Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүрек - қан айналымның негізгі мүшесі

19 ақпан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану
Тақырыбы: Жүрек - қан айналымның негізгі мүшесі
Мақсаты мен міндеттері: ағза мүшелері түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру.
1. Білімділік: өз бетінше ағза мүшелері туралы білім алуға деген талпыныстарын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: әңгімелеу, сипаттау, талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3. Тәрбиелік: денсаулыққа көңіл бөлуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу:
Сабақ түрі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: макет адам денесі, суреттер, карточкалар, жүрек макеті.
Әдіс - тәсілдер: жұптық, талдау,
Сабақ барысы
1. Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Үй тапсырмасын тексеру.

- Балалар, сендер не орындадыңдар?
- Қимылдарды не арқылы жасадыңдар?
- Мына суретке қарап не көріп тұрғандарыңды айтыңдаршы?
Бұл қаңқа. Қаңқа - адам денесін қозғалысқа келтіретін мүше.
1 - бас сүйек, 2 - төс сүйек, 3, 4, 5 - қол сүйектері, 6 - қабырғалар, 7 - омыртқа жотасы, 8 - жамбас сүйек, 9 - жаурын, 10, 1, 12 - аяқ сүйектері.

2. Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру: Жүрек макетін көрсету
Жұдырықтарыңды жұмыңдаршы. Адамның жүрегі жұдырығындай дейді. Жүрек ең маңызды мүше болып табылады? Неліктен? Дәлелде.
Жүрек еті бірде жиырылып, бірде созылып, тынымсыз жұмыс істейді.
Қанның ағзаны аралап қозғалуын қан айналымы дейді.
Оқулық бойынша 21 - 22 бет оқу, талдау, сұрақтарға жауап беру.
Сергіту сәті Қазым, қазым қанқылда,
Көлде жүзіп саңқылд.
Жем шашайын жейсің бе?
Кәмпит берші дейсің бе?
Жоқ, жоқ, жоқ кәмпит тәтті болмайт ас.
Арпа менен бидай шаш.

3. Жаңа білімді бекіту: Жүректі күту ережелері:
* спорттық жаттығулар
* таза ауада серуендеу
*еңбек жүктемесіне мән беру, уақытында демалу, ұйықтау.
Тәжірибе: Өзіңнің қан тамырыңның соғысын есепте, қорытындысын айт. Оны қалай есептеуге болатынын әңгімеле.
Дәптермен жұмыс: жүрек суретін сал, оның мүшелерін белгіле.
Шылым шегу мен ішімдікке үйір болу жүрекке үлкен зиян келтіреді.
Сұрақтар бойынша жұмыс:
- Жүрек қай тұста орналасқан?
- «Қан айналымына» сипаттама бер.
- Қалай ойлайсың, адамның әр түрлі жағдайында тамырдың соғуы не себептен түрліше болады,
- Адамның жүрегі ауырмау үшін не істеу керек?
- Қан тамырдың соғуын қалай есептеуге болады?
4. Үйге тапсырма:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 092
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қаңқа құпиялары
Қаңқа құпиялары
Адамның тірек - қимыл жүйесінің қызметін анықтау
Адамның тірек - қимыл жүйесі
Адамның тірек - қимыл жүйесі
АДАМ Тік жүруге бейімделген. Кеуде қуысы жалпақ. Омыртқа жотасы 4 жерден иілімі бар. Ми сауыты, бас сүйегі дамыған.
Қаңқаның негізгі бөлімдері. Омыртқа жотасының бөлімдері
Қаңқаның негізгі бөлімдері. Омыртқа жотасының бөлімдері
Атырау облысы, Исатай ауданы, Хамит Ерғалиев ауылы Жалпы білім беретін Новобогат орта мектебінің биология пәні мұғалімі Елубаева Алмажай
Сүйектің құрылысы, өсуі, химиялық құрамы (зертханалық жұмыс)
Сүйектің құрылысы, өсуі, химиялық құрамы (зертханалық жұмыс)
Қызылорда қаласы, № 172 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Ташпенова Ұлжан
Адам тұлғасының суреті
Адам тұлғасының суреті
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, "Аудандық көркемсурет лицейі" МКҚК - нің сурет пәні мұғалімі Оразова Эльвира Мендикызы
Салауатты өмір салты
Салауатты өмір салты
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №5 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Сарина Мереке Амантайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×