Келді, оқыды, көрді, жинады, сүртті
Не істейді?
Ұшады, жазады, байқайды, тарқатады
«Деңгейлік тапсырма» жағалауы «Деңгейлік тапсырма» жағалауына қош келдіңіздер! Сендердің білімдеріңді тексерейік, тапсырманы орындауға дайынбыз ба?
І деңгей
Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құрау.
Жасады, жинады, баптады, бояды.
ІІ деңгей
Берілген сөздер қатарынан етістікті тап.
1. Аспан, көгершін, жасыл, көшті, қарбыз
2. Әдемі, отырды, он, домбыра
3. Гүл, сағат, күреді, он үш, ертең

ІІІ деңгей
Суретпен жұмыс
«Есте сақта» жағалауы Біз Балқаш көлі арқылы кемемен саяхаттап жүрміз. Осы «көл» сөзі қандай сөз табына жатады?
- Дұрыс айтасыңдар. Зат есім. Не? Деген сұраққа жауап береді. Енді көл сөзін пайдаланып, сөйлем құрайық.
Бұл сөйлемде зат есім де және етістік те бар. Зат есім мен етістікті салыстырамыз.
Зат есім
Етістік
Қорытынды Балалар біз «Етістік» жағалауына жеттік.
Мақсатымыз қандай еді?
- Жарайсыңдар!
- Сындардан өтуге не көмектесті?
Достық, білім, өзара көмек.
Үй тапсырмасы 139 бет, 424 - жаттығу
Бағалау Оқушыларды жинаған жетон бойынша бағалау.
29 827
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сабақты етістік пен салт етістік
Сабақты етістік пен салт етістік
Етістіктің сабақты және салт етістік түрлерін табыс септігімен байланыстыра отырып меңгерту Тақырып бойынша алған білімдерін ауызша, жазбаша тілде пайдалану дағдысын қалыптастыру.
Етістік
Етістік
Заттың қимыл іс-әрекетін білдіретін сөзді етістік дейміз.
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №3 мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі Искакова Гүлзада
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Максимова Сафия Мунировна
Етістік
Етістік
Атырау қаласы, №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жалмуханова Балауса Хоныспаевна
Етістік
Етістік
Қоңырбаева Нұрсұлу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×