Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өсімдікке топырақ керек

23 ақпан 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану 2сынып
Сабақтың тақырыбы: Өсімдікке топырақ керек
Сабақтың мақсаты: Топырақ түрлерімен таныстыру, құнарлылығын сақтау жолдарын үйрету
Міндеттері: Топырақтың не екенін ұқтыру, топырақтың негізгі қасиеттерін ажырату

Күтілетін нәтижелер: Топырақтың не екенін ұқты, топырақтың негізгі қасиеттерін ажыратты
Көрнекіліктері: суреттер, кестелер, интернет материалдары, ыдыстағы су, топырақтар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі. Сәлемдесу
Психологиялық дайындық.
Сыныпты білім ағашынан алма теру арқылы төрт топқа бөлемін.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Өсімдікке су керек тақырыбындағы берілген мәтіннің мазмұнын 2 - 3 оқушыдан сұрау. Талантты дарынды балалардың дайындап келген таныстырылымдарын қорғауға уақыт беру

III.«Бірге ойлаймыз» әдісі бойынша берілген сұрақтар бойынша сәйкестендіру.
1 - топ Өсімдікті неге тірі ағза деп атайды?
Өсімдік тірі ағза: қоректенеді, өседі, қурайды, көбейеді, тыныс алады
2 - топ Өсімдіктің қандай пайдасы бар?
Өсімдік: Сусын, ем, ауа, тағам, жеміс, дәрі, кітап
3 - топ Жапырақтың қызметі қандай?
Жапырақ: Өсімдік бойындағы суды буландырады, ауаны тазартады көмірқышқыл газын сіңіреді, оттегін шығарады, қант, крахмал жасалады, жапырақ арқылы өсімдік тыныс алады
4 - топ Өсімдік қалай көбейеді?
Өсімдіктің көбеюі: тұқымнан, тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс

IY. Жаңа сабақты меңгерту. Өсімдікке топырақ керек. Ол өзіне керек қоректік заттарды топырақтан алады. Сондықтан құнарлы топырағы бар жерде өсімдік көп, әрі тез өседі. Топырақтың құнарлығын адамдар оған тыңайтқыштар қосып жақсартады.
Өсімдікке ауа, жарық, жылу керек.
Өсімдік ауаны тамыр арқылы да жапырағы арқылы да ала береді. Сондықтан топырақты қопсытып отырған дұрыс болады. Тығыз топырақ ауаны нашар өткізеді. Күннің жылуы көктемде жеткілікті бола бастайтындықтан өсімдіктер көктемде өсе бастайды.
Көктем мен жаз өсімдіктің өсуі үшін өте қолайлы мезгілдер.

Y.«Миға шабуыл» әдісі бойынша оқушыларға сұрақтар беремін.
Топырақ деген не?
Топырақ дегеніміз жердің өсімдік өсетін құнарлы, үстіңгі қабаты.
Топырақтың негізгі қасиеттерін ата.
Топырақта неғұрлым шірінді көп болса, соғұрлым ол құнарлы болады және өсімдік жақсы өседі. Топырақтың ең басты қасиеті құнарлылығы.

YI Мәтінмен жұмыс
Өзім оқып мәтіннің мазмұнын түсіндіремін.
Оқушыларға жеке - жеке оқытамын, тізбектеп оқытамын. Электрондық оқулықтан тәжірибе жасалу жолдарын тыңдаймыз
Тәжірибе жасау үшін оқушыларға қауіпсіздік ережесін айтып түсіндіру.
Тәжірибе жасап оқушылар өз көзімен көріп, қолымен жасап түсінеді.
Топырақ түрлерімен таныстыру
Қара топырақ орманды - дала және дала белдемдерінде көп жылдық шөпті өсімдіктер астында, негізінен, ләсті борпылдақ жыныстарда түзілген аса құнарлы топырақ. Қ. т. қабаты қалың (20 – 40 см), оның құрамындағы қарашірік 4 – 12%, кейде одан да көп болады.
Сор топырақ орманды дала, шөлейт және шөлді аймақтардағы құрғақ климат жағдайында топырақтың тұздануы нәтижесінде қалыптасады. Құрамында суға тез еритін тұздар көлемі көп болады.
Тұздың топыраққа жиналуы мен жиналу жағдайлары, сортаңданған топырақ қалыптасуы, тұздардың ыза және топырақ құраушы жыныстар тұздылығы мен тұздардың топырақ кескінінде шоғырлануына байланысты. Тұздар негізінен тау жыныстары бұзылуы нәтижесінде ерімтал күйінде пайда болады. Көптеген тұздар жанартау шөгінділерінде пайда болады.

YII.«Ойлан бірік талқыла» әдісі бойынша топтық жұмыс.
1 - топ Топырақ неліктен бұзылады?
2 – топ Топырақты қорғау үшін не істеу керек?
3 – топ Топырақтың құрамына нелер жатады?
4 – топ Топырақтың түрлерін білеміз бе?

YIII.«Құм, тас, су» ойынын ойнау
Ойынның шарты: Басы «құм»дегенде әр жерде оқушылар шашыраңқы болып отырады, «тас» дегенде өз қолымен мүсін жасап қатып қалады, «су» дегенде толқын болып қозғалады.

IX.«Даналық қоржыны» әдісі
Оқушылар өздері сұрақ дайындап сол сұрақтарын «Даналық қоржынға» салады,. сол сұрақтарды оқушылар суырып жауап береді

X. Бағалау. Бағалау бетшесі арқылы оқушылар өзін - өзі бағалайды.
Сабақ қорытындыланып, үйге тапсырма беріледі
13 334
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Топырақтану туралы ұғым. Топырақ өңдеу. Тыңайтқыштар. (теория)
Топырақтану туралы ұғым. Топырақ өңдеу. Тыңайтқыштар. (теория)
Топырақты қорғау жұмыстарымен адамдардың шаруашылық қызметін топырақтың құнарсыздануы, одан сақтау жолдары мен өңдеу шаралары туралы түсіндіру.
Жер қыртысының топырақ қабаты. Таулы жер өсімдіктері мен жануарларын қорғау
Жер қыртысының топырақ қабаты. Таулы жер өсімдіктері мен жануарларын қорғау
Оқушыларға топырақтың ерекшелігі туралы түсінік беру, топырақ пайдасы жайлы түсіндіру. Өткен сабақтар бойынша білімдерін арттыру жұмыстарын жүргізу, тілін дамыту, ойын еркін жеткізуге баулу
Топырақтар
Топырақтар
Топырақтың құрылымын жіктей алады; Топырақтың тірі ағзалар үшін маңызына мысал келтіріп, тұжырымдай алады;
Топырақ. Топырақты қорғау
Топырақ. Топырақты қорғау
Оқушыларға топырақ туралы түсінік беру Топырақтың табиғат пен адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру.
Өсімдікке су және топырақ керек
Өсімдікке су және топырақ керек
Жапырақ: Өсімдік бойындағы суды буландырады, ауаны тазартады көмірқышқыл газын сіңіреді, оттегін шығарады, қант, крахмал жасалады, жапырақ арқылы өсімдік тыныс алады.
Қазақстандағы топырақ типтері
Қазақстандағы топырақ типтері
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің география пәні мұғалімі Кенжебаева Қаламқас
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×