Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сұраулы сөйлем

02 наурыз 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Сұраулы сөйлем
Мақсаты: Сұраулы сөйлем туралы білімдерін толықтыру
Міндеті:
1Сұраулы сөйлемдерді айыра білуге жаттығуларды орындату арқылы машықтандыру.
2. Өз бетінше жұмыс жасауға баулу.
3Сөйлеу қабілеттерін дамыту
4. Оқу әрекетімен шұғылдануы арқылы теориялық ойлау қабілеттерін арттыру

Көрнекіліктер: тірек - сызба, суреттер.
Сабақтың жоспары мен барысы
Психологиялық дайындық
Сәтті болсын талабың
Қайда кітап, қаламың
Дайын болсаң жас ұлан!
Күлімдеп қара сен маған.
- Балалар, алдағы орындалар тапсырмалар, атқарылатын іс - әрекеттердің барлығы көтеріңкі көңіл күймен, бар ықылас - ынтамен орындаймыз деп ойлаймын. Ендеше, сендер үшін бірінші тапсырма бұл қолдарыңдағы тапсырманы оқу арқылы топқа бөлінеміз.
Қар тобы Күн тобы
(балалар бір - біріне тілек айтады)
Үй тапсырмасын тексеру
223 - жаттығу.
Бұлттар неге ауады?
Жаңбыр неге жауады?
Шағыл неге көшеді?
Оқулықпен жұмыс
236 - жаттығу.
А) жаттығудың берілгенін оқыту.
ә) Сұраулы сөйлемнің жасалу жолын қайталау.
- ма,- ме,- па,- пе -,- ба,- бе сұрау есімдіктері
- кім, не, қайда, қашан деген сұрау есімдіктері
Ой қозғау
Келесі тапсырма не туралы болатынын білгілерің келе ме? Ендеше келесі тапсырманы таңдайық.
Қабат - қабат қаттама,
Ақылын болса аттама.(кітап)
- Жақсы кітаптардың мекені қай жер деп ойлайсыңдар?
Оны білу үшін тақтаға назар аударайық.
(тақтадан ребусты шешу. Кітапхана деген сөзге мәтін құрау)

Жаңа сабақ
Тақтамен жұмыс
238 - жаттығу.
1, 2сөйлемді бірінші топ орындайды.
3, 4сөйлемді екінші топ жазады.
(ережені тақтада көрсету арқылы қорытындылау)
Шығармашылық тапсырма.
239 - жаттығу.
Адасқан әріптердің орындарын дұрыс қойсаңдар бір сөз шығады.
(тақтадан суреттері көрсетіледі).
Қамқорлық
Қамқорлық дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқушылар ойын тыңдау.

Қатесін тап.
1 - топ 2 - топ
Сен кітап оқыдың ба. Біреуге жамандық жаса ма?
Оқушы ережесін бұз ба? Күн суытты ма.

Қорытынды
Сонымен біз сендермен қандай үлкен тақырыппен таныстық?
Сөйлем
Сызбаны оқушылар толтырады.
Үйге тапсырма.
Үйде сызбадағы мәліметтерді пайдаланып отырып мәтін құрау.
Бағалау
10 958
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем туралы білімдерін толықтыру, тиянақтау. Өз бетінше жұмыс жасауға баулу, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем
«Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Смадиярова Мадина Нұржігітқызы
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем
Атырау облысы, Атырау қаласы №34 лингвистикалық мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жоламанова Райса Жоламанқызы
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, М. Жұмабаев атындағы орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Турсынбекова Халида Хамитовна
Сөйлем
Сөйлем
Атырау қаласы Ы. Алтынсарин атындағы №11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Құбиева Зауреш Паңгерейқызы
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем
Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы О.А.Жаутіков атындағы №1 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алимжанова Ақерке Сагатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×