Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстардың жазғы тіршілігі

21 ақпан 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Құстардың жазғы тіршілігі

Мақсаты: Жаз маусымының өлі табиғатта болған өзгерістердің құстар тіршілігіне жаңа өзгерістер әкелетінін түсіндіру.
Білімділігі: Жаздағы құстар тіршілігінің басты ерекшелігі туралы білім қалыптастыру.
Тәрбиелілігі: Табиғатты, құстарды қорғау, оған қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу
Дамытушылығы: Сөздік қорын, сөйлеу мәнерін дамыту.

Жүрісі: I. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, дайындығын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Аңдардың жазғы тіршілігі деген тақырыпты сұрау. Аңдардың балаларын атату.

III. Жаңа сабақ
Құстардың жазғы тіршілігі
Құстар
Жабайы құстары: Аққу, тоқылдақ, торғай, шымшық.
Үй құстары: тауық, үйрек, қаз, ауысқан, көгершін

Жабайы құстар табиғатта өз алдына тіршілік етеді. Құстардың пайдасы өте көп. Олар табиғаттың байлығы саналатын ағаштар, өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден тазартады. Құстар бір орында тұрмайды. Жабайы құстардың жайылып бара жатқаны қызыл кітапқа енгізді
Құстар
Жыл құстары: Қарлығаш, көкек, бұлбұл, бозторғай, қаз, тырна
Қыстап қалатын құстар: торғай, көгершін, сауысқан, ұзақ, көкшымшақ

YI. Кіріспе әңгіме
1) Құстардың балапандары қашан болды?
Құстардың ерте көктемде ұя салады, сол ұясына жұмыртқа салады. Құс жұмыртқаның үстінде отырып денесінің жылуымен қыздырады. Әр құс әр түрлі мөлшерле жұмыртқа салып балапан шығарады.
Тауық, үйрек, қаз, шағалалардың балапандарының денесі мамық басқан, көздері бірден көретін болып туылады. Олар бірден ата - аналарының артынан жүгіріп, жүзіп, тіпті қорек таба алатын жағдайда болады.
2) Балапандардың тіршілігі жайында не білесіңдер?
Кішкентай балапандардың асқа тәбеттері әрқашан жақсы болады. Сондықтан ата - аналары күні бойы тамақтандырады. Торғайлар тәулігіне 300 - 400 рет, үлкен көкшымшық 350 - 390рет, қызыл тұмсық қарлығаш 500 ретке дейін тамақтандырады. Оларды ата - аналары ұшуға, қорегін табуға үйретеді.

Y. Құстардың қоректенуі.
Құстар немен қоректенеді?
Бунақденелілер, өсімдік, су жәндіктері, тамыры
Құстарға жазда қорек табу өте оңай, ал қыста қорек іздеу өте қиын, қар астынан табады, сондықтан қыста құстарға тамақ беріп көмектесуіміз
және құстарды үнемі қорғауымыз керек.

YI. Оқулықпен жұмыс
1) Мәтінмен таныстыру
2) Мазмұнын түсіндіру
3) Жеке - жеке оқыту
4) Сұрақ - жауап
а) Жазда құстар тіршілігінде қандай өзгерістер болады?
ә) Үй құстары мен жабайы құстар тіршілігін салыстыр.
YII. Шығармашылық тапсырма
Суреттегі құстардың тіршілігі жайында не білесіңдер? Сол туралы әңгімелеп беріңдер.
YIII. Құстар қандай дыбыс шығарады?
Қарқылдайды, құрқылдайды,
шақылдайды, шықылдайды, тоқылдайды
Енді үн таспадан құстардың даусын тыңдап, суретіне қарап танысамыз.
Жапалақ, ұзақ, қарға, тауық, тоқылдақ, бозторғай, көкек

IX. «Енесін табыңдар» ойыны
Берілген құстардың балапандарын тауып сәйкестендіру
X. Жұмбақ шешу
1) Өзі сақ, өзі ұсақ
Шықылықтап тұрмайды
Құйрығы ұзын, өзі ала
Бұл қандай құс? (сауысқан)
2) Орманда жоғары,
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балға ғып,
Тоқ, тоқ соғады. (тоқылдақ)
3) Тал басында,
Түндіксіз отау. (ұя)

XI. Құстар туралы білетін өлеңдерімізді еске түсіреміз.
Оқушылардың білетін өлеңдерін сұрау, еске түсіру.
XII. Сабақты қорытындылау.
Бағалау. Үйге тапсырма.
8 744
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Құстар
Құстар
Құс туралы түсінік беру. Құстар күзде қай жаққа ұшып кетеді? Құстардың түрі өте көп.
Құстардың жазғы тіршілігі
Құстардың жазғы тіршілігі
Тұжырымдау: барлық құстардың ортақ қасиеті - олар ұшады, қонады, қанатты, мамықты, тұмсықты, жұмыртқалайды, балапан басады. Ал айырмашылығына келсек құстардың дене көлемі, пішіні, тұмсығы, түсі, дыбыстары, тіршілік етуі бір - біріне ұқсамайды.
Құстар. Үй құстары
Құстар. Үй құстары
Қанатты жануарлар - құстардың табиғаттағы тіршілігі туралы соның ішінде жабайы құстар мен үй құстары туралы, олардың тіршілігі, дене бітімі, дамып - өсуі туралы түсінік беру.
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: Құстардың қысқы тіршілігі және қыстайтын құстар туралы түсінік беру. Балалардың логикалы ойлауын, тілін, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін дамыту. Құстарды қорғауға, ұясын бұзбауға тәрбиелеу.
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №21 жалпы негізгі білім беретін мектептің мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Иксангалиева Жұмабике Өтегенқызы
Құстар қалай қыстайды
Құстар қалай қыстайды
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Орманова Гүлсайран
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×