Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қосындыдан санды азайту

02 наурыз 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қосындыдан санды азайту тәсілі.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Қосындыдан санды азайту тәсілдерін оқушыларға меңгерту. Есепті үш түрлі тәсілмен шығарудың жолын үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ауызша, жазбаша есептеу арқылы өз бетінше ізденушілігін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тапқырлыққа,
білімпаз болуға, ақыл – ой белсенділігін арттыруға тәрбиелеу.
Сабақ типі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың әдісі: Интерактивті әдіс, СТО технологиялары
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Біздер тату баламыз,
Өсіп алға барамыз.
Есептерді шығарып,
Біз білімді боламыз.
ІІ. Қазақ халқының ел арасына тараған ақыл – ой, білім туралы айтылған мақал – мәтелдеріне сүйене отырып, бүгінгі сабағымыздың ұраны: «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» дегендей алған білімдерімізді ортаға салайық.
ІІІ. Ой қозғау: «Сандарды тиісті үйіне орналастырайық» ойынымен бастайық
.....................................
ІV. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Қосындыдан санды азайту тәсілі»
1. Жаңа сабақтың ой ашары: «Білім – алып күш, біле білу де зор күш»
2. Мағынаны тану үшін интерактивті тақтаға назар салайық. Қосындыдан санды қандай тәсілдермен азайтуға болады?

1 – тәсілде: Жоғарыда 6 көбелек, төменде 4 көбелек қонып отыр. Барлық көбелектер санын білу үшін (6+4) қосамыз. 10 көбелек болды. Оның 3 – еуі ұшып кетті.\Яғни
(6+4) – 3= 7. Бұл – қосындыдан санды азайту тәсілі.
2 – тәсілде: 6 көбелектің 3 – еуі ұшып кетті, яғни (6 – 3 ). Оған төмендегі 4 көбелекті қосамыз.(6 – 3) + 4= 7
3 – тәсілде: төменде қонып отырған 4 көбелектің 3 – еуі ұшып кетті, яғни ( 4 – 3). Оған жоғарыдағы 6 көбелекті қосамыз. Сонда (4 – 3) + 6= 7 болады.
Енді есебімізді ары қарай «Алтын қақпа» ойыны түрінде өткіземіз. Алтын қақпаға ену үшін тапсырмаларды орындауымыз керек.
1 – ші қақпа: «Темір қақпа». Оны ашу үшін қақпа ауласында өсіп тұрған гүлдерге байланысты № 2 есепті шығаруымыз тиіс.
Аулада 8 ақ және 7 қызыл раушангүл өсіп тұр. Гүлшоғын құрастыру үшін 5 раушангүл қиып алынды. Аулада неше раушангүл қалды?
Есепті әр түрлі тәсілмен шығару.
1 – тәсіл: Гүлдердің барлығы қанша қанша екенін білеміз. Яғни (8+7). Гүл шоғые құрастыру үшін 5 гүл қиып алынды. Яғни қосындыдан санды азайтамыз. (8+7) – 5 =10
2 – тәсіл:(8 – 5) + 7=10 8ақ гүлдің 5 – еуін қиып алып оған 7 гүлді қосқанда 10 гүл боады.
3 – тәсіл:(7 – 5) + 8=10 7қызыл гүлдің 5 – еуін қиып алып, оған 8 қызыл гүлді қосқанда 10 гүл болады.
2 – қақпа: Мыс қақпа ену үшін № 3 есепті әр түрлі тәсілмен табамыз.
Күріш – 60 қап
Кеспе – 40 қап
Жөнелтілді – 30 қап
Қалды -?
1) Барлығы қанша қап бар екенін білуіміз керек.(60+40) қосындысынан санды азайтамыз. Сонда (60 + 40) - 30 =70
2), 3) тәсілдерін оқушылар өз бетінше орындайды.
3 – қақпа: «Күміс қақпа» № 4 Тиімді тәсілмен табу.
30+(5 + 65) (8+2) +70 8 + (80+2) 4 + (44 + 6)
4 – қақпа: «Алтын қақпа». Алтын қақпаны сабаққа өте жақсы қатысқан оқушы ашады. Алтын қақпадан «білім – байлық» деген сөз шықты. Бар байлыққа білімнің негізінде қол жеткіземіз. Сондықтан білімді болайық.
IV. Бағалау
V. Үйге тапсырма
VI. Қорытындылау
7 309
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
26+7 және 33 - 7 жағдайларындағы қосу және азайту.
26+7 және 33 - 7 жағдайларындағы қосу және азайту.
Бөлшектеп қосу және азайту тәсілдерін көрнекілікке сүйене отырып енгізу; сол тәсілдерді қолдану үлгісін көрсету; Есептеулер жүргізудің сәйкес тәсілін өрнекілікке сүйене отырып енгізу, оны қолданудың үлгісін көрсету.
Екі таңбалы сандарды қосу және азайту
Екі таңбалы сандарды қосу және азайту
Екі таңбалы санды екі таңбалы санға қосу және азайту жағдайындағы білімдерін кеңейту. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, есеп шығаруға деген қабілеттерін дамыту;
Қосындыдан санды азайту тәсілі
Қосындыдан санды азайту тәсілі
Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Майшұқыр негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Туребекова Айгерім Маратқызы
Жүрістерді есептеу жолдары
Жүрістерді есептеу жолдары
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Оқушылар үйінің үйірме жетекшісі Жаханова Рада Молдабекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×