Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ер еңбекте сыналады

20 ақпан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі (3 - сынып)
Сабақтың тақырыбы: Ер еңбекте сыналады
Сабақтың мақсаты: 1. Тақырып мазмұнын меңгерту, оқуға машықтандыру.
2. Оқушыларға бағыт - бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу, ой өрістерін дамыта отырып, өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру.
3. Еңбек сүйгіштікке, шығармашылыққа, салмақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Жекен Жұмақанов туралы кесте, үлестірмелі тапсырмалар, слайд.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Психологиялық дайындық.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Ой қозғау.
- Қазір жылдың қай мезгілі? - Көктем.
- Ендеше көктем туралы бір шумақ өлең бойынша қимылдар көрсетейік.
Өлкемізге Наурыз келді, көктем келді.
Құлпырып гүлге орап көк пен жерді.
Халқымыз салт - дәстүрін аялаған
Арманы асқақтаған көктен бергі
Ән мен күйді шалқытып,
Інжу маржан шашайық
Жиналған халық таң қалсын
Өнерден күмбез жасайық.

ІІ. Үйге қандай тапсырма берілді?
Оқушылар: - М. Дулатовтың «Қош келдің Наурыз» мәтіні.
«Көктем» тобы: «Наурыз – ұлттық мейрам» деген тақырыпқа шығарма жазып
келу.
«Күн» тобы: Еңбек туралы мақал - мәтелдер жинап келу.

ІІІ. Ой қозғау. Жекен Жұмақанов.
Жаңа сабақ.
«Ер еңбекте сыналады» мәтінімен таныстыру.
Жекен Жұмақанов - жазушы, журналист, мұғалім, қоғам қайраткері. 1935ж. 5 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында Абай ауданында Жүрекадыр ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген (1978 ж. дүниеден өткен).
1925 жылдан бастап оқу жолына түсті. 1935 ж. Алматыда Қазақ коммунис -
тік журналистер институтына түсіп, айрықша дипломмен бітірді. «Социалистік Қазақстан» газетінің тілшісі болып қызмет атқарады. Ұлы Отан соғысына қатысып, Армия қатарынан 1964 ж. босап, қайтадан әдеби өмірге араласты. «Әлия», «Мен жұмысшымын», «Қаракөз қарындасым» әңгімелерін жазды.
а) Мәтінді оқу.
б) Сөздік жұмыс.
Сөздер
1 Алқынып
2 Гүжілдеп
3 Кекетіп - мұқата
4 Ойпат
5 Белшеден батқан

Алдында өз тобында талданып, содан соң мұғалімнің көмегімен талданады.
Топпен жұмыс.
«Көктем» тобы: Тақырыпқы байланысты сұрақтарға жауап береді.
1. Мәтін шығарманың қай түріне жатады?
2. Жүк машинасы не деп мақтанды?
3. Көтергіш кран қалай жауап берді?
4. Кран өзінің «несін айтамын, күшімді ісім көрсетсін» деген
сөзін қалайша дәлелдеп береді?
«Күн» тобы: Мәтінмен жұмыс.
1. Мәтіннен жүк машинасының мақтаншақтығын көрсететін сөздерді тауып оқы.
2. Мәтіннен қорытынды ойды көрсетіп тұрған жолдарды тауып оқы.
Топтастыру.
І топ. Ер сынағы – Еңбекте. Ерінбей еңбектену. Адал, шыншыл
болу. Бір - біріне көмектесе білу.
ІІ топ.
жақсы қасиет ------------------ жаман қасиет
мақтанбау, өз ------------------ Мақтану, кекету,
өнері, өз орны, ----------------- мұқату,
салмақты, сабырлы ----------- көреалмаушылық

IV. Дәптермен жұмыс
Оқытушы: - Бүгінгі шығарма не туралы жазылған?
Оқушылар: - Еңбек туралы жазылған.
Оқытушы: - Ендеше еңбек туралы шағын шығарма жазайық.
V. Сабақты қорыту.
- Қандай шығарма оқыдық? Авторы кім?
- Қандай тәрбиелік мәні бар?
- Қай кейіпкердің жақсы қасиеттері ұнады? Неге?
VI. Үйге тапсырма: Мәнерлеп оқып, мазмұнын айту. Мультфильм дайындап келу.
VII. Бағалау.
14 413
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз
Наурыз
Халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеу. Наурыз — қазақ халқының жаңа жыл екенін түсіндіру.
Нәтиже сабақ «Наурыз келді»
Нәтиже сабақ «Наурыз келді»
Тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту, топпен жұмыс істеуге дағдыландыру, ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру.
Ер еңбекте сыналады. Жекен Жұмаханов
Ер еңбекте сыналады. Жекен Жұмаханов
Мәтін мазмұнын түсініп оқу, мәтіндегі негізгі ойды өздігінен ашу; Мәтін кейіпкерлерін өмірдегі адам қасиеттерімен байланыстыру және салыстыру.
Наурыз
Наурыз
Наурыз келді міне нұрын төккен, Келді ғой гүлін алып нұрлы көктем. Наурызда бүкіл әлем құлпырады Таңғы шық мөп - мөлдір боп жылтырады.
Көктем
Көктем
8 - сынып оқушысы Абдраманхан Марат
Армысың, Әз Наурыз!
Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×