Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еліктің лағы

21 ақпан 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 2сынып
Сабақтың тақырыбы: Мамытбек Қалдыбеков «Еліктің лағы»
Мақсаты: Оқушыларға шығарманы жан - жақты талдата отырып, негізгі ойды оқушыларға жеткізу, топпен жұмыс істеу арқылы ауызбіршілікке ынтымақтастыққа тәрбиелеу, жеке өзіндік ойын, пікірін ашық қорғауға дағдыландыру.
Оқыту нәтижесі: Шығарманы жан - жақты зерттеп талдауға, негізгі ойды анықтауға;
Өз бетінше шешім қабылдап, өзіндік ойын, пікірін ашық айтуға дайын болады. І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Кіріспе а) Амандасу.
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау сәніміз.
Сәлем бердік сіздерге,
Басымызды иіп бәріміз.

ә) Топқа бөлу.(Түрлі түсті стикер арқылы)
2. Қызығушылықты ояту
а) Ой қозғау.
- 1 жылда неше мезгіл бар?
- Әр мезгілде неше ай бар?
- Көп ұзамай келе жатқан қай мезгіл?
Жаз мезгілі туралы әңгімелету.

ә) Суретпен жұмыс. 1 - сурет.
Жаз мезгілінде алаңсыз су ішіп жатқан елік суреті.
2 - сурет. Қашып бара жатқан елік суреті.
Сұрақ. - Суреттерден не көріп тұрмыз?
- Еліктердің тыныштық күйін бұзған не болды деп ойлайсыңдар? Еліктер аңшының атқан оғынан үркіп қашуы әбден мүмкін. Аңшылық - қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі. Қазір осы аңшылықтың бір қыры әңгімеленетін «Еліктің лағы» деген мәтінмен танысайық.

2. Мағынаны тану. Жаңа сабақты хабарлау, мақсатын ашу. Шығарманың авторы – Мамытбек Қалдыбеков. Ол балаларға арнап көптеген әңгімелер жазған. Соның бірін оқып көрелік.
а) Мәтін оқылады.
ә) Сөздік жұмыс
Шоқы – тік, биік төбе.
Нысана – көздеп ататын жер.
Қарауыл – күзет.

б) Топтық жұмыс 1 - топ. 1 - бөлім. 2 - топ. 2 - бөлім. 3 - топ. 3 - бөлім.

г) Сергіту сәті.
Отырайық жүрелеп,
Гүлді үзіп алайық.
Орнымыздан түрегеп,
Бұрынғы гүлімізге барайық.

3. Ой толғаныс а) Сұрақ - жауап парағын тарату. (Блум таксаномиясы бойынша)
ә) Суретпен жұмыс жасата отырып, өлең құрату.(Еліктің лағы)
Бойы қандай? - Көзі қандай? - Өзі ше?

4. Өлең құрастыру
.... лағым... бұлағың.
Су іше ғой, қанеки...... тұрамын.
(Үш топ оқушылары өз бөлімдерін түсініп оқып, әр бөлімге ат қояды.)
в) 1, 2, 3 сандары бойынша топқа бөлу. Әр топ өз бөлімдерін басқа топ оқушыларына түсіндіреді. Қайтадан өз топтарына келеді. г) Сергіту сәті. Отырайық жүрелеп, Гүлді үзіп алайық. Орнымыздан түрегеп, Бұрынғы гүлімізге барайық
б) Бағалау. - Бүгінгі сабақта не ұнады, не ұнамады? Сұрақ - жауап парағы бойынша бағалау.
5. Үйге тапсырма. 1. Мәтінді түсініп оқу.
17 336
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мамытбек Қалдыбаев «Еліктің лағы»
Мамытбек Қалдыбаев «Еліктің лағы»
Әңгімені мәнерлеп оқуға дағдыландыру, оның мазмұнын түсіндіру, негізгі идеясын ашу, талдауға үйрету, мәтінмен жұмыс жүргізуге баулу.
Еліктің лағы
Еліктің лағы
Мәтінді шапшаң оқып, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру, ауызша, жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету. Балалардың бойындағы рухани - адамгершілік қасиеттерін дамыту, дүниетанымын кеңейту, имандылыққа тәрбиелеу.
Еліктің лағы М. Қалдыбаев
Еліктің лағы М. Қалдыбаев
Оқушыларға экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Мамытбек Қалдыбаев «Еліктің лағы»
Мамытбек Қалдыбаев «Еліктің лағы»
Аңшылық кәсіп туралы мәлімет беру, елік туралы қысқаша тоқталу. Көркем мәтінмен жұмыс істей білуге үйрету, ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Еліктің лағы
Еліктің лағы
ШҚО, Аягөз қаласы, № 3 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш класс мұғалімі Нысанбаева Венера Кошербаевна
Еліктің лағы
Еліктің лағы
Мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыра отырып табиғат туралы түсінік беру. Оқушылардың ойлау қабілетін, тілін дамыта отырып, танымдық белсенділіктерін арттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×