Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы

23 ақпан 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Топтамадағы сабақтар тізімі:
1. Кәрім Сауғабаев «Нан туралы өлең»
2. С.Сарғасқаев "Шыбық"
3. Ара мен Шыбын
4. Әбіш Кекілбай «Тасбақаның шөбі»


Тақырыбы: Ара мен Шыбын
Мақсаты: Мысалды талдай отырып идеялық мазмұнын ашу, туындының тілдік көркемдігін жеткізу.
Міндеттері: Ой пікірлерін ортаға салу, іздендіру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін, актерлік шеберліктерін арттыру;
Оқушыларды адам бойындағы жақсы жаман қасиеттерді ажырата білуге, өмірге қажетін таңдай алуға тәрбиелеу.
Ресурстар: плакат, маркер, қима қағаздар, кестелер, карточка, оқулық.
Стратегиялар: «Миға шабуыл», «Кластер», «Блум жүйесі»

Барысы:
1. Психологиялық ахуал.
2. Қызығушылықты ояту
Жануарлар, құстар, жәндіктердің аты жазылған қима қағаздар арқылы «Жануарлар», «Құстар», «Жәндіктер» деп жазылған топтарға барып отырады.
3. Топ ұстанымын еске түсіру.
4. Бағалау туралы оқушыларға түсіндіру.
- Балалар, бүгінгі сабағымыз « Блум жүйесі» арқылы өтеді. БІЛУ - ТҮСІНУ - ҚОЛДАНУ - АНАЛИЗ - СИНТЕЗ - БАҒАЛАУ.
5. Білу сатысы. Құзыреттілік технологиясы бойынша үй тапсырмасын сұрау.
- Сахналық көрініс түрінде көрсету,
- Берілген ойды толықтырып жазып, мысалдың мазмұнын еске түсіру.
- Топтастыру сызбасын пайдаланып кейіпкерлердің іс - әрекетіне мінездеме бер.

Кейіпкер:
Кейіпкерлердің іс - әрекеті:
Мен кейіпкердің орнында болсам.......
- Аққу, Шортан, Шаян мінездес адамдар өмірде кездесе ме?
- Ал өздерінің бойларыңда кездесе ме? Кездессе Абай атамыз айтқандай өз - өзімізден есеп алу арқылы оны жоюымыз керек.
6. Түсіну сатысы. Жаңа сабақ. «Кластер» әдісі.
- Адам бойында тағы қандай қасиеттер бар?
- Бүгін адам бойындағы қасиеттерді сипаттайтын « Ара мен Шыбын» мысалымен танысамыз.
- Оқушылар сабақтың мақсатын қояды.
7. « Миға шабуыл» стратегиясы.
1 - топ – Ара, шыбын туралы не білесіңдер?
2 - топ – Қонақ күту, Қонақжайлық дегенді қалай түсінесіңдер?
3 - топ – О. Әубәкіров өмірі, шығармалары.
8. Оқулықпен жұмыс.
- Рөлдерге бөліп оқыту
- Сұрақ – жауап
- Шыбын араға не деді?
- Ара оған неге бірден келісе салмады?
- Шыбынның қонақты дұрыстап күткісі келмей тұрғанын оның қай сөздерінен байқауға болады?
- Егер сен араның орнында болсаң, не істер едің?
- Мысалда адамдардың қандай қылығы сыналады?
- Осындай адамдар өмірде кездесе ме?

9. Қолдану сатысы. Шыбын мен Араның әрекетіне баға бере отырып, олардың қандай екенін кесте бойынша сипаттап жаз.
О. Әубәкіров туралы не білесің?
Шыбын (қандай?)
Ара ( қандай?)
10. Анализ сатысы.
Тақырыбы: Ара мен Шыбын
Авторы: О. Әубәкіров
Жанры: мысал
Кейіпкерлері: Ара, Шыбын
Негізгі идея: Ара сияқты еңбекқор, қонақжай, талапты, адал болу
Қорытынды: Жалқаулықтан, еріншектіктен, жаман қасиеттерден аулақ болу
11. Синтез сатысы. Ситуациялық жағдайлар. Әр топ ситуациялық жағдайларды топта талқылап, ортақ шешімін тауып қорғайды.
Пікірталас
Ара мен Шыбынның іс - әрекеті дұрыс және дұрыс емес деген пікірде пікір таластыру.
12. Бағалау сатысы. Рефлексия. Мысалдан қандай ойды аңғардыңдар, қандай қорытынды түйдіңдер?
Оқушылардың алдарына берілген критерий бойынша топтар бір – бірін бағалайды.
13. Үй тапсырмасы.
Мысалды жан - жақты талдау, мысалдың ұнаған жерінен үзінді алып жаттап келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
19 880
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
4 санына көбейту және бөлу кестесін құрастыру
4 санына көбейту және бөлу кестесін құрастыру
Сабақтың тақырыбы: 4 санына көбейту және бөлу кестесін құрастыру.
Әбіш Кекілбаев. Тасбақаның шөбі
Әбіш Кекілбаев. Тасбақаның шөбі
Әбіш Кекілбаев «Тасбақаның шөбі» атты үзінді әңгімесімен таныса отырып, мәтіндегі түйінді ойды ашуға мүмкіндік тудыру.
Қазақ тілінен сабақ топтамасы
Қазақ тілінен сабақ топтамасы
СҚО, Петропавл қаласы, «№42 орта мектеп» КММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аманжолова Тана Тастанқызы
Дауысты және дауыссыз дыбыстар
Дауысты және дауыссыз дыбыстар
Петропавл қаласы, «№ 42 орта мектеп» КММ. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аманжолова Т. Т.
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Қарағанды қаласы, Әлихан Бөкейхан атындағы №76 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Гүлбаршын Қырықбаевна
Әбіш Кекілбаев "Тасбақаның шөбі"
Әбіш Кекілбаев "Тасбақаның шөбі"
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі; Шопанбекова Ғазиза Жөкенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×