Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ауа райы. Климат

02 наурыз 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Мақсаты: а) Оқушыларға ауа - райы туралы мағлұмат беру. Ауа - райы мен климатты айыра білуге үйрету.
Ә) ойлай білуге, білгенінің дамытуға жетілдіру.
Б) табиғатты қорғай білуге, оны күте білуге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу.
Түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: Кеспе қағаздар, жарты шарлар картасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
- жақсы оқу керек.
- бір - бірімізбен дос болайық
- ауырмау керек
- әрқашан жақсылық болсын
- жоғары дәрежеде білім алу
- ата - анам, ұстаздарым, бәріміз аман болайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Кәне балалар «ауа қабығы» тақырыбын мәнерлеп оқып жіберейік.
- Мәнерлеп оқыту. Аяжан.
- Түсінік сұрау. Лаура. Алтынбек. Әсем
- Баспа беттерінен шолу. Мерует.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекітуге сұрақтар.
Кеспемен жұмыс.
10 50 60
40 20 30
1. Ауаның түсі қандай? түссіз, мөлдір.
2. Сені қоршап, бүкіл тіршілікке жағдай жасайтын не? ауа.
3. Ауаның қасиеті. Серпіледі, сығылады
4. Ауадай қажет дегенді қалай түсінесің?
5. Ауа мен тіршілік иелері арасында қандай байланыс
6. Метеориттер деген не?

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.
Кеспе қағаздары бойынша жаңа сабақтың тақырыбын ашып алу.
а) кіріспе сөз.
Ә) ауа - райына тоқталу.
Б) метеорологиялық станция
В) климат
Г) картамен жұмыс.
Ауа - райы дегеніміз - белгілі бір жердегі тәулік ішінде болатын атмосфераның төменгі қабатының жағдайы.
Климат дегеніміз белгілі бір аймақтағы ұзақ жылдар бойы қайталанатын атмосфераның төменгі қабатының тұрақты жағдайы немесе ауа - райының белгілі бір аумақтағы көп жылдық режимі.

V. Сабақты бекіту.
1. Ауа - райы деген не?
2. ауа - райын бақылау үшін не қажет?
3. неге бақылайды?
4. ауа - райының қандай құбылыстарын білеміз?
VІІ. Үйге тапсырма.
Ауа - райы. Климат. Оқып, түсінік айту.
VІІІ. Бағалау
16 714
0
  • 40
1 дауыс


Жаңалықтар
Ауаның құрамы. Ауа қабығы. Ауа райын болжау
Ауаның құрамы. Ауа қабығы. Ауа райын болжау
Ауаның құрамы, қабығы туралы түсінік беру. Ауаның сезінуге болатындығын дәлелдей отырып, жер бетін ауа қоршағанын, тірі табиғат үшін пайдасын ашу, тәжірибе жасау арқылы көз жеткізу.
Ауа – Жердің қорғаны. Ауаны қорғау
Ауа – Жердің қорғаны. Ауаны қорғау
Ауа туралы түсінік қалыптастыру. Оқушыларды ауаның құрамы және қасиеттерімен таныстыру. Табиғат пен адам үшін ауа қандай рөл атқаратынын таныстыру.
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Қашаған Құржыманұлы атындағы № 8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шегербаева Роза Лесқызы
Ауаның құрамы. Ауа қабығы
Ауаның құрамы. Ауа қабығы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қартбаева Ақсырға
Су. Судың қасиеттері
Су. Судың қасиеттері
Атырау облысы, Атырау қаласы, Бірлік селосы, Боран Нысанбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Есенова Бақытгүл Қалыбайқызы
Ауа райы. Климат
Ауа райы. Климат
Адам өміріне ең қажетті ауа дедік. Сондай – ақ ауа физикалық дене. Сондықтан ол құбылыста болып отырады .Сол себепті оны арнайы мамандар күнделікті алдын ала бақылап зерттеп отыратын орталық бар.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×